“үлгіге” бағынып
педагог-ке, парк-ке
түрінде айтылады. Сол сияқты,
бимаглум, бимезгіл
тәрізді сөздердің қүрастырушы элементтері шет
тілдік екеніне қарамай, тіліміздегі біріккен сөздер үлгісімен жасалған.
Әдетте кейінгі кезде тілдің ішкі ресурстарын пайдалану арқылы бүрын
болмаған жаңа создердің коп жасалғандығын жиі айтамыз. Оңдай
реттерде
осімдік, оқулық, аялдама, өнеркәсіп
тәрізді жасалу мерзімі
жағынан да, беретін мән-мағынасы жагынан да жаңа создер мысалға
алынады. Әрине, байырғы қазақта онеркәсіп дейтін де, оқулық дейтін
де үғым болған емес. Халықта ондай үғым туғызарлықтай тарихи
жағдай да болмаған. Бірақ белгілі тарихи жагдайлардың тууымен бірге
сондай үғым да пайда болды. Сол үғымдарды беретіндей соз жасау
үшін тағы да бүрыннан белгілі тәсілдерге үқсастыру зандылығы
пайдаланылады.
С о н ы м е н , г р а м м а т и к а л ы қ а н а л о г и я з а ң д ы л ы ғ ы т іл д ің
грамматикалық қүрылысының дамуында оған едәуір әсерін тигізетін
және қазір де қолданылатын зандылық болып табылады.
М о р ф о л о ги я л ы қ тү л ғал ар д ы ң тар и х и о зге р ісін б ай қ ау д а
ф онетикалы қ занды лы қтарды ң мәні зор. Д ы бы старды ң тарихи
ауысулары мен сәйкестіктері, редукция және элизия қүбылыстары,
екпіннің ықпалы, т.б. создің қүрылысына, морфологиялық түлғаға
эсер етпей қоймайтыны айқы н. Сонымен бірге, соз қүрамында
дивергенция және конвергенция қүбылыстарының да ізі кездесіп
отырады. Дивергенция, яғни, бір дыбыстың бірнеше вариантқа
ыдырауы сөздің немесе грам м ати калы қ түлған ы ң да бірнеш е
вариантта айтылуына негіз жасайды. Егер, айталық, мүндай реттегі
дивергендік варианттар тап басып, дәл анықталмаса, сырт коз олардың
әрқайсысын дербес создер немесе дербес морфологиялық түлғалар
есебінде үгынуы да мүмкін. Дивергендік варианттардың мысалы
ретінде қазақ тілінде ертеден сақталып қалган жер-су аттарының
қүрамындағы кейбір аффикстер мен олардың қазіргі тілде онімді
қолданылатын варианттарын салыстыруға болар еді.
Шідерті, Өлеңті,
Мойынты
тәрізді атаулар қүрамындағы
-т ы //-т і
мен қазіргі тілдегі -
лы //-лі
бір ғана аффикс. Немесе мына бір фактіге де тоқтай кету
артық емес, қазіргі тілімізде кейбір создер қүрамында кездесетін -
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: