Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет172/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Малов С. Е.
Памятники древнетюркской письменности. М.—Л., 1941, стр. 52.
253


түрінде 

мен айтылады. Ал чуваш пен хакас тіліндегі варианттар - 
р-та
аяқталады. Олардың қүрамынан да түркі тідцерінің бәріне ортақ 
сі (си
) түбірін коруге болады: 
сірер, э-си-р.
Хакас пен чуваштық 
варианттар 
біз, сіз
есімдіктері 
бі-сі, сі-сі,
яғни, екі создің бірігуі, сөйтіп 
фонетикалық өзгерістерге түсу арқылы пайда болған дейтін пікірді 
дәлелдемейді. Егер ол тілдерде де түркі тілдерінің барлығына ортақ 
бі, сі
түбірлері сақталған болса, біріккен уақытта 
(бі-сі, сі-сі)
соңғы - 
р
қайдан шығуы мүмкін дейтін сүрақ туады. Өйткені, байырғы 
түбірдің қүрамында 

жоқ. Бүл жағдай чуваш, хакас варианттарының 
қүрамындағы 

түбірге қосылған қосымша деп қарауға негіз болады. 
Сонымен, 
біз, сіз
есімдіктері екі түбірдің бірігуі арқылы емес, түбір 
мен қосымшаның бірігуінен жасалған болса керек.
Сілтеу есімдіктері. Создердің семантикалық орайлас, үялас болуы 
кобінесе олардың генезистік бірлігінің салдары болып отырады. 
Сондықтан да жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, 
қалыптасу негізі жағынан бір-біріне байланысты болу керек дейтін 
пікір үстем. Н. К. Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі 
түрлі мағыналық топқа жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері 
алыстық пен жақындықты білдіруде колемдік және мезгідцік мәнде 
екі топқа: 
бул
және 
ол
болып жіктеліп отырады.1 Әрине, қазіргі түркі 
тілдерінің актілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың колемдік 
орналасуына қатысты болып келетін мағына — сілтеу есімдіктерінің 
алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық 
қолданы сты ң дамуынан барып, мезгілдік м ән, заттың мезгілдік 
мерзімде орналасуы шықса керек. Дмитриевтің бүл пікірін қазақ 
тілінің мынадай фактілерімен түсіндіруге болар еді: 
бул —
қасында, 
жанында түрған, орналасқан зат, корініп түрған зат, 
ол —
алыста, 
корінбейтін, бірақ бар екендігі аны қ зат. Осы екі түрлі соз арқылы 
берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес 
болса керек: 
бул, мынау, осы, осынау
және 
ол, сол, сонау, анау, ана
(жақта).
Мағыналық қолданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы 
оз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. 
Бул кісі, мына бала,
осы адам, осынау төбе
тәрізді қолданыста, 
мына, бул, осы, осынау
есімдіктері бір-біріне жақын, жалғас орналасқан адамды (затты) 
білдіретінін 
тәрізді, бул уақыт, мына кез, осы уақыт
тәрізді тіркестер 
қүрамында да олар бір-бірінен алш ақ кетпейтін уақыт кезеңцерін 
білдіреді. Мүның борі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас,

Дмитриев
//. 
К.
Указательные местоимения в османском языке. Строй 
тюркских языков. М., 1962, стр. 19.
254


бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. 
Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің 
негізінде пайда болған. Ол сөздер: 
бул
және 
ол.
Н. К. Дмитриев 
теориясын еске алсақ, бүл создер о баста заттарды ң көлемдік 
орналасуына (топограф иялы қ белгілерді білдіруге) байланысты 
қалы птасқан. Ал сілтеу есім діктерінің басқалары
бул
ж әне 
ол
сөздерімен семантикалық орайластығын, колем мәнінде де, мезгіл 
мәнінде де бір-біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет