Айдаров Ғ ., Қүрышжанов
Ә.,
Томанов М.,
“ К оне т ү р к і жазба
сскерткіштерініц тілі” . А-А., 1971, 149 — 190-беттер.
2
Тенишев Э. Р.
“ Место кипчакского (половецкого, куманского) и
печенежского языков среди современных тюркских языков”. Известия АН
Каз ССР, серия общественная, 1970, № 5.
3 История Казахской ССР, 1979, т.2, с. 364 - 379.
4 История Казахской ССР, т .2, А-А., 1979, с.258.
3-16
33
тарда тарих сахнасына шықса керек.1 Өздерін кейінгі тарих бойында
“ қ а з а қ ” дегі атап кеткен х ал ы қ қ ү р ам ы н а енген рулар мен
тайпалардың басым көпшілігі сез басында үяңдардан гөрі қатаң
дауыссыздарды айтатын, созылыңқы дауыстылар орнына дифтонгілер
қалыптасқан, сөзді әуезділік жағынан жуан айтуға үмтылатын, еріңцік
гармониядан горі езулік гармонияны сақтайтын тілдерде сөйлесе
керек. Әрине, бүдан басқа сипатта сөйлейтін де тайпалар болды.
Тарихи деректер қазақты ң қүрамына оғыз тектес тайпалардың да,
тіпті монгол тектес тайпалардың да енгендігін дәлелдейді. Махмуд
Қашқари оғыз тілі ерекшелігі деп корсететін кейбір тілдік қүбылыстар
қазіргі қазақ тілі қүрамында орнығып қалған. Оның үстіне, орта
ғасырларда Сырдария бойынша қыпшақ-оғыз тайпалық бірлестіктері
болгандыгын, Жетісуда қарлүқ тектес тайпалардың қазақ руларымен
қ о я н -қ о л т ы қ ар ал асқ ан д ы гы н , баты ста половецтерм ен бірге
гуздардың (оғыздардың) бір мемлекеттік одақта өмір сүргендігін еске
алсақ, қазақ тілі өзінің алгашқы қүралу, қалыптасу дәуірінде бір
сипатты болмагандығын білуге болады. Бірақ бүлар сан жағынан
көп болмаған және қүралу, қалыптасу дәуірінде мәдени де, саяси-
әлеуметтік те жағдайларды айқындамаса керек. Анлаутта
ж,
инлаут
пен ауслаутта
й, у
дыбыстарын қолданып, сөздің қатаң да жуан
айты луы на м ән беретін, езулік гарм он и ян ы сақтап сөйлеуге
тырысатын тілдер көпшілік болумен қатар, халықтың қогамдық
омірінде үйымдастырушылық қызмет атқаруы әбден ықтимал. XI
ғасы р д ы ң соңғы ш и регін де с а я с и -ә л е у м е т т ік ж ағдай ларм ен
б ай лан ы сты б а с қ а тай п алар іш інде үстем дік алган қ ы п ш а қ
тайпасы ны ң айналасы на басқа да рулар мен тайпалар бірігіп,
“қы пш ақ” атын адды. Қыпшақ конфедерациясының қүрамына енген
тайпалар мен рулар үшін, соз жоқ, қыпш ақ тілі ортақ тіл болды.
Қашанда тілдер тарихында бола беретін процесс — бір тілдің негізінде
нормалану жүрді. Сойлеудің бір тілге негізделуі біртүтас тілдік бірліктің
ж үйеленуіне алы п келді ж әне сол тіл қүрам ы нда диалектілік
ерекшеліктердің қалыптасуына мүмкіндік жасады.
Қазақтың халық тілінің қалыптасуы бүл дәуірде осындай процесті
басынан кешірді.
ХҮІІ — ХҮІІІ ғасырлар қазақтың халық тілінің даму дәуірі болды.
Біртүтас тілдік ж үйелері қ ал ы п тасқ ан халы қ тілі қүрам ы нда
нормалану жүреді. Олай етпейінше, тіл сол халықтың қогамдық қаты-
нас қүралы болмас еді. Қ оғам ды қ-әлеум еттік, экон ом и калы қ
1 История Казахской ССР, т.2, с. 248 — 250.
34
дамудың басты шарттарының бірі де, ондай дамудың негізі де —
біртүтас, сол халықтың барлық окілдеріне ортақ, барлығына түсінікті
қатынас қүралы — тілдің болуын қажет етеді. Бүл қай халық тілінің
тарихында да болған және болатын тарихи белес. Қ азақ тілі сондай
белесті ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда откізді деп қарау керек. ХҮІІ -
ХҮІІІ ғасырлар қазақ тілі қүрамында жеке диалектілік топтардың
(немесе говорлар топтарының) айқындалу негізі болды. Алғашқы
негізі рулық, тайпалық тілдер болған тілдік жүйелер қазақтардың
жузге жіктеліп, белгілі территорияларда қоныс тебуінің нотижесінде
этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этно-регионалдық сипатқа
ие болды. Бүндай жіктеліске әрбір этникалық топтың территориялық
байланыстары да ықпалын тигізді. Айталық, онтүстікті мекен еткендер
көрші өзбектермен, олар арқылы парсылармен байланысқа түссе,
оңтүстік-шығысты мекендегендер үйғырлармен коршілік қатынасқа
түсті, т.б. Жалпы халықтың тіл жүйелерінің жіктеліп, біртүтас қатынас
қүралы ретінде дамуы екінші бір тілдік қүбылыспен — Орта Азиялық
түркі-жазба әдеби тілімен де байланысып жатты. Оқығандар мен
діни өкілдердің тілі ретінде қазақ даласына келген түркі жазба әдеби
тілі озінің алғаш қы таралу кезеңінде-ақ халы қ тілінің біртүтас
қалыптасқан жүйелеріне кез болды. Ж үздерге топтасқан қазақ
рулары әлеуметтік-саяси жағынан да, экономикалық-географиялық
жағынан да бір-бірімен шамалас еді. Белгілі бір руды, рулар одағын
ерекш елей тіндей ай р ы қ ш а с а я с и -ә л е у м е т т ік , э к о н о м и к а л ы қ
жағдайлар болмаса керек. Рулар мен тайпалы қ одақтар саяси-
әлеуметтік, географиялық жағынан жүздерге болінген кезде де белгілі
бір жүздің немесе рудың тілі ерекшеленетіндей тарихи жағдайлар
болған жоқ. Сондықтан да қазақ тарихы ондай фактіні білмейді.
Жалпы халықтық тіл қазақ халқының қүрамына енген негізі рулар
мен тайпалар тілдерінің ж инақталған, сараланған түрі ретінде
қалыптасты. Лингвистикалық негіз, сірә, “ қ азақ ” дейтін атау алып,
өзара топтасқан рулар мен тайпалар тілдік жағынан тек қүрылымдық
(агглютинативтік) қан а емес, ф онетикалы қ, л ек си к ал ы қ және
грамматикалық түрғыдан да осындай сипатқа жақын, бір-бірімен
үндес тілдерде сойлесе керек.1
Солай екендігі қазақ халық тілі қүрамында сақталган тайпалық тіддер
(әуелі тайпалық, кейін барып регионалдық) қаддықтары — диалектілерден
1 Қазақ қүрамына епген ксйбір монгол тсктес тайпалар (мыс.найман)
қазақ халық болып қүралғанға дсйін-ак “түркіленіп” бітсс керск. Қазақтыц
қүралу доуірінде олар түркі тайпаларының бірі болып қалыптасып біткси.
35
көрінеді. Қазақ тілі диалектілерінің басқа түркі тідцерімен салыстырғанда
үлкен ерекшелігі — олар (диалектілік айырмашылықтар) тілдің негізгі,
яғни түсінуге кедергі болатын салаларын қамтымайды.
Орта Азиялық түркі-жазба әдеби тіл сондықтан да қазақ халық
тілінің орнына жүріп, оның қызметін атқара алған жоқ. Әрине,
қазақтың халық тілі түркі жазба әдеби тілімен қарым-қатынасқа түсті.
С оны ң нәтиж есінде қ азақ тілінің қүрам ы нда сөздердің кейбір
семантикалық топтары пайда болды, кейбір синоним сөздер, кейде
формалар, жеке фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Ол тілдің үлкен
әсері қазақ тілінің әдеби болып дамуына тиді: жеке соз топтары мен
формалар қызметі жағынан сараланды, жеке стильдік салалардың
қалыптасып, дамуы түркі жазба әдеби тілінің ықпалынсыз болған жоқ.
XVII — XVIII ғасьфларда, сонымен қатар, қазақ-орыс тілдік
байланыстары шықты. Половецтер заманынан кейін біраз уақыт
баяулаған қазақ-орыс тілдік байланыстары қайта жандана бастайды.
1573 жылы бірінші орыс елшілігі қазақ хандығына келеді, ал 1594 жылы
қазақ хандығыньщ өкілі Москвага барады. Бүл замандар өткеннен кейін
орыс мемлекетімен ресми байланысқа түсу фактісі, екінші жағынан,
орыс-қазақ тілдік байланыстарының қайта жаңғыруы болды. Осыдан
бастап екі ел арасында дипломатиялы қ қағаздар жүре бастады,
елшіліктер, жаушылар, олармен қоса тілмаштар пайда болды, қағаз
жүзінде де, ауызша да тілдік байланыстар дамыды. Қазақ-орыс тілдік
байланысының бүл кезеңінің ерекшелігі - орыс тілінен сөз ауысу
басымдау болды. Бүл жағдай да тіл қүрамында өз ізін қалдырды: жаңа
атаулар пайда бодды, синоним сөздермен молықты, тілдің фонетикалық
жүйесінде де өзгеше қүбылыстардың пайда болуына ықпал жасады.
Сонымен, XVII — XVIII ғасырларда қазақ халық тілінің бүгінгі
сипатының негізі салынды. Қазақ тілі бір орталыққа бағынған, әдет-
салты бірыңғай халықтың тілі ретінде қоғамдық дамудың қүралы ғана
болып қойған жоқ, дипломатиялық қатынастар тілі, екінші сөзбен,
қ а за қ халқы н д үн и елік м әдениетпен байланы сты раты н қүрал
дәрежесіне жетті. Әдеби тілдің негізі де осы дәуірде қалана бастады.
Ауыз әдебиетінің сындарлы жүйесінің ықпалымен ауызша әдеби тіл
салаланды: авторлы поэзия тілі қалыптасты, түркі жазба тілінің ықпалы-
мен тарихи-мемуарлық шығармалар пайда болды (“Жамиғат тауарих”,
қазақ шежірелері, т.б.), іс қағаздары, дипломатиялық қатынастар тілі
жүйелеңді, эпистолярлық сипаттағы шығармалар жазылды, т.б.
XIX ғасырда қазақты ң үлттық әдеби тілінің қалыптаса бастағаны
мәлім. Қазақстанда сауда капитализмі туды. Солардың нәтижесі
ретінде қазақты ң үлттық әдеби тілі қалыптаса бастады. Қазақтың
36
жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Қүнанбаев пен Ыбырай
Алтынсарин осы дәуірде өздерінің атақты шығармаларын жазды.
XIX ғасыр қазақтың үлттық жазба әдеби тілінің қалыптасу, өркеңдеу
дәуірі болды. Сонымен, XIX ғасырда жазба әдебиеті қалыптасты,
қазақ баспасөзі туды.
Қазақтың халық тілі қазіргі әдеби тілге дейін, сонымен, осындай
терт түрлі дәуірді басынан өткерді.
ҚАЗАҚ ТІЛ ІН ІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ Ж Ү Й ЕСІН ДЕГІ О РН Ы
Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) түрғыдан
топтастыру — классификациялау, сойтіп әрбір тілдің түркі тілдері
қүрамындағы орнын айқындау Махмуд Қ аш қаридан басталады.
Әйтсе де классикалық тілі білімі түркі тілдерін ғылыми негізге сүйеніп
топтастырудың тарихын XIX ғасырдан бастайды. Отандық және
шетелдік түркология өкілдерінің ішінде көп таралып, қолдау тапқан
топтастыру — академик А. Н. Самойловичтікі. Ол түркі тілдерін алты
түрлі ф онетикалы қ ж әне м орф ологиялы қ айы ры м белгілеріне,
этникалық түпкі негізіне қарай алты топқа боліп қарастырады:
I.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |