Аннотация. В данной статье рассматривается подготовка профили учеников 12 летнего образования.
Annotation. This article explains how to prepare profiles of students 12 years of education.
ӘОЖ: 37.14.07
Ш. 33
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Шаханова Э.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.
Ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласындағы оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологиялардың көптеген түрлерін алып келді және білім ордаларында ақпараттық технологияларды қолдану жолдары туралы жиі айтылуда.Ақпараттық технологияларды әрбір сабақта колдану бізге әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарымыздың қызықты болып өтуіне көмектеседі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты, әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - екендігі жастарға білім беруші біздер үшін түсінікті мәселе. Олай болса, жас ұрпақты салмақты ойлауға тәрбиелейтін, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыра алатын, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажеттілікке айналуда, сондықтан ғылым мен техниканың жылдан-жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты ақпараттық технологияларды үздіксіз қолдануымыз керек.
Қазіргі кезде кез-келген білім ордаларында мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқыту үшін пайдаланады.
Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:
1.Барлық студенттердің зейінін белсендендіреді;
2.Студенттердің оқу үдерісіндегі және оқу үдерісінен тыс жұмыстарын байланыстырады;
3. Олардың оқу уақытын үнемдейді;
4.Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматиқалық, фонетикалық материаларды көрнекті жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
5.Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.
Оқу үрдісінде көптеген электрондық ресурстарды, мультимедиялық бағдаламаларды, Ғаламтордан алынған материалдарды, интерактивті тестілерді, бағдарламаларды пайдаланамын,сондай-ақ, сабаққа қатысты көптеген акпараттарды табамыз, атап өтер болсам,өз елімізде, басқа елдерде болып жатқан оқиғаларды, әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б. Осылайша, өзге ұлт өкілдеріне тіл үйретуде олардың ақпараттык құзыреттіліктері маңызды орын алады, яғни, керекті ақпаратты тауып, оның мазмұнын беру біліктіліктерінің жоғары болуына жағдай жасайды. Кез-келген пәнге деген студенттердің қызығушылығын қалыптастыруда қиындықтар болады.Сонымен қатар, ғаламторды пайдалану әрбір ұстаздың күнделікті жұмысында, т.б. жаңа технологияларды танып, өз біліктілігін көтеруде әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияларды колдану- бізге әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдап, сабақтарымыздың қызықты болып өтуіне көмектеседі. Ақпараттық технологияларды қолдану оқыту үдерісін өзгертіп, студенттердің жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Ақпараттық құралдардың ішінде электронды оқулықтардың ролі ерекше. Электронды жолмен тіл үйрету - студенттерге өздігінен білім алуға,алған білімдерінің тиянақтылығын арттыруға жол ашады.
Электронды оқулықпен жұмыс кезінде студенттердің ақыл-ой қызметі, мүмкіндіктерін талдау және өңдеу арқылы танымдық қызметін басқару үрдісі жүріп жатады. Оқытудың мұндай ақпаратты әдістері, студенттерді сабақтың басты мәселелеріне назар аударуларына мүмкіндік жасайды.Біз«Тілді үйретпейді, тілге үйрену керек» деген қағиданы басшылыққа алуымыз керек.
Ақпараттық технология оқытудың жаңа түрлерін, амалдарын пайдалана отырып,белгілі бір уақытта жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.Ақпараттық компьютерлік технологиялар колдану арқылы сабақтарда біз студенттердің оқу дағдыларын дамытамыз.
Қазір электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдалану арқылы монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым,тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрлерін қамтитын жұмыстарды жүргізуге болады. Осы жұмыстар арқылы тіл үйренуші өтілген материалдар негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуға және толық хабар жасап, үйренуі керек.[Ә.Бакиева, Ф.Байбатанова.Мемлекеттік тілді оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану\\ Қазақ тілі мен әдебиеті, 2013, №8, 24-б.]. Электрондық оқулықты университетте қолдану- студенттердің жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік береді.[Г.Рысбаева.»Электрондық оқулықтардың қажеттілігі»\\ Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,2004,№12,28-б.].
Ақпараттык технологияларды қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын жоғарылатады, басқа тілді үйренуде психологиялық кедергілерден өтуге көмектеседі.
Өзге ұлт өкілдеріне мәтіндік тапсырмалар ақпараттық технология арқылы жүйелі түрде беріледі. Бағдарламаға сай тақырыптардың сабақтас болуы міндетті түрде қарастырылған. Қазақ тілін оқытуда мәтіндік талдау грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, өзге тілді студенттердің бір-бірімен пікір алысуына мүмкіндік жасайды. Мәтіндік тапсырмалар мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, синтаксистік және пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан – салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, тиістісін қою болып бөлінеді.
Мәтіндік ақпарат технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар жатады:
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру;
қоғамның жеке тұлғасын дайындау;
берілетін оқу материалының көлемін студент меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
студент бойында іскерлікті, шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Тілді еркін меңгеріп шығуы үшін жаңартылған теориялық-методологиялық негізде және тұлғаға бағытталған жаңа инновациялық технология мен ақпараттық әдістері пайдалану арқылы тіл үйренушілердің шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше тіл үйренуге көмектеседі. Оларға тілді үйреніп, қызығушылықтарын арттыру үшін жоғарыда айтылған мәселелерді қолданып отыруымыз қажет.
Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әрбір сабағымыздың ұтымды және қызықты өтуіне көмектеседі. Бұрынғы дәстүрлі әдістерді осы сияқты түрлі ақпараттық технологиялармен толықтыра отырып,тіл үйренушілердің лингвистикалық қабілеттерін арттыратындығымыз сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері. А., 2008
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., Народное образование, 1998.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №8,20-26б, 2013ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, №12, 28-б, 2004ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №5,18-б, 2004ж.
Аннотация. В статье представлен обзорный анализ интервальных методов обучения казахскому языку для русскоязычной аудитории. Автор доказывает эффективность использования на занятиях электронных обучающих ресурсов.
Annotation. A thorough analysis of interactive methods of teaching Kazakh Language for Russian Language groups is presented in this article.
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ, ДЕФЕКТОЛОГИЯ
802 В40
MAIN PROBLEMS OF SPECIALIZED EDUCATION OF CHEMISTRY IN SCHOOLS
Butinchiyeva T.S.
Taraz state pedagogical institute, Taraz city.
Idea of specialized education in high-school is increasing attention of school administration and teachers day by day. Some schools which study lessons in depth seems ready for such kind of changes. In process of teaching future teachers in colleges aims, obligations and topicality of specialized education in school must be researched and explained to students.
Obligation of article: Modernization of school education in 12 years study education system is one of the main problems in realization of specialized education. Main problem in realization of this education demands training of specialists and content cultivation of subject books.
In our days, final-year school students think that they must pass extra specialized preparation in order to continue their education in universities. In centers for general education unconventional preparation of high-school students alienate school and university relations. Because final-year school students to enter university go to extra lessons, paid courses and etc. Realization of specialized education is important as final-year school students in order to enter their wanted profession and university they must choose relevant subject with their profession. In our days, old education system is disadvantageously, because for students to study all subjects in depth is difficult. If final-year student wants to change his future educational direction, general basic preparation must be continued. For this curriculum can be unreviewed.
In specialized education curriculum must be thoroughly changed. It consists: general curriculum, several common subjects (for example, kazakh language, literature, foreign language, history, etc. ), chapters of specialized subjects and elective subjects for their own choice. In specialized education number of hours of selected subjects will be more than previous schools as subject is studied in depth. According to old system in one hour divided by ministry of education chemistry life can’t be explained totally. If basic standard of higher education will be repeated as main secondary education standard, requirement for final-year school students can not be developed. Therefore, at second part of 12 years study (5-10 grades) study principles and theoretical basis of general chemistry (organic and inorganic chemistry), at third part (11-12 grades) as aim of studying specialized subject in depth, will be better to study subject in use in everyday life (industry, agriculture, medicine and etc.) . In this case, aims and obligations of selected subjects from chemistry will be different.
To enter idea of specialized education in schools is effective and profitable, but some problems interfere to develop concept of offered specialized education.
First problem is failure of methodical instructions. Curriculum, methodical instructions, study guides of general studied subjects is enough, but curriculum, study guide of selected subjects not enough. As it is impossible to prepare school guides in secondary schools, in pedagogical colleges was paid attention for these problems and organizational work is realizing. Curriculum and syllabus of selected subjects are remade. According that curriculum to perform laboratory works methodical instructions, compilation of lectures, tests, examination questions are preparing. In the universities, in process of teaching students selected subjects aims and obligations, sphere of their use, utility, topicality and etc. are shown. If specialized education in universities enter to schools, final-year school students will get quality education. All we know that 9th grade students’ preparation for selecting subject for their own is in lower level. Now majority of high-school students (more than 70%) know basis of general required subjects and want to study selected subjects which are related with their future profession in depth. In other words, in specialized education in high-school final-year school students’ purpose of life is matched with curriculum. According to social researches , 70-75% of any 15-16 year old student define future profession, some of them after 9th grade enter specialized colleges, others decide to continue their education in university.
Second problem is inadequacy of teachers who teach elective subjects to enter specialized education, it means specialist subject teachers are not ready to teach selected subjects. Therefore, pedagogue and school administration must organize training courses for pedagogue cadre . In seminar of training pedagogue cadre problems below must be taken into consideration:
method of pedagogue’s action in specialized education;
to enter pedagogical projects to study content in specialized education and specialized training;
to prepare author’s curriculum according to specialized education;
to prepare curriculum of special courses according to specialized training;
Therefore, in process of training modern, new format teacher in pedagogical universities using credit technology system, according to program of specialized education selected subjects below are studied: “Computer chemistry”, “Specialized subjects of chemistry in 12years study ”, “Research works from chemistry in professional school”, “Quantum chemistry”, “Chemistry of rare metals”, ‘Chemistry of complex compounds ”, “Chemistry of plastic materials”, “Chemistry of soil”, “Basis of research works from chemistry”, “Nucleus chemistry”, “Electrochemistry”, “History of chemistry”, “Chemistry of minerals”, “Chemistry of building materials”, “Chemical ecology”, “Chemistry of high-molecular compounds”, “Chemical technology”, “Chemistry of petroleum”, “Chemistry of food products”, “Chemistry of water”, “Chemistry of biogenic elements”, and etc.
References:
www.mmc.berdsk-edu.ru
www.Хumuk.ru
www.openclass.ru
www.chemedu.ru
www.1september.ru
www.Chemical Region.ru
Аннотация. Мектепте де бейінді оқытудың негізгі мәселелері қарастырылған. Ол мәселелерді әдістемелік нұсқаулықтың жеткіліксіздігі, оқытатын мамандардың Жеткіліксіздігі, элективті пәндерді оқытатын мамандардың аздығы және педагог кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру керек екендігі.
Аннотация. В данный статье говопрится о профильной обучении. Среди них: нехватка метидоческих пособий, недостаток профессиональных кадров, пропадающих элективные курсы, необходимость организации курсы повышения квалификации для педагогов.
37.037
А14
ҚОҒАМДАҒЫ САЛАУАТТЫЛЫҚ , ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІМЕН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Абдикулов М., Нартбаев Т., Абдыхайранов У.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажет.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, студенттердің дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Осы айтылған теориялық жұмыстардың құндылығы мынада: болашақ дене шынықтыру оқытушыларының «Телекоммуникация желісі көмегімен дене шынықтыру пәнінің негіздері» курсын оқытудың қажеттілігі негізделіп телекоммуникация желілерін оқыту үрдісіндегі ерешекшіліктері айқындалды. Дене шынықтыру пәнінің тәжірибелік мәні курсының бағдарламасы курстың мазмуны, педагогикалық және бағдарламалық құралдары: оқу әдістемелік материалдары, тапсырмалар жүйесі дайындалды. Құрастырылған әдістемені студенттерге практикалық білім беруде қолдана отырып телекоммуникация желілері негіздерін жеке іс-әрекеттік жолдарымен игеруде, жетілдіруде қолдануға болады. Әрі қарай студенттерге білім беру қосымша мазмұндық және технологиялық құралдары іске қоса отырып, өз мүмкіндігін кеңейтуге, телекоммуникация желілері арқылы оқыту әдістемелік жүйенің қосымша жолдарын кеңейтуді іске асыруға мүмкіндік береді. Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға
білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық)
міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу
материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы
білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің
де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында
оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның
психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын
пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту;
релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат
мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Особенности физического развития и двигательной дееспособности учащихся. //Вестник. № 3. – Каракалпакстан, 2001. - С. 114-115.
Мектеп оқушыларының дене құрылысының түрлерін үйрету мәселелері. //Қарақалпақстан мұғалімі. № 1,2. - Нүкіс, 2001. – Б. 57-60.
Характеристика структуры двигательной дееспособности учащихся. Вестник. №3,4 - Каракалпакстан, 2003. – С. 162-163.
Жоғары сынып оқушыларының жеңіл атлетика бойынша іс-әрекет қабілетін күшейту әдістері. //Педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал. № 3. – Ташкент, 2003. – Б. 77-78.
Особенности физического развития детей среднего школьного возраста. //Бастауыш мектеп. № 8. –Алматы, 2004. – С. 25-28.
Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33.
Аннотация. В статье полностью рассматривается о упорядоченности повышения способности защиты организма и привычки приносящий вред для организма.
Annotation. Fully considered in the article about ordering enhance the ability of the organism and protection habits bringing harm to the body.
Достарыңызбен бөлісу: |