§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;
жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;
жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;
адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;
сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;
жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;
табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;
еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);
жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;
қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;
қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;
өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)
о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;
ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |