«Биологиялық» көзқараста сана – тірі табиғаттың жемісі және барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Инстинктер тек туа біте ғана пайда болмайды, сонымен бірге жүре біте пайда болады. Жануарларға өзіндік «мораль», тіршілік тәртібі, сапа және т.б. тән.
"Адами" көзқарас тұрғысынан алғанда сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән құбылыс, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктке ие. Бірақ қазіргі заман ғылыми зерттеулер жануарларда да сана элементтерінің болуын жоққа шығармайды.
Бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік философияда сана мәселесін материалистік тұрғыда түсіндіру бейнелеу теориясына сүйенеді. Бұл теорияның мәні: "Сана- объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя - адам миының функциясы, қасиеті. Ол - объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы".
Бұл көзқарастың негізіне Ф. Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі" деген шағын шығармасы арқау болды. Еңбек - адамның мақсатталған қызметі, адамды адам еткен еңбек. Ф. Энгельстің пікірінше сана генезисі, адам эволюциясы шамамен мына кезеңдерден өткен:
онтогенездің филогенезді қайталауы. Тік жүру, аяққа тұру;
отты пайдалану, тамақты сіңіру процесі;
ет тағамы, витаминдер, фосфордың маңызы;
хайуанаттарды қолға үйрету - дайын ет, сүт, жүн, киім -кешек;
өсімдіктерді культивациялау;
көру қабілетін (183°) жетілдіру, зейіннің шоғырлануы;
қолдың рөлі, еңбек құралын жасау; Адам мыңдаған операция жасайды;
еңбек процесі - миды дамытады, сөз бен тілді, сананы жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |