Қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін толық материалдық жауапкершілікте болу жағдайлары.
Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары – қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігін көздейді.
Жауапкершіліктің түсінігі.Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал (зиян) үшін материалдық жауапкершілігі құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін басталады. Басқаша айтар болсақ, зиянды өтеу – еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауының салдары болып табылады. Осы айтқандарды қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сәйкес өтеу міндетінен тұрады.