ӘОЖ 553.661+636.95.
Х.Р.Садиева1, А.М.Айдаралиева2
1Техника ғылымдарының кандидаты, 2Магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы
ҚҰС ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰС ӨНІМДЕРІНІҢ АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ФИЗИКО – ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Мақалада құс өнімдерінің сапасын артыру мақсатында күкірт құрамды заттарды қолданып құс өнімдерінің сапасын артырдық жәнеде аминқышқылдық құрамы артқандығы жайлы физико – химиялық сараптамалар келтірілген.
Түйін сөздер: аминқышқылдары, керотин, биоқоспа,хроматограмма, микроструктура, фибрион, ақуыздар.
Қазақстанның сауда-саттық қауіпсіздігінің басты міндеті тұрғындарды сапалы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету және ішкі өнімдермен сауда саттық жүргізу және қажетті қор құру. Тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмірі үшін ассортиментте белгіленген тұтыну нормасынан кем емес азық түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.
Әлемдік сауда – саттық индустриясында белгіленген жағдайларға сәйкес, қолжетімді бағамен жоғары сапалы құс өндіру өнімдерін шығарушы отандық өндірушілерге де талаптар бар. Құс өндіру өнімдеріне деген сұраныс олардың қолжетімділігіне байланысты күннен күнге өсуде, сондықтан тауық жұмыртқаларының сапасын жоғарылату экономикалық маңызды болып саналады [1].
Жұмыртқалардың сапасы әртүрлі факторлармен байланысты, яғни құстың құрамының шартына сәйкес генетикалық, азықтық, жас шамалық факторлар, құрылғылардың сапасы, құс өндіру өнімдерін алу технологиясына және т.б. байланысты болып табылады. Яғни, шикізаттық протеинден мен ауыстыруға келмейтін аминқышқылдарын тауықтардың тамақтану рационынан кемітсе, жұмыртқаның скорпуласының массасы мен оның қалыңдығын кішірейтеді. Осындай жағдайда лизин мен метионинге бай жемдермен тамақтандырып комбикорм холинге жеткізу қажет. Бір мезгілде поливитаминдердің жетіспеушілігінен шикізаттық протеиндер мен аминқышқылының балансты еместігі жұмыртқа ақуызының беріктілігін және массаның кемуін тудырады .
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында үй құстарын тамақтандырудың сапасын жақсарту мақсатында мұнай қалдықтарынан күкіртқұрамды заттардан жем қоспалары алынды. Атырау облысының Теңіз ауданының мұнай қалдықтарын сақтау аймағында 8-10 млн тонна күкіртқұрамды заттар жинақталған [2,3].
«Тенгизшевройл» кәсіпорны Қазақстанда құрамында 85-90 % - дан кем емес күкірті бар қатты блоктар орналасқан Теңіз газ өндіруші зауытында күкіртқұрамды заттарды сақтап отыр. Сонымен бірге күкіртке деген сұраныс та аз, ал оның өндірісі кеңейіп, кәсіпорын алынған күкірттің көлемінің үлкендігіне байланысты сатуға мүмкіндіктері жоқ, нәтижесінде оларды сақтауға объекті қажеттілігі туындайды. Күкіртті дұрыс сақтамаудың нәтижесі қандай болатындығына көп көңіл бөлу қажет. Оны білу, өз кезегінде адам мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалық, конструкторлық және өндірістік тапсырмалар мен нормативтерді орындауға мүмкіндік береді [4].
Біз алған сілтілік және сілтілік жер металдарының сульфидтері мен полисульфидтер сонымен бірге тері өндірісінде теріні жүннен тазарту үшін, жемдік қоспа және зиянды арамшөптермен күресуде қолданылады. Құсты тамақтандыру ұйымы олардың тиімді қоректену шаруашылықтың табиғи және экономикалық шарттарына байланысты жасалады.
Оңтүстік астықтық аудандарда тиімді қоректендіру кезінде әртүрлі мәдени астықтар құрайды және тамақтанудың құрғақ типі жиі қолданылады. Сонымен қатар негізінен құрғақ тамақтандыруды тек тиімді қоректендіру ақуыз бен дәрумендерге бай болған жағдайда ғана қолданады. Құрғақ жемдер дала және қолданбалы, құстардың әртүрлі түрлерінің комбикорм жемімен қоректендіру рецептісінің құрамына кіре береді. Комбикормдық қоректендіру нормаға сай болу үшін жемдері арнайы дайындалады. Рационды құрауда ақуыздық жемдер қосу, жемнің құрамында ақуыздың жетіспеушілігіне байланысты міндетті емес. Ақуыздың қалдықтық құрамы жұмыртқаның инкубациялық сапасының бірден нашарлауына алып келеді[5,6].
Дала құстары үшін табиғи дәрумендік жемдер маңызды болп саналады. Каротин мен А дәруменінің негізгі көзі жасыл жем, пішендік ұн, сәбіз, жемдік орамжапырақ, қылқандар сүр шөптер болып табылады. Ашытқы мен ашытқы жемдер В2 дәруменіне бай, балық майында D2 дәрумені бар. Аналық үйірдегі құстардың рационында дәрумендердің жетіспеушілігі жас құстардың эмбриондық және постэмбриондық кезеңде өмір сүру қабілеттіліктерін арттырады. Құстар үшін минералды қосымша тамақтандыру маңызды болып табылады; әрбір тауық жұмыртқасының құрамында 90% кальций бар, 6-7 грамм жұмыртқа қабығына бөледі. Рацион құрамында әртүрлі, толыққанды қоректенуге қажетті жемдердің бірнеше түрі болуы керек. Құстардың рационындағы негізгі жемдері мен жеке жемдердің шамамен қатынастары 3 кестеде көрсетілген.
3 кесте
Әртүрлі типтегі құстардың рационындағы жеке жемдердің шамамен қатынастары (%)
Жем
|
Тауықтар мен үндіктер
|
Үйректер
|
Қаздар
|
Тұтас астықтар
|
25
|
15
|
25
|
Астық-ұндық жем
|
35
|
45
|
25
|
Астық бұршақты
|
8
|
6
|
3
|
Жануарлар жемі
|
7
|
4
|
2
|
Жасыл жем
|
20
|
25
|
40
|
Пішендік ұнтақ
|
-
|
-
|
-
|
Минералды жем
|
5
|
5
|
5
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
Үй құстарын тамақтандыруға қолданылатын минералды жемдік қоспалар зерттеу үшін жасалды. Алдымен протеин, минералды жемдік қоспалар және дәрумендер қосылған жемдік бірліктер нормасы анықталады. Рационды комбикорм таңдамаларынан жасайды: 50 г комбикорм рационында 64,5 г (1,29х50) жемдік бірліктер, 4,05 г (0,081х50) протеиндер, 20 мг кальций (0,4х50), 150г (3,0х50) фосфор, 15 мг (0,3х50) натрий, 400 мг (8,0х50) каротин, 50,0 мг (1,0х50) В2 дәрумені, сонымен бірге 200 мг (4,0х50) күкірт құрамды минералды жем қоспалары болады. Рационның құрамына сонымен бірге астықтық, сосын ақуыздық, минералдық және дәрумендік жемдер қосып, олардың азықтық құндылығын есептеліп, қорытынды жасалды. Тамақтандыруда комбинациялық комбикорм бункерін жеммен бірнеше күнде бір рет толтырады, жем құстарға үнемі жетімді болады. Нәтижесінде жұмыртқаның саны көбейеді. «Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза орталығының» лабораториясында минералды жемқоспаларымен қоректенген үй құстарының жұмыртқасы мен Тараз қалалық сауда жүйелерінен алынған жұмыртқаларға сынақ жүргізілді. Сынақ жүргізудің шарттары: температура - -18,6 0С, ылғалдылық -79,0 %.
Көрсеткіштер аттары бірл.өлш.
|
Нормалар
|
Фактылық нәтижелер
|
НД сынақ әдісіне
|
Органолептикалық көрсеткіштер:
Ішкі көрініс және концистенция
№1үй жұмыртқасы
№2сауда орындарының жұмыртқасы
|
Бөгде қоспалары жоқ, біртекті өнім
|
Бөгде қоспалары жоқ, біртекті өнім
|
ГОСТ 30364.0-97
|
Ақуыздық қосылыстардың массалық үлесі %, кем емес:
№1үй жмқ
№2 СО жмқ
|
10,0
0,0
|
12,84
11,31
|
ГОСТ 30363-96
ГОСТ 30363-96
|
4 кесте Үлгілерді сынау нәтижелері
4 кестеден көрініп тұрғандай ақуыздық қосылыстардың массалық үлесі №1 үлгіде -12,84 %, ал №2 үлгіде 11,31% қатынасында болады. Үй құстарын минералдық жем қоспаларымен қоректендіру ақуыздық қосылыстардың массалық үлесін жоғарылатады.
Сонымен бірге үй жұмыртқалары үлгілеріндегі аминқышқылының құрамы анықталды. Алматы қаласындағы Қазақ академиясының биохимия және витаминология зертханасының сұйық – милихром – 5 Хроматографында сұйық – хроматографиялық әдіспен үй жұмыртқасының ақуызы мен сарыуызындағы аминқышқылының құрамы жеке – жеке анықталды. 5 кестеден және үлгінің құрамындағы аминқышқылының құрамын 1 және 2 суреттерден көруге болады.
5 кесте
Үлгінің құрамындағы аминқышқылының құрамы
№
р/с
|
Жұмыртқаның аминқышқылдық құрамы
|
Шоғыр, мг/100 г
|
Ақуызы (ағы)
|
Сарыуызы
|
1
|
Аланин
|
698
|
854
|
2
|
Глицин
|
387
|
516
|
3
|
Лейцин
|
919
|
1385
|
4
|
Изолейцин
|
630
|
907
|
5
|
Валин
|
738
|
937
|
6
|
Глютамат
|
1512
|
2055
|
7
|
Треонин
|
485
|
833
|
8
|
Пролин
|
401
|
697
|
9
|
Метионин
|
416
|
417
|
10
|
Серин
|
762
|
1368
|
11
|
Аспаратат
|
1012
|
1342
|
12
|
Цистин
|
279
|
276
|
13
|
Оксипролин
|
15
|
1
|
14
|
Фенилаланин
|
633
|
698
|
15
|
Тирозин
|
400
|
702
|
16
|
Гистидин
|
255
|
385
|
17
|
Орнитин
|
2
|
2
|
18
|
Аргинин
|
623
|
1157
|
19
|
Лизин
|
685
|
1158
|
20
|
Триптофан
|
172
|
238
|
|
|
Сурет 1. Жұмыртқа ақуызының хроматограммасы
|
Сурет 2. Жұмыртқа сарыуызының хроматограммасы
|
5 кестеден 1 және 2 – суреттерден көрініп тұрғандай, үй жұмыртқасының ақуызында, басқаға қарағанда аминқышқылының баланстық құрамы дұрыс болып келеді. Ақуыздардың биологиялық құндылығы асқорыту жүйесіндегі ферменттермен қарсыласатын аминқышқылының дұрыс баланстылығымен анықталады. Адам ағзасындағы ақуыздар аминқышқылдарына дейін ыдырайды, олардың біраз бөлігі (ауыспалы) жаңа аминқышқылдарын құрауға қажетті құрылыс материалы ретінде болады, алайда жасы үлкен адам ағзасында болмайтын 8 аминқышқылдары (ауыспайтын, эссенциалды) азықпен келуі қажет. Адам ағзасына қажетті аминқышқылдарының көлемі – азықтағы ақуыздың негізгі функциясы болып табылады. Азық ақуызының құрамында ауыстыруға келмейтін және ауыстыруға келетін аминқышқылдары балансты болу керек, әйтпесе ауыстыруға келмейтін амин қышқылының бөлігі белгіленбеген жағдайларға шығындалады. Дәл осы үлгілердегі жұмыртқа қабығының микроқұрылымы JSM-7500F растрлы электронды микроскоп әдісімен зерттелді.
|
|
Сурет 3. №1 Жұмыртқа қабығының микроструктурасы
|
Сурет 4. №2 Жұмыртқа қабығының микроструктурасы
|
3 суреттен үй жұмыртқасының қабығы микроқұрылысынан қабықтың мраморларының түзілу сатысы айқын көрінеді, ол жұмыртқаның түзілуінде кальций тұзын қайтарудың нәтижесі. 4 суретте, сауда орындарынан алынған жұмыртқаның қабығының мраморларының түзілу сатысы аз көрінеді, 3 суреттен жұмыртқа қабығының сапасындағы қабаттар көбірек көрінеді. Жұмыртқа қабығы қабаттының қалыңдығын анықтау үшін қабықтың ішкі қабатын жақсылап алып, фильтрлі қағазда кептіру керек. Қабықтан алынған осы үлгіні ыдысқа салып, оған метиленьді көк ерітіндісін қосу керек. 15-20 минуттан кейін қабатқа бояғыш еніп, қабықтың ішкі қабатында майда ұсақ көк нүктелер пайда болады. Бояғышты ағызып, қалғанын кептіруге қояды. Қабықтың ішкі жағын лупамен қарап 1 см 2 қабықтың қабаттарының санын санауға болады. Үй құстарының қауырсындарының микроқұрылымын күкіртқұрамды минералды қоспалармен қоректендіруге дейін және тамақтандырудан кейін зерттелді(сурет 5 және 6).
|
|
Сурет 5. Үй құстарының
қауырсындарының микроқұрылымын
күкіртқұрамды минералды
қоспалармен қоректендіруге дейінгі көрінісі
|
Сурет 6. Үй құстарының қауырсындарының микроқұрылымын күкіртқұрамды
минералды қоспалармен
қоректендіруден кейінгі көрінісі
|
Үй құстарын күкіртқұрамды минералды қоспалармен қоректендіруден кейін қанат қауырсындарының қатты пәрлерге ие екенін көруге болады, ол кератиннің құрамымен байланысты болып саналады. Ал 5 және 6 суреттерден көрініп тұрғандай, қауырсынның микроқұрылымы көп қабаттан тұрады, ол минералды тұздар мен дәрумендердің жетіспеушілігінен болады.Үй құстарының қауырсындарының құрылысын анықтау бізге көбіне кератин биосинтезінің механизмінің түсінігін алып келді. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша бұл молекулааралық дисульфидті байланыстарға алып келетін фибрильді және аморфты ақуыздардың бөлек - бөлек түзілуімен сипатталатын сатылы процесс екенін көруге болады. Кератинизация жасуша бетін толықтырушы монолитті құрылымның түзілуімен аяқталады, алайда ядроның қалдықтарын электронды микроскоппен анықтайды. Сонымен, кератин синтезі мен үй құсының қауырсынының түзілуі күрделі және жалғастырылатын процесс болып табылады. Жасушадағы кератинизация зонасындағы морфологиялық, биохимиялық және физико-механикалық айналымдар нәтижесінде құстың қауырсының кератиндері түзіледі. Мұндай тұрақтылықта күкірттің маңызы зор болып саналады. Кератинді құраушы маңызды химиялық элементтерге: көміртегі (шамамен 50%), оттегі (21-24%), азот (15-20%), сутегі (6-7%), және күкірт (2-5%). Кератиндегі химиялық элементтердің құрамы құстың қауырсының түрімен байланысты. Кератин табиғи жоғары молекулалық қосылыстардың типтік өкілі болып табылады.
Ақуыздар, оның ішінде кератиндердің басқа көптеген жоғары молекулалық қосылыстардан ерешелігі олардың бірдей емес, әртүрлі қайталатын түйіндерден (мономерлерден) құралатындығы. Мұндай жиі қайталанатын түйіндерден құралған кератиннің гигантты макромолекуласы аминқышқылдарының қалдығы болып табылады. Кератинді гидролиздеу арқылы, мысалы, қышқыл немесе сілтімен өңдеу арқылы әртүрлі аминқышқылдарының қоспасын алады.
Кератиндердегі күштер құрылымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, яғни бұл ақуыздар үшін белсенді химиялық әрекеттесулер жүргізу үшін қажетті атомдық топтардан тұратын амин қышқылдарының қалдықтары сәйкес келеді. Құс жабындарында құрамында β – құрылым мен ретсіз аймақтағы бөлімдеріне енген а-кератиндер түзілген. β – кератиндерден фибрион көбірек зерттелген, β – кератин α – кератиннен полипептидті тізбектерінде дисульфидті байланыстарының болмауымен ерекшеленеді. Соңғысы негізінен антипараллельді ориентацияларға ие, ол сутектік байланыс пен гидрофобты әрекеттесулерді реттейді. Фибрионның екі бірі – бірімен байланысқан полипептидті тізбегінің молекулалық массасы 365 мың окератин құрайды. Олардың құрамында көп мөлшерде глицин, аланин және серин (барлық аминқышқылының қалдығынан 87% окератин, әрбір екінші аминқышқылды қалдық – глицин); цистеин қалдығы және метионин болмайды. Полипептидті тізбекте қайталанатын —Gly—Ser—Gly—Ala—Gly—Ala бар. Фибрионның полипептидті тізбектерінің жұптарын ұқсастыра орналастыру ақуыз кешенінің түзілуін тудырады, ол басқа ақуыз-серицинді (серин қалдығында 40% окератин) құрайды. Көрсетілген химиялық элементтер кератинде қауырсынның және үй құстарының жұмыртқа қабығында 20 түрлі аминқышқылдарының түзеді, сонымен бірге лейцин, тирозин, триптофан, цистин және т.б. түзеді. Мысалы, цистиннің құрамында қауырсынның құрамына енетін бүкіл күкіртті құрайтындай аминқышқылдарының саны көп екендігіне көңіл бөлінеді. Күкірт құстардың қауырсынының құрамына көп әсер етеді, соған орай технологиялық құрамы да жақсы болады. Қауырсындар қиын жанады және жанған қауырсындардың маманданған қорларын құрайды. Балансты тамақтандыру және технологиялық режимді сақтау сапалы және бәсекеге қабілетті өнім алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |