Гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы


Кіріспе Тіл туралы мәлімет



бет2/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#42633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Кіріспе


Тіл туралы мәлімет
Тіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар: 1) тіл - жан-жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі; 2) тіл - соғыста жаудан алынған хабар немесе тірідей қолға түскен тұтқын; 3) тіл - уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш; 4) тіл — адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара түсінсуге мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым.
Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды
Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде гана пайда болып, дамып жетіледі. Тілді адамдар ұжымы — қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады.
Сөйлеу мен тіл әдетте бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақта екеуі бір нәрсе емес. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатнас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу-сол тілді пайдалана білудің әртүрлі амалдары мен жолдары. Сондықтан ұстаздар тыңдаушыларға белгілі бір тілдің құрлымы мен жүйесін үйретеді, олардың сауатты жазуын, салауатты сөйлеуін қадағалап, тілін ұстартады.
Тілді екі тұрғыдан білу керек: бірі – практикалық тұрғыдан, екіншісі ғылыми тұрғыдан. Тілді практикалық тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның кемінде бір немесе бірнеше тілде сөйлеп, жаза алуы. Ал тілді ғылыми тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның бір немесе бірнеше тілдің ғылыми негізін –дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрлымы мен жүйесін, соларға тән барлық нормаларды ғылыми тұрғыдан меңгеруі. Бір тілде емін-еркін сөйлейтін адамдардың бәрі ол тілдің ғылыми негізін білу шарт емес.
Латын тiлiн оқыту арқылы болашақ филологтың лингвистикалық талдауының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрылымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
"Латын тiлi" курсын табысты үйрену үшін студенттердің өз бетімен жұмыс icтeyi және оны дұрыс ұйымдастыра білуі ерекше маңызды. Жұмыстың пайдалы әpi тиімді түрінің 6ipi - жазба жұмыстар болып табылады. Оқытушы бағдарламаның материалын бүкіл оқу жылына дұрыс бөліп, жұмыстың қолайлыр-ақ түрін таңдауы керек.
Осы пәннің мақсаты жан-жақты маман дайындау, дайындық маманның лингвистикалык, коммуникативтік, лингводүниетанымдық кәсіби-адаптивтік компетенциясының құрылуын қарастырады. Үйрену процессінде пәндік және ойлау жұмысы студенттің логикалық ойлауын, шетел тілде сөйлеу қабілетін дамытады. Латын тілі курсының міндеттері:
- прозалық және поэтикалык мәтіндерді оқуға дағдыландыру;
- есімдердің септелу және етістіктердің жіктелу парадигмасын білу;
- латын, грек тілінде 400-ден астам лексикалық және сөз тудыратын бірліктерді, 350 тү6ip сөздер мен 50 аффикс, терминдік бөлшектерді (ауызша және жазбаша түрде) меңгеру;
- сөздің морфемдік талдауын, белгісіз туынды немесе күрделі сөздердің дәлелденген қорытындыларын өз бетімен ашу мақсатына дағдылану;
- сөздікті қолдана отырып 600 белгі көлеміндегі оқылған мәтінді толық грамматикалық тұрғыда талдай білу және аудару;
- 2000 белгі көлеміндегі филологиялық талдаумен рим авторларының мәтіндерін оқу: Цезарь, Цицерон, Ливий, Тацит, Овидий, Катулл, Гораций, Вергилий, Марциал, Лукреций және басқалар;
- қазіргі кезеңдегі тілдік білім жүйесінің құрылуын және дамуын ескертетін студенттердің объектілі факторлары туралы ғылыми көзқарасын құрастыру;
- студенттерді қазіргі кезеңдегі қазіргі заман тілдік білім жүйесінің негізгі даму тендецияларымен және басқаратын принциптарымен таныстыру;
- курстың негізгі тапсырмасы 1- 3 курстағы білімінің негізін және алған білім маңыздылығын менгеру;
- әртүрлі коммуникативтік қатынасу жағдайларында негізінен жазба білім маңыздылықтарын дамытып творчестволық түрде қолдану.
Студент функционалдық стильдермен тәжірибеде танысуды жалғастырып, бұл студенттің үйреніп жатқан тілде коммуникативті және стилистикалық сөздерді дұрыс пайдалануын қамтуы тиіс.
Студенттердің жиі қолданылатын сөздігі 800 лексикалық бірліктермен толады, олар нақты оқу жылының тақырыптық спецификасын көрсетуі тиіс.
Курста лексикамен жұмыс істеуде лексикалық бірліктерді сөйлеу стиліне, қатынасу жағдайына байланысты пайдалану маңыздылықтарына көп көңіл бөлінуі тиіс.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет