Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі бұрынғы жазу дәстүрімен
сәйкес болып келеді, ал
кейбір тұстары анықтағыштар арқылы
нақтыланады.
Назарға ұсынылып отырған бұл Жобада:
-
қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің
ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы;
-
тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған базалық нормалардың
сақталуы;
-
техникалық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы,
мобильді, жинақы болуы;
-
халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтыла түсуі;
-
жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып,
космополиттік әсірелікке ұшырамауы, т.б.
Бұл айтылғандар, түптеп келгенде, орфографиялық ережелер түзудің
негізгі ұстанымдары болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |