Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері



бет70/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

13-дәріс. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:

  1. Кепілдіктер, өтемақы төлемдері түсінігі.

  2. Кепілдік өтемақылардардың негізгі түрлеріне сипаттама.

Глоссарий
1. Кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар.
2.Өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.

Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек және оның нәтижелері үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді. Кепілдік төлемдер мынадай жағдайдарда белгіленеді: Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік


Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс беруші қызметкерге:
1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;
2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті. Қызметтік іссапар ретінде жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкердің белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау үшін жұмыс орнынан тыс жерге жол жүруі танылады. Қызметтік іссапардың мерзімі, жолға кеткен уақытты санамағанда, 40 күнмен шектелген. Қызметкерлердің монтаждық, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсаттарына арналған қызметтік іссапары 1 жылдан аспауы тиіс. Еңбек қызметтері тұрақты жүріп-тұрумен байланысты қызметкерлердің (мысалы, локомотив машинистерінің, алыс жерге жүретін автобус жүргізушілерінің, ұшқыштардың, кондукторлардың, жолсеріктердің ж.не т.б.) қызметтік істер бойынша (тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан тыс) жолға жүруі қызметтік іссапар болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің жалақысына жолдағы шығындар үшін өтемақылар алдын-ала енгізіледі.
Қызметтік іссапардың бүкіл уақытында қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Сонымен қатар, оларға мыналар төленеді:
1) іссапарда болған уақыт үшін тәулікақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет