Рамстедт Г.
-йін қосымшасының соңғы элементін (-ін) инструктив
септік қосымшасы деп қарайды. -а
о і і ы ң
айтуынша, осы шақ есімшесі.
Введение в алтайское языкознание. М., 1957, стр. 108-109.
2
Кононов Л. Н.
Грамматика современного турецкого литературного языка.
М.-Л., стр. 474.
272
қалмыш (қалган), тегміш (түйіскен),
қазіргі біздің тіліміздегі
-ган
аффиксінің қызметін атқарған. Бүл формант, сонымен қатар, қимыл
есімінің қызметінде де кездеседі. Бүл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі
түйық рай түлғасы
-у-ғ
а сай:
бітміш
(жазу, жазба),
берміш
(беру,
бересі).
-мыш
ф орм ан ты аш ы қ рай лы етістік қ ы зм етін д е де
қолданылып, сөйлемнің баяндауышы болған:
йоқ ерміш
(жоқ еді).
Сонымен бірге түрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік
жалғауын қабылдаған:
адыръиімышда
(айырылысқанда),
бітмішін
(бітісімен). Шылаулармен де бір тіркесте қолданылған:
будун болмыш
үчун
(халық болғаны үшін). Орта ғасыр жазбалары тілінде
-мыш
түлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі
арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. М. Қашқари
-мыш
аффиксінің бүл қызметі жайлы былай деп жазады:
“-мыіи, -міш
қосымшасы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ
мүнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар,
ол бармыш
—
ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын.
Ол келміш —
ол
келген болу керек, бірақ мен өзім көрген ж о қ п ы н ” 1. Осымен
байланысты, қазақ тілінде үшырасатын, сөйлем баяндауышына тіркесе
айтылып, істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын
білдіретін
-мыш, -мыс
түлғаларын еске түсіру орынды:
айтыпты-мыс.
Бүл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай, өзгермей
тіркеседі. Э. Наджип ортағасырлық Алтын Орда әдеби тілінде
-мыш
түлғалы есімше баяндауьші қызметінде жүмсалғанда, тек қана III жақты
білдіретінін, ойткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады.2 Осы
ескертпе қазақ тіліндегі
барыпты-мыс
түлғаларының қалыптасуына
қалай да қатысты. Қазақ тілін
-мыш
формантына тән барлық мән-
мағына
-ган
формантына ауысқан кезде
-мыш
реликт есебінде қазіргідей
позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда
да, қазақ тіліндегі
-мыш
түлғасының осы қолданысы бір жағынан коне
түркілік қолданы спен, екінш і ж ағы нан қазіргі чуваш тіліндегі
қолданыспен тығыз үштасып жатады.
-мыш
біздің қазіргі тілімізде жеке
сөздер қүрамында ғана сақталған:
түрмыс, жазмыіи, озмыіи, болмыс,
тарамыс
тәрізді сөздер қүрамындағы осы түлға.
-Мыш
түлғасы өзінің
бүрынғы мағынасында қазіргі оңтүстік-батыс тілдерінде ғана сақталған.
Қазіргі тілімізде өткен ш ақ есімше мәнін беретін
-ган
түлғасы
О рхон-Е нисей ж азбалары нда кездеспейді, бірақ XI ғасырдағы
1
Қошқарий М.
Дсвону лүғотит түрк. II т., Ташкент, 1961, 63 — 64-бст.
2
Наджип Э.
Кыпчагско-огузкий литературный язык мамлюкского Египта
XIV в. АДД., М., 1965, стр. 71.
18-16
273
Қ аш қари сөздігінен бастап аса жиі қолданы с тапқан формант.
М. Қаш қари бүл түлғаны откен ш ақтық мән беретін форманттың
бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридың түсіндіруінше
-ган
түлғасы
істің дүркінділігімен байланысты үғынылатын формант: “Іс-әрекеттің
коп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бүл сипат
барлық тайпа тілдерінде және әрбір болімде бүйрық рай түлғасында
жасалады. Бүйры қ рай қатаң
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |