Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет38/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
тасбақа, құрбақа, көлбақа, 
т.б. сөздердің бір заттың атауы 
екендігі де, бір ғана мағынаны білдіретіндігі де рас. Сондай-ақ 
сүйір тұмсық 
көл бақа, қызыл аяқ бақа, бақылдауық бақа 
дегендер де бір ғана заттың 
(бақаның белгілі бір түрінің) атауы бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес 
құрама сөздер бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма? Мысалы, 
ит қонақ 
(тимофеевка), 
ат қонақ
(бор, могар), 
сор қонақ
(поташник), 
май қонақ
(верблюдка) т.б. сөздер бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана заттың
(өсімдіктің) атауы болып жұмсалады. Алайда
қара өрік – слива, тікенді 
ошаған – репейничек, құм тары – росичка, түйме шетен – пижма, сары 
тұңғиық – кубышка, қара ырғай – кизильник, бал шытыр – медуница, бөрі –
лобия, майлы бұршақ, кептер бұршақ т.б. 
дегендер де бір ғана заттың 
атауы, сыңарлары бірге таңбалана ма, әлде бір-бірінен бөлек таңбалана ма?
Мұндай сұрауға үзілді-кесілді жауап беру қиын. Дегенмен құрама 
сөздердің жазылуын сөз етпес бұрын, алдымен олардың өздеріне тән 
белгілері мен ерекшеліктеріне назар аудару қажет тәрізді. Құрама сөздер – 
жалпы тіл білімінің де, жеке тіл білімінің де (ағылшын, орыс) аса бір қиын
саласы.
Өйткені құрама сөздердің жалаң сөздермен, еркін сөз тіркесінен, 
фразеологиялық тіркестен жігін, шекарасын айыру көп жайғдайда оңай бола 
бермейді.
Қазақ сөзі өзінің құрама жағынан мынадай топтарға бөлінетіндігі 
белгілі.
І. Жалаң сөздер: 
ағаш, үй, бала, шаруашылық, мұхит, ай, жыл, сана, 
дәуір, мектеп, кітап, қағаз
т.б.
ІІ. Құрама сөздер немесе күрделі құрама сөздер (проф. К.Аханов) төрт 
топқа бөлінеді.
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет