Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет173/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

(бул
және 
ол)
әр түрлі фонетикалык және грамматикалық өзгеріске 
түскен түлғалары деп ойлауға болады. М орфологиялық жағынан 
түлғалас деуге олардың сыртқы пішіндерінің үқсастығы да дәлел 
бола алады. Мына сөздерді өзара салыстырып корейік: 
бул, мына
және 
ол, ана\
бүлардан түркі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс 
сәйкестіктерін көруге болады: 
б-м, у-ы, о-а.
Әрине, бүгінгі тіліміздің 
фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін түлғалық 
ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола 
бермейді. Олардың өзара үялас, түлғаластығын біршама болса да 
толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және 
тарихи фактілермен салыстыра қарастыру керек болады.
Бул
есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның қүрамындағы 

о баста түбір қүрамында болған ба, әлде кейін қосылган қосымша 
ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойланды ры п келеді. Оған 
себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері қүрам ы нда кейде соңғы 
-л-сыз
айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде 
бул жақ, бул кез, бул кісі деп, -
л-сіз
айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің 
айтылу пішіні мынадай: қырғыз — 
бул,
башқүрт — 
был,
өзбек түркімен, 
үйғыр, қүмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде
— 
бу,
тува тілінде — 
бо,
хақас — 
пу,
шор — 
по.
Бүған қарағанда, түркі 
тілдерінің басым көпшілігінде соңғы 
-л-сіз
айтылады, яғни қазақ 
тіліндегі осындай қүбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде 
пайда болған. Коне ескерткіштер тілінде де 
бу
түрінде үшырасады. 
Бүл факт о баста байырғы түбір қүрамында 

элементі болмаған 
деген пікірді бекіте түседі. 
Бул
сөзі н ақ осы күйінде екі түбірдің 
бірігуінің нәтижесі болса керек. Коне жазбалар тілінде 
бу
және 
ол
есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы үшырасады. 
“Қүдатқу білікте” мынадай сөйлем бар “
тілеч барча булдум, бу ол бір
сөзум, бу йаңлы кішіке мунадур өзум
”. Бүл сөйлемдегі бу ол тіркесі 
қазіргі тіліміздегі 
бул
есімдігінің мағынасында қолданылғаны күмән 
туғызбайды. Мынадай бір жайды да ескеру керек. Ү—Ү ІІІ ғасыр 
ескерткіш терінде, кейінгі “ Кодекс кум аникусте” әңгіме болып
255


отырған есімдік тек 
бу
түрінде, 
-л-сіз
айтылады. Жаңағыдай қол- 
д ан ы ста ол еск ер тк іш тер тілін де ү ш ы расп ай д ы . А лайда сол 
ескерткіштердің қайсысында да бүл есімдігінің қызметінде III жақтық 
жіктік есімдігі 
ол
сөзінің қолданылуы жиі үшырасады. Бір — екі мысал: 
ол сабыг ешітіп қагангару ол сабыг ыттым
(Т.). “бүл сөзді есітіп қағанға 
айттым”. 
Култігін ол суңушде отуз йашайур ерті
(КТ). “Күлтегін бүл 
соғыста (соғыс болған кезде) отыз жасар еді”. 
Качан ол сөзні айтты
феріште кутучуге, теңірінің йарык/іықы йарытты аларны
(КК). “Қашан 
бүл сөзді феріште күтушіге айтқанда, тәңірінің бүйрығы сәулелендірді 
оларды”. 
Ол сөзуну айтты да, жанын теңрі еліне берді
(КК). “Бүл 
сөзді айтты да жанын тәңірі қолы на берді”. Келтірілген сөйлемдерде 
ол
есімдігі қазіргі тіліміздегі 
бул
есімдігінің мәнінде қолданылған. 
Солай екендігін текст қүрамындағы бір-біріне жалғас айтылған 
сойлемдер мағынасын салғастыра отырып аны қ байқауға болады. 
Ал жіктеу есімдігінің мүндай қолданысы қазіргі қазақ тіліне де жат 
емес. Алайда қазіргі қазақ тіліндегі мүндай қолданыс негізінен созді 
стильдік мөнерлеумен үштасып жатады. 
Бу ол
тіркесі де, біздің 
байқауымызша, көбіне тек жазба тіл мүраларының тілдік ерекшелігі 
ретінде ғана үшырасады. Ауызекі сойлеу тілдің негізгі заңдылықтарын 
б а й қ а т а т ы н О р х о н -Е н и с е й ж а з б а л а р ы н д а н ем есе “ К о д ек с
куманикусте” мүндай қолданы сты ң кездеспеуі соны дәлелдейді. 
Әйтпесе, XIV ғасырда жазылған “ Кодекс куманикусте” , XI ғасырда 
ж а зы л ғ а н “ Қ ү д а т қ у б іл ік т е ” қ о л д а н ы л ғ а н т іл д ік ф а к т ін ің
үшыраспауын ешбір ерекшелікпен түсіндіру мүмкін болмас та еді. 
“Қүдатқу білік” — оз заманының жазба тілінің ескерткіші. Ал жазба 
тіл қашанда созді саралап, нақтап қолдануға үмытылатыны белгілі. 
Бу ол
тіркесі де сондай мақсаттан туған деп қарауға болар еді. Жазба 
тіл қүрамында қалыптасқан тіркес жиі айтылу процесінде кірігіп 
бүл күйіне келуі әбден ықтимал.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет