Хабиева алмагүл алтайқызы



бет2/2
Дата06.11.2016
өлшемі0,52 Mb.
#1159
түріДиссертация
1   2

1.2 Коннотация – семантикалық деривацияның бір көрінісі. Денотаттық компонент мағынасына тең келетін тілдік бірлік коннотаттық мағына мазмұнына ұшырау барысында жаңа мағынада, жаңа қызметте қолданылып, мазмұндық (семантикалық) өзгеріске түсетіні белгілі. Сондықтан да, «өзгеріс – деривация, деривация – процесс. Деривация - өзгеріс болғандықтан процесс» [9,20] деген қағиданы негізге ала отырып, коннотаттық макрокомпонентті, оның пайда болып, жүзеге асу процесін деривациялық процестің бір көрінісі ретінде танимыз.


Деривация бастапқы кезде негізгі сөзге жұрнақ қосу, сөздерді біріктіру, сөз тіркесі т.б. амалдар негізінде жүзеге асады деген бағытта ұғынылып келсе, қазіргі уақытта кең мағынада қарастырылып, сөздің түрлену және сөздің туындау процесін білдіретін жалпылама термин ретінде немесе белгілі бір бастапқы тілдік бірліктен кейінгі тілдік бірліктің, яғни кез келген екіншілік таңбаның пайда болу процесін танытатын атау ретінде ұғынылады. Осыған орай тіл білімі ғылымында деривациялық поцестің фонетикалық, грамматикалық және семантикалық түрлері ажыратыла келе, олар деривациялық процестің формалық және мазмұндық типтері негізінде көрініс табады. «Тілдің формалық деривациялық процесіне фонетикалық-грамматикалық құбылыстар, яғни бастапқы таңбаның тек синтагмалық өзгеруі, мазмұндық деривациялық процесіне семантикалық құбылыстар» [9,21], яғни таңбаның іштей өзгеруі жатады. Мазмұндық деривациялық процесс барысында сөз мағынасы кеңейеді, тарылады, күңгірттенеді, екіншілік және ауыспалы мағына мазмұнына ілігеді. Бұл тұрғыда коннотаттық макрокомпонент басқа да лексика-семантикалық деривациялар іспеттес осы мазмұндық деривациялық процесс нәтижесін танытады. Ғалым А.А.Уфимцева сөз семантикасының іске асу процесі сөзөзектік (лексицентристік) және мәтінөзектік (текстоцентристік) бағытта болатынын көрсете келе, оның зерттелуі де осы екі аспекті тұрғысынан жүргізілуі қажет екеніне назар аударады.

Бұл тұрғыда сөз мағынасының қозғалысын танытып, аталмыш бағыттардың жүзеге асу процесін көрсететін тілдік дәйек ретінде Махамбет өлеңдерінің деректерін негізге алуға болады. Себебі ақын тілінде әртүрлі семантикалық деривация процесінің нәтижесін көрсететін сөздер молынан кездеседі. Олардың бірқатары жоғарыда көрсетілген мәтінөзектік (текстоцентристік) бағытты, яғни жекелеген семалар өзгерісінің мәнмәтін (контекст) негізінде жүзеге асуын көрсетсе, енді бірі сөзөзектік (лексицентристік) бағытты танытады. Сөзөзектік бағыт негізінде өзгеріске ұшыраған сөз мағынасының көрініс табуы тілдік (интралингвистикалық) және тілдік емес (экстралингвистикалық) факторларға байланысты болып келеді. Осындай ұзақ уақыт, таным әрекетінің нәтижесі болып табылатын тілдік бірліктер қазіргі тілімізде кездескенімен, кеңею, тарылу, ауыспалы мағына мазмұнына ұшырау процесінің нәтижесінде, өткен ғасырларда қолданылған мағынасынан өзге мәнді қамтитын дүниелер болып табылады. Тараушада осыған қатысты Махамбет өлең жолдарындағы қарындас, ауыр, алаш, байтақ, сан, аға, ала ту, алқалау, қара орман, жетім сөздеріне кеңінен назар аударылады.

Сонымен, синхрондық тұрғыдан қарағанда мазмұндық деривация процесінің нәтижесін танытатын дериваттардың қайнар көзі болып көне ескерткіштер тілі, халық ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар тілі танылса, солардың бір арнасы ретінде Махамбет туындылары саналады. Жоғарыда көрсетілген сөздер бұл күндері кездескенімен, қазіргі тілдік тұрғыдан уәжденбейді. Сондықтан да олар М.М.Копыленко мен З.Д.Попова жіктемесі бойынша екінші дәрежелі коннотативті сема мазмұнын қамтитын тілдік бірліктер болып табылады. Екіншіден, олар тілдің даму барысын, сөз мағынасының жылжу процесін байқата келе, халқымыздың өткен тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрінен көптеген мағлұмат бере алатын мәдени коннотациялар ретінде ерекшеленеді.

1.3 Астарлы мәтін (подтекст) және коннотаттық компонент арақатынасы. «Астарлы мәтін (ой) – эксплицитті жеткізілген баяндаудан туындайтын жеткізілмеген (айтылмаған) мағыналар ағыны. Астарлы мәтін – мәтінді талдап түсіндіру нәтижесінде пайда болатын категория. Мәтіннің өз ішінде дами отырып, тікелей берілген ой үрдісімен салыстырғанда жаңа нәрсе болып табылады» [10], - деп сипатталатын астарлы мәтін категориясы мәтін мәселесіне арналған еңбектерде кеңінен қарастырылып, ерекше орын алған категориялардың бірі ретінде танылады.

Осыған қатысты И.Гальперин, В.Кухаренко, И.Арнольд, А.Камчатнов, А.Лурия, К.Долинин сияқты ғалымдар еңбектеріне шолу жасалынады.



Астарлы мәтін кез келген көркем шығармаға тән, ол алдын ала автордың шығармашылық ойымен жоспарланады. Ақпараттың бұл түрі табиғаты жағынан имплицитті болып келеді, яғни вербалды түрде айтылмайды. Сондықтан мәтінді оқу барысында ол бірден байқалмай қалуы да мүмкін.

Аталған зерттеу еңбектері және белгілі бір көркем мәтінді талдау барысы астарлы мәтіннің жүзеге асу жолдары алуан түрлі болып келетіндігін байқатады. Бұл тұрғыда: «Кез келген астарлы мәтіннің мәні белгілі бір үлгінің бұзылуында жатыр» [11,60], - деп түйген И.Торсуеваның ойы да негізсіз емес. Себебі, толық айтылмаған ойлар, қалдырылып кеткен жолдар, белгілі бір жағдайға деген айтылымның сай келмеуі және тағы басқалары -–астарлы мәтіннің жасалуына негіз бола алады. Сонымен қатар астарлы мәтіннің жүзеге асу жолдарының көрінісі ретінде кейіпкерлер сөздерінің арасындағы кідіріс, монологтың үзілуі, коммуниканттың тап осы кездегі жағдайға маңыздырақ болып келетін тақырыптан бейтарап тақырыпқа (немесе керісінше) кетуі, жағдаяттық қайталаулар, белгілі бір айтылымның қайта-қайта оралуы және тағы басқалары танылады.

Ал лексика-семантика тұрғысынан алғанда, белгілі бір көркем мәтін ішіндегі коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздер мен сөз тіркестерінің ұтымды қолданылуы да астарлы ойдың өрбіп, ұласуына себепкер бола алатынын аңғартады. Бұл тұрғыда Махамбеттің жұмбақ тәрізді жазылған «Шерниязға айтқан жұмбағы» атты өлеңі тарихи шындықты әр түрлі бүркеме сөздер мен образдар арқылы танытуымен қызықтырарлықтай.

Ақын мәнмәтіндегі қолданысына орай жағымды немесе жағымсыз сема танытатын көптеген образдар пайдаланады. Бұл өлең түгелдей бүркеме сөздер мен сөзқолданыстарға негізделген десе де болады. Мәнмәтіндегі арғымақ, лашын, сұңқар, бүркіт, аққу деген зооморфизмдер мен көп қағып дауылпазды көл шайқаған, алты айшылық жер жайқаған, қанат қақпай дәмін татқан, телегей теңіз тасып шамданғанда, жемсау құс деген сияқты икондық (бейнелі) сөз тіркестері мәтіндегі басқа да лексика-семантикалық элементтермен байланысып, ақынның көңіл-күйін, көзқарасын білдіре келе, тарихи шындықты таныта алатын мейлінше терең ойды қамтиды. Диссертациялық жұмыста ойымыз дәйекті болу үшін мәнмәтінмен қатар экстралингвистикалық факторларға да мән беріліп, сол кездегі жалпы жағдай (тарихи, әлеуметтік-саяси жағдай) ескеріле келе, «Шерниязға айтқан жұмбағы» атты өлеңі талданады.

Астарлы мәтін белгілі бір адамның жеке тезаурусына, қасиетіне, ой бағытына, өмір тәжірибесіне қарай әр түрліше ұғынылады. Ал түсіндіру кезінде пайда болатын көпмағыналық мәнмәтін көмегі арқылы ажыратылады.

1.4 Көркем мәтіндегі коннотацияның пресуппозициялық мәні. Айтылған ойды түсінуге мүмкіндік беретін аялық білім жиынтығы лингвистикада пресуппозиция деген термин арқылы анықталады. Ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асқан сөйлесім мазмұнын қабылдауда аялық білім рөлінің орасан зор екендігі, оның тілдік қарым-қатынас негізін құрайтындығы және аялық білімнің қажетті мөлшерде немесе мүлдем болмауы коммуниканттардың түсінісуін жоққа шығаратындығы ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетілген (Ахманова О., Верещагин Е., Костомаров В., Колшанский Г., Арутюнова Н., Столнейкер Р., Ерназарова З. т.б.).

Ауызша сөйлеу актісінде продуциент (автор) пен реципиенттің (оқырман) түсінісуі пресуппозиция ортақтығымен қатар, есту, көру арқылы (дауыс ырғағы, ым, дене, бет қимылы т.б.), қабылдау қабілетімен толықтырылса, коммуникацияның жазбаша формасында тілдік ақпаратты игеру толықтай мәтінге негізделеді. Ал мәтін тілін меңгеру – бұл адамның білім деңгейіне, тезаурусына, өмір тәжірибесіне тікелей тәуелді. Әсіресе, белгілі бір дәрежедегі дайындықтың (пресуппозицияның) болуын өзге халық тілі мен ұлттық көркем сөз тілі қажет етеді. Себебі, әрбір халықтың рухани және дүниелік өмірін, елдік қасиетін, таным-түйсігін, салт-санасын, қоғамдық қатынастарын танытатын – оның тілі. Кез келген ұлт тілінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Ол халықтың рухани өмірі мен діліне байланысты болып келеді.

Осыған орай да батырлық пен ерлік, өмір шындығы образдылықпен ұштасып, шынайы түрде көрініс тапқан Махамбет өлеңдерінің рухын бүгінгі таңда саналы түрде ұғыну, эстетикалық жағынан дұрыс қабылдау, жан-тәнімен сезіну – оқырманнан белгілі бір дәрежедегі дайындықты талап ететіні сөзсіз. Бұған, бір жағынан, туындылардың көнелігі себеп болады. Ақын өз өлеңдерін XIX ғасырдың І жартысында өзімен тағдырлас, замандас болған адамдарға арнаған. Уақыт өте келе, мәдениеттің, тарихтың, саясаттың өзгеруіне сай, сол кезде түсінікті болған сөздердің, астарлы ойлардың көбі бүгінгі оқырманға беймәлім. Екінші жағынан, көркем мәтіннің мазмұны мен оның коннотациялық сипатының түсінікті болу-болмауы, автор мен оқырман пресуппозицияларының сай келу-келмеуіне байланысты болады. Махамбет поэзиясы тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні, образдарының мән-мағынасы толық танылып ашылмауы – бұл қазіргі кездегі оқырман пресуппозициясы мен ақын пресуппозициясының сай келмеуінде болса керек. Ал Махамбет пресуппозициясының (аялық білімі мен таным тереңдігі, онымен тамырлас шығармашылық сипаты) жоғары деңгейде болғанын біз ақын өлеңдерін оқи отыра аңғарамыз. Сонымен қатар оның арабша, орысша, татарша сауатты болғаны, «Құранды» терең білгені, «Қырымның қырық батырын» және өзіне дейінгі жыраулар шешендігі мен халық даналығын игергендігі де оның шығармашылық тұлғасын толықтыра түсетін жайттар.

Махамбет шығармаларындағы көркем сөздің пресуппозициясы мен тарихи коннотациясын түсіну – экстралингвистикалық жағдаят, адамның жеке танымдық ассоциациялары, аялық білім деңгейі байланысына тіреледі деген пікірімізді дәлелдей түсу үшін жұмыста Махамбеттің: «Мұсылманшылық кімде жоқ, // Тілде бар да, дінде жоқ», «Дұшпаның қарсы келгенде, // Ер дініне берік болсын!» – деген өлең жолдары талданады.

Жұмыстың екінші тарауы «Махамбет тіліндегі мәдени коннотация» деп аталады. Ассоциативті ойлау халықтың мәдени-тарихи өмірімен тығыз байланыста көрініс тауып, тілді қолданушылардың «ұжымдық есін», «мәдениет ескерткішін», «ұлт өмірінің айнасын» танытады. Сондықтан да ғаламның тілдік бейнесін қалыптастырудағы әр ұлттың өзіне ғана тән таным, ассоциативті-образды ойлау ерекшеліктерін айшықтауға бағытталған мәдени коннотацияның мәні айрықша. Бұл тұрғыда Махамбет тілінде үстеме мағына мазмұнына сәйкес сипаттауыштық, символдық, бейнелеуіштік қызметте жұмсалған жер-су, жан-жануар, құс, киім, түр-түс т.б. атаулары мен фразеологиялық сөз орамдары ұлттық-мәдени коннотация мазмұнын танытатын тілдік таңбалар ретінде көрініс табады.

2.1 Махамбет тіліндегі коннотацияның түрлері. 2.1.1 Топонимдер мен антропонимдердің коннотациясы. Өткен заман куәсі болып табылатын жер-су атаулары мен кісі аттары әрбір халықтың болмысы мен мәдениеті, тарихы мен қоғамдық өмірі жөнінен аса құнды мағлұмат беретін көне дерек көзі болып танылады. Кез келген этностың өмір-тіршілігі белгілі бір жағырафиялық кеңістікте көрініс тауып, оның тілінде таңбаланады. Сондықтан ономастикалық лексика өзінің номинативті функциясымен қатар оған тән ұлттық-мәдени таңба ретіндегі танымдық қызметімен де ерекшеленеді. Ономастикалық лексиканың дәстүрлі атауыштық қызметінен белгілі бір объект және осы объектіні сипаттайтын белгілер таңбасына ауыса алатыны бұлардың өн бойындағы экстралингвистикалық ақпараттың жоғары деңгейде шоғырлануымен түсіндіріледі.

Кумулятивтік қызметін жүзеге асыра отыра, топонимдер мен антропонимдер аталмыш объект жөнінде бүкіл ақпаратты қамтиды. Ал олардың сол тілді тұтынушы адам санасында, көбінесе, тарихи-әлеуметтік мазмұндағы коннотациялар туғызуы – бұл ономастикалық лексиканың тарихи оқиғалар мен аса танымал жағдаймен байланысты болуының белгісі. Топонимдер мен антропонимдер жеке-дара тұрып белгілі бір ақпаратты береді. Сондай-ақ олардың бір ерекшелігі, белгісі негізінде іштей байланысқан топтық атаулар да өзіндік бір ақпаратқа ие. Осындай топонимдік, антропонимдік лексика жүйесі белгілі бір бейне таныта алады. Мысалы, Нарын, Бекетай құмы, Жасқұс, Сағыз, Жайық, Қиғаш, Жәңгір хан Исатай, Баймағанбет сұлтан т.б. дегенде санамызда Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы, 1836-1837 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс жаңғырып, тілімізге Махамбеттің өлең жолдары оралады. Себебі, Исатай-Махамбеттің көтерілісі кезінде қиян-кескі шайқастар майданы болған жер-су атаулары мен замандас адамдар аттары, ру-тайпа атаулары Махамбет поэзиясында кеңінен орын алған.

Нарынның шығысы – Бекетай құмында дүниеге келіп, Қиғаш, Тептер, Жайық өзендерінің жағалауындағы сай-салалы, шұрайлы мекенде өсіп-өрбіген Махамбет үшін Нарын, Бекетай құмы, Жайық, Қиғаш т.б. – нақты жер атаулары емес, ішкі дүниесінде өшпес орын тепкен ең қадірлі, ең қастерлі ассоциациялық ұғымдар. Бұлар ақын тілінде «туған жер, атамекен, Отан, кіндік кескен өңір» концептілік ұғымын беретін сөз-символдар.

Ақынның «Айналайын Ақ Жайық» деуінің өзі-ақ оның жерге, елге деген ыстық сезімін, сүйіспеншілігін танытады. Бұл жердегі ақ лексемасы Э.Севортянның сөздігі көрсеткен: «ағу қимылын білдіретін етістік (ағыны қатты су)» және зерттеуші Ұ.Серікбаеваның: «Ақ – кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз… Ақ Жайық өзенінің атауын о баста «ені кең, жайылып жатқан өзен» деп жобалауға болады» деген пікірлерін қостай келе, сонымен қатар оның «киелі, қасиетті» мағынасындағы сөз-символ іспеттес коннотаттық мәнін де көрсеткен жөн. Ал Махамбеттің: «Ауыр әскер қол ертіп, // Жасқұсқа барып кіргенде», - деп келетін өлең жолдарындағы Жасқұс құмының атауы Жәңгір ханды, «ағаш үйді» (Жәңгір хан Сарайын), әділетсіздік пен озбырлықтың орталығын елестетсе, «Көзінен тізіп жіберді-ау // Орынбор деген қалаға-ай!», - дегендегі Орынбор қаласының атауы орыс патшасының саясатын жүзеге асырушы Орынбор казачествосын бейнелеп, Махамбет үшін өз тұрмыс тіршілігінен тыс, рухани өміріне жат елдің, мекеннің коннотациялық атауын танытады.

Махамбет мұрасын зерттеушілер әр кезде де ақын өлеңдерінің өзіне дейінгі жыраулардың көптеген образдарымен, кейде тұтас жолдарымен ұштасып жатуын «өзіне дейін поэтикалық дәстүрді жинақтаушы (синтездеуші) ақын» [12,181] ретінде танытып, «… тегінде дәстүрлі жалғастық, ауысу, мұралану дегендердің өзі осы «қайталаулардан» көрінбек [13,174] дегенді баса айтатыны белгілі.

Жыраулар мұрасын әдеби тілдің қажетіне жарату – бұл байырғы лексикалық байлықты сарқа пайдалану, реңк беру, тармақ үйлесімі сияқты себептерді ескеру дей тұрғанымен, бұны біз жаңа жағдайға, тариххи шындыққа байланысты өзге мазмұнды, өзіндік бір мәнді таныту мақсатынан туындаған көркемдік қажеттілік деп табамыз. Мысалы, Махамбет бірде: «Кет-Бұғадай билерден // Ақыл сұрар күн қайда?» – деп келетін образ қолданады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Кет-Бұға – XIII ғасырда ғұмыр кешкен тарихи адам, атақты би. «Көне түркі тілінде «Кед» (кет, келі, кез) – күшті, мықты. «Бұғы» - бұға, бұқа, бүке – батыр, күшті адам, бөгу – дана, данышпан деген ұғым береді» [14,516]. Академик Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде зерттеуші А.Сейдімбековтің сөзін келтіре отыра, бұндай сөзқолданыс Доспамбет жырау тілінен сақталып келгенін растайды. Біздің ойымызша, Доспамбет жырау мен Махамбет ақын өлең жолдарындағы бұл образды тіркес тек сыртқы формасы жағынан үндесіп жатыр. Ал осы қолданысқа салынған ой мен мән әр басқа. XV ғасырда жасаған Доспамбет жыраудың: «Кет-Бұғадай билерден // Кеңес сұрар күн қайда!» деп жырлауында өзіндік бір себеп бар шығар. Ал Махамбет ақынның араға үш ғасыр салып Кет-Бұғаны аузына алуына таза тілдік факторлармен қатар, тарихи-әлеуметтік жағдай, объективті шындық итермелеген болу керек. Ақын тілінде Кет-Бұға – бұл нақты адамның есімі емес. Ол жинақы образ. «Кет-Бұғадай билер» деп келген теңеуімен ол Шыңғыс, Әбілқайыр, Абылай хан замандарында өмір сүріп, өздерінің елдің әдет-ғұрпын жақсы білуімен, дана сөздерімен, әділділігімен бүкіл байтақ елге танымал болған ақылгөй билерді, ақсақалдарды танытады. Дәлірек айтқанда, «Кет-Бұғадай билерден // Ақыл сұрар күн қайда?» деп ақын, біріншіден, өз өсиеттерімен, әділ сөздерімен бағыт берген, төреші болған, ел бірлігін көксеген би-шешендер заманының кетіп, сонымен бірге көшпелі салт-дәстүрдің де құлдырауын көрсеткені болса, екіншіден, тек жеке бас қамын ойлайтын, алдау-арбаумен күнін көретін, өз заманының әділетсіз би-сұлтандарын әшкерлегені деп түсінеміз. Яғни, Махамбет тілінде бұл жай қайталау емес, өзіндік бір тың мазмұн жүйесін құрайтын коннотаттық мағынадағы образды тіркес.

Жалпы топонимдер мен антропонимдер, біріншіден, белгілі бір объектінің мазмұнын (жер бедері, жануарлар, өсімдіктер әлемі, тарихи жағдай, халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, қалыптасу кезеңі, қабаты т.б.) ашуға бейім, мүмкіндігі мол категориялар болып танылса, екіншіден, олар өзінің сипаттауыштық, символдық, аялық, бейнелеуіштік қызметтерімен ерекшелене келе, көркем мәтін тілінде танымдық тұрғыдан маңызды мағына тудырушы рөл атқарады.

2.1.2 Жан-жануар атауларының коннотациясы. Тілдік қордың ең көне әрі көлемді қабатының бірі болып жануарлар атауларына қатысты сөздер мен сөз тіркестері танылады. Бұл – жануарлардың ғасырлар бойы халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігімен (жыртқыш аңдармен күресу, аң аулау, етін, сүтін тамақ ретінде пайдалану, терісінен киім тігу, сүйегінен құрал-жабдықтар жасау, көлік ретінде пайдалану т.б.) тығыз байланыста болып, адамның дүние танымына, көзқарасының қалыптасуына мейлінше әсер тигізгенімен түсіндіріледі. Осыған орай тілде жан-жануар атауының негізінде жасалған теңеулер, метафоралық сипаттамалар, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Олардың пайда болуы о баста малға, аңға байланысты болғанымен, айналып келгенде адамға бағышталып, әртүрлі зоосипаттамалар негізінде адамның мінезі, іс-әрекеті, сыртқы көрінісі, жақсы-жаман қасиеттері айшықталады. Бұл кез келген ұлт тіліне тән құбылыс дей келе, оның әр тілде өз ұлт дүниетанымы, ділі, мәдениеті тұрғысынан жүзеге асатынын да ескереміз. Яғни, белгілі бір мағына екі түрлі ұлт тілінде әр басқа ұғымдармен коннотацияланып, өзіне ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс табады.

Коннотациялық мәнді зооморфизмдер белгілі бір ойды нақты, әсерлі, көркем түрде жеткізу мақсатымен көркем әдебиет тілінде де кеңінен қолданылады. Олар белгілі бір тіркес құрамында астарлы мағына жүйесіне ілігіп, бірде жағымды мағына берсе, кейде жағымсыз мағына мазмұнын құрайды. Осымен байланысты суреткер санасында кейбір өзара ұқсас қасиеттерін салыстыру негізінде қалыптасатын ассоциация арқылы адамның орнына немесе белгілі бір құбылысты сипаттау мақсатында жануарлар атауларының ұшырасуы, яғни олардың өзіндік мінез-құлқына, пішініне, мүшелік белгілеріне, іс-әрекетіне т.б. ерекшеліктеріне байланысты метафоралық ауыс қолданылуы белгілі бір образ жасау, модальділік көзқарасын білдіру, әсерлігін күшейту мақсатында Махамбет шығармаларында ұтымды да шебер пайдаланылған. Ақынның адам мінезіне, сыртқы келбетіне, іс-әрекетіне, түрлі қасиетіне байланысты қолданылған аң атауларының семантикалық бірліктері үстеме образдылық, бағалауыштық, эмоционалдық, экспрессивтік мағына үстейді. Мысалы, Махамбеттің: «Керіскідей шандозым! // Құландай ащы дауыстым!» - деп келетін өлең жолынан «керіскі» сөзін кездестіреміз. 1962 жылы шыққан Махамбеттің өлеңдер жинағында: «Керіскендей шандозым – керіскендей – негізі – керу. Тартысуға, керісуге байланысты «төзімділік» ұғымында. Шандозым – кербездің синонимі», - деген түсінік берілген. Бұл арада Махамбет өлеңіндегі «керіскендей» сөзінің текстологиялық анықтамасына негіз болған – кер, керіс етістіктерінің қазіргі тіліміздегі мағынасы. Немесе, 2004 жылы жарық көрген Махамбет энциклопедиясында: «Керіскі – 1.Жұқа етіп басылған сырмақ, қалпақ сияқты сәнді киім, бұйым тігуге арналған ақ киіз. 2.Керіскідей – көз тартатын үлкен», - деп көрсетілген [14,515].

Бірақ бұл жерде, біздің ойымызша, «керіскідей шандозым» дегенді басқа мағыналық негізде түсіндіру қажет. Оны бұл сөздің мағынасына қатысты тарихи-салыстырмалы зерттеу барысы байқатады. Бұл сөзді біз Н.И.Ильминский нұсқасындағы (1860 ж.) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан да кездестіреміз: «Әлекем Қозыкені керіп атты, // Қозыке керіскедей болып жатты». Немесе, М.Сералиннің қазақ тіліне аударған «Рүстем-Зораб» дастанында: «Керіскедей керіліп, // Жатыр жерде созылып», - деп келетін жолдар бар.

Керіскі - мүйіз тұмсықты жануар, яғни носорог деп Л.З.Будаговтың сөздігінде көрсетілген: «уйг. «керсъ» - носорогъ». Демек, Махамбет Исатайды керіскідей деп тұрғаны – оның бейне-бітімін, сыртқы тұлғасын теңеу негізінде батырдың соқталығын, айбатын, айбындылығы мен күшін образды түрде бергені.

Жұмыста осыған сәйкес арыстан, қабылан, жолбарыс, серке, тарлан, нар, тағы, тарпаң, жылқы (арғымақ, жүйрік ат, тұлпар, көк бедеу, қазанат т.б.), қасқыр, қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян, төбет деген сияқты сөздердің Махамбет тіліндегі үстеме мағыналары қарастырылып, жағымды және жағымсыз семалары айшықталады.

2.1.3 Құс атауларының коннотациясы. Коннотативті жүйеде өзін және сомдап отырған бейнелерін аспан перзенті – құс атауларына балап көркем суреттеу – Махамбет поэзиясында кеңінен орын алған тәсілдердің бірі. Ақын тілінде ұшырасқан құс атаулары адам бойынан табылар әр түрлі қасиеттерді бейнелеу үшін, кейде басынан кешкен жағдайларды, көңіл-күйін таныту мақсатында поэтикалық тілдік құралдарға айналған сөздер болып табылады. Мысалы: «Мен – қарақұстан туған қалықпан, // Сөйлер сөзге жалықпан», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын // Бір сұңқарға жұбаймын», «Аспанда ұшқан ақсұңқар, //Қолымда тұйғын, лашын», «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, // Қанатың қатты, мойның бос» т.б.

Махамбет өз тыңдармандарына әсерлі, түсінікті болу үшін, суреттеп отырған бейнені немесе оқиғаны оқушыларының көз алдына елестету үшін өлеңдерінің мазмұнын, өзінің айтпақ ойын әр алуан эпитет, метафоралық теңеулер, поэтикалық контраст негізінде шебер өрбітеді. Мысалы, мақсаттары орындалмай, жолдастары оққа ұшырап, Исатай жау қолынан қаза болған күн Махамбет өлеңінде: «Аса шапқан құлаша ат // Зымырандай болған күн. // Арқауылдың бойынан // Теріскей дауыл соққан күн», - деген сияқты образды тіркестер негізінде көрініс табады. Осы өлең үзіндісінен атты зымыран құсына теңеу үлгісін кездестіреміз.



Зымыран – суға сүңгігіш құстардың бірі. Ұлттық танымы мен көркем әлемі бір тұтасқан ақын Е.Раушановтың көрсетуі бойынша, оның әлемде 87 түрі кездеседі және әр елде ол әртүрліше аталады. Мысалы, балқар, қарашай тілінде «балыкчы чымчык» делінсе, башқұрттарда ол «балықсы торғай» деген атпен белгілі. Сонау ескі замандардан бері қарай сан елдің әдебиетінде әдеміліктің символы ретінде жырланып келе жатқан бұл құс шығыс ақындары шығармаларында ағаш бұтағына періште іліп қойған лағыл-гауһарға теңелсе, көне Қытайда оның көгілдір қауырсындарын император сарайының ханшалары бас киімдеріне қадаған. Ал орта ғасырлық Еуропада үйді «бәле-жәле, қауіп-қатерден, тіл-көзден сақтау үшін» зымыранды үйдің маңдайшасына тұмсығынан іліп қоятын болған [15].

Сондай-ақ халық танымында зымыран ерекше шапшаңдылығымен де белгілі. Оның шалт қимылы, суға оқтай зулап, судың үстінгі қабатында жүзіп келе жатқан балықты қас қағым уақытта іле жөнелуі осы құстың зымыран деп аталуына да негіз болса керек: зымыранзымырау.

Махамбет тілінде де аталмыш құстың аса шапшаңдылығы, зымырауы басшылыққа алынғаны аңғарылады. Жоғарыда көрсетілген өлең жолындағы «Аса шапқан құлаша ат» деген жағымды образ негізінде ақын Исатай бейнесін сомдай келе, оның тез, зымырап өткен қысқа өмірін зымыран құсы арқылы танытып, қаза болғанын меңзеп тұрғандай.

Қазіргі тілде зымыран – ракетаның қазақша баламасы. Сонда зымыран (құс) және зымыран (ракета) коннотацияларының уәжі бір. Ол – «жылдамдық» семасы.

Диссертациялық жұмыста зымыран лексемасы іспеттес лашын, қарақұс, қалықпан, ақсұңқар, құмай, қыран, бүркіт, қызғыш құс, аққу, шағала құс атауларының да Махамбет тілінде көрініс тапқан үстеме мағыналары көрсетіледі.

2.1.4 Түр-түс атауларының коннотациясы. Махамбет өлеңдерінде қолданыс аясы тұрғысынан тек номинативтік және көркемдегіш-сипаттауыш қызметтерімен шектелмей, өзіндік символдық, танымдық терең мәнге ие болуымен ерекше көзге түсетін лексика-семантикалық топтар қатарына түр-түс атаулары да жатады.

Тілдегі түр-түс атаулары белгілі бір заттың сапалық сынын ғана білдірмей, сонымен қатар белгілі бір этностың ұзақ тарихы, оның рухани, мәдени өмірі, эстетикалық талғам-танымы, ұлттық психологиясы, салт-сана, әдет-ғұрпы туралы да мол мағлұмат бере алатын күрделі категория болып табылады. Бұл түр-түс атауларының әр түрлі аспектіде (лингвистикалық, психологиялық, когнитивтік, тарихи-мәдени, этнолингвистикалық тұрғыдан) зерттелуімен айшықталады.



Ғалымдар еңбектерінде түр-түс атауларының табиғаты халықтың тұрмыс-салтына, наным-сеніміне, ұлттық дүниетанымына, қоршаған табиғи ортаға тәуелдене айшықталып, түстердің мәдени ассоциациясы көрініс табады (А.Кононов, Э.Севортян, Ә.Қайдар, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Ш.Жарқынбекова, Н.Аитова, Ұ.Серікбаева, Ф.Ахметжанова, Қ.Қайырбаева т.б.). Олардың кейбір үлгілерін Махамбет өлеңдерінен де көреміз: ақ түс атауына қатыстыақ кіреуке, ақ алмас, ақ семсер т.б. («өткір», «мықты», «сапасы өте жоғары», «болаттан жасалған»), ақша бет («сұлу», «көрікті»), ағыны күшті ақ дария, ақтабан, ақбөкен («тез», «жылдам», «шапшаң», «жүйрік»), ақкөңіл, ақ жүрек («таза», «пәк», «жылы», «әділ», «адал», «мейірбан»), ақ жұмыртқа («бала», «жасөспірім», «пәк»), ақсүйек («текті», «хан», «төре», «таза», «біртекті», «қоспасыз»); қара түс атауына қатыстықара нар («күшті», «мықты», «төзімді»), қара («қарапайым халық», «күшті», «мықты»), қара саба, қара қазан («қасиетті», «киелі», «берекелі», «құтты»), қара болат, қара балта («таза», «қоспасыз», «берік», «мықты», «өткір»), қара бұлт («қою», «шоғырланған», «көп», «айбарлы күш»), қара бас («жеке», «дара», «жалғыз»), қара су («жұғымсыз», «сіңімсіз», «құнарсыз»), жау қарасы («сан», «мөлшер», «шама»); ала түс атауына қатыстыала ту («соғыс туы», «ұрысқа ұстайтын ту»), алаулау («соғысу», «шабуылдасу»), алалы жылқы, алаға-ай («мықты», «күшті», «жүйрік»); көк түс атауына қатыстыкөк семсер, көк сүңгі («сапасы өте жоғары», «суаруы қанық», «мықты», «өткір»), көк бедеу, көгілдір-ай (жылқыға қатысты – «мықты», «жүйрік», «үстем», «жеңімпаз», «киелі», «қасиетті»), көк шалғын («шөбі мол», «құнарлы»), көк («аспан»); сары түс атауына қатыстысары дала («ұлан-ғайыр», «кең», «ұзаққа созылған», «жайбарақат», «немқұрайды»), сары атан («жай», «ұзақ жолға төзімді»), сары жебе («сары мыстан немесе жезден жасалған оқ»), сары алтын, сары бал, сары сусар бөрік («таза», «қоспасыз», «молшылық»), сары бала («жас», «өскелең ұрпақ»); боз түс атауына қатыстыбоз ағаш, боз орда («қасиетті», «киелі», «көне»); қоңыр түс атауына қатыстықоңыр қаз («қарапайым», «өзімен-өзі), қоңыр салқын («дене тоңазытатын, қатты тоңбағанмен, тітіркенетіндей күз желі немесе жаз бітер тұстағы түнгі салқын»); қызыл түс атауына қатыстықызыл гүл, қызыл көйлек («әдемі»), қызыл сырлы жебе («ең тәуір», «өткір», «қауіпті», «шапшаң»), қызыл изен («жақсы», «жаңа көктеп келе жатқан», «жас»).

2.1.5 Киім атауларының коннотациясы. Ақын тілінде жалпы киім атауына қатысты тілдік бірліктер көп кездеспейді. Бары – 8-9 атау. Атап айтқанда, олар: «сары сусар бөрік, қытайы қызыл көйлек, қынама бешпент, қаптама, кіреуке, дулыға, көбе, жаға» және «Басына жібек байлаған // Арулар кімнен қалмаған?!» деп келетін өлең жолындағы жібек сөзі. Ақын шығармаларының мазмұнына шолу жасау барысы бұлардың (киім атауларының) кейбірі философиялық ой өрбіту, көркем суреттеу қызметінде жұмсалғанын, енді бірі бейнелеуіштік, символдық қызметте қолданылып, үстеме мағынаның туындауына себепкер болғанын байқатады. Жұмыста аталмыш киім атауларының танытатын жанама мағыналары қарастырылады.

2.1.6 Фразеологиялық коннотация. Халық ғасырлар бойы аз сөзбен көп ойды жеткізетін нақты, көркем сөз оралымдарын пайдаланып отырған. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, күнделікті өміріне байланысты туындаған коннотациялық сипаттағы фразеологиялық бірліктер халықтың ассоциативті-образды ойлауы нәтижесінде пайда болып, ұлттық-мәдени ақпарат мазмұнын танытатын нышандар болып есептеледі.

Махамбет өлеңдерінде мәнерлегіш-көркемдік бояуы басым фразеологиялық сөз орамдары көптеп кездеседі: көз көрім жер, мейманасы тасу, ат салу, әзіреттен ант ішу, ата жау, еңселігім екі елі, ер көңілін желдету, маңдайынан күн өтіп, жауырынан жел өту, еңсесі түсу, ат үстінде күн көру, тебінгі теріс тағыну, дініне берік болу, тауын қайтару, қызғыштай болу, шағалалы көлдей шалқу, дем беру, алты құлаш ақ найза, ақылды алпыс жаққа шаптыру және тағы басқалары. Бұлар ақын көзқарасын, ерекшелігін таныту, айтар ойын ерекше әсерлі етіп, белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған.

«Махамбетте кездесетін фразеологиялар жайлы сөз еткенде аса бір ерекше ескерілмек нәрсе – бұл фразеологияларда жауынгерлік стиль бояуы анық байқалып тұруы» [13,197]. Мысалы, «садақ асыну», «егеулі найза», «көк семсер», «дулығалы бас», «орма мылтық», «кескекті ердің сойы», «қанды көбе кию», «керегесін қиратып отын ету, туырлығын кесіп тоқым ету», «ұрандап жауға тию», «қамалды бұзу», «қанды көбік жұтқызу» және осы іспеттес тағы да басқа тіркестер «жаумен соғысу», «ұрысқа сай ер-азамат», «жауынгер», «мықты, күшті», «жеңімпаз», «өршіл рух» мағынасындағы бейнелерді сомдау үшін қолданылған тіркестер болып табылады. Сонымен қатар жұмыста «ес едік», «шұнақ хан», «халыққа тентек атану», «Темірқазық жастану», «қу толағай бастану», «аламанға жел беру» деген сияқты тіркестер талданады.

2.2 Махамбет қолданысындағы көріктеу құралдарының коннотациясы. Көркемдік, прагматикалық бояуы айырықша коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің басым көпшілігі троптар негізінде пайда болады. Олар айтылмақ ойға сай көркем бейне сомдай келе, автордың көзқарасын, дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен сөз жұмсау шеберлігін танытады.

Махамбет негізгі тақырыбына орай қару-жарақ, сауыт-сайман атауларын кеңінен қолдана отыра, өз тындармандарына жақын, түсінікті болу үшін халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесін, ұлттың психологиялық, философиялық ойын танытатын этномәдени бірліктерді көркемдік қажетіне қарай ұтымды пайдаланып отырған. Бұл мәдени ақпарат мазмұнын қамтитын тілдік таңбалар метафора, теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха, ұлғайту (гипербола) сияқты көріктеу құралдары мен амалдары негізінде көрініс тауып, автордың ойын дәл, экспрессивті, сомдамақ бейнесін көркем, айшықты болуын қамтамасыз етеді.

Бұл жұмыста Махамбет туындыларында кеңінен қолданыс тапқан эпитет, теңеу және метафора деген сияқты көріктеу құралдары ғана қарастырылады.

2.2.1 Эпитет – бұл белгілі бір заттың сын-сипатын ғана танытатын құрал емес. Ол көркем мәтін ішінде, әсіресе, поэзия тілінде кеңінен қолдана келе, көркемдеуіш, бейне тудырушы және коммуникативті-прагматикалық қызметтерімен де ерекшеленетін көркем мәтін компоненті болып табылады. Эпитеттер поэзия тілінде көркем бейне сомдай келе, автордың дүниетанымын, эстетикасын, белгілі бір затқа немесе құбылысқа деген субъективті көзқарасын, идиостилін танытатын көркем дүниелер болып есептеледі. Сондықтан да болса керек эпитеттер Махамбет шығармаларында кеңінен қолданыс табады: егеулі найза, қозы жауырын оқ, балдағы алтын құрыш болат, қарқыны күшті көк семсер, қоңыраулы найза, орма мылтық, жалаулы найза, шал жебе, толғамалы ақ мылтық, көн садақ, қималы найза, ақ семсер, қанды көбе, ақ сұңқар, аймақ көл, қоғалы көлдер, алалы жылқы, мұнар күн, жалған дүние, ана Еділ т.б. Бұлар мәтін ішінде көркемдік қызмет атқара келе, әсем де әсерлі бейне сомдау үшін қолданылады. Жұмыста «еңіреген ер», «алтын ер», «буыршын мұзға тайған күн», «бура атанға шөккен күн», «кілегей қатқан Еділ», «қом сулар» деген тіркестерге кеңінен назар аударылады.

2.2.2 Теңеу. Махамбет тіліндегі келесі өнімді бейнелеу тәсілдерінің бірі – теңеу. Теңеу - интеллектуалды қызметтің ең бір көне түрі ретінде таныла келе (Э.Сепир), ұлттық сана-сезіммен, халықтың мәдениетімен, адамдардың өмірлік тәжірибесімен астасып жататын лингвомәдени бірлік болып табылады.

Махамбет шығармаларында кеңінен орын алған теңеулердің бір түрі - бұл халық ауыз әдебиетінде, жыраулар туындыларында жиі қолданылып, тұрақтанған дәстүрлі поэтикалық теңеулер. Олар ақын поэзиясының ұлттық нақышын, экспрессивті-эмоционалды бояуын, көркемдік қуатын арта түсіретін дүниелер болып табылады. Мысалы: «Маңыраған қойдай шулайды», «Ақ бөкендей ойнайды», «Аш күзендей белін бүгілтіп», «Күшіктей даусын қыңсытып», «Арыстандай ақырған», «Жолбарысша жорыттым», «Қабыландай қайранға соғып», «Үдей соққан дауылдай», «Мылтығын қардай боратып», «Оқ жаңбырдай жауған күн», «Сапырып судай шашқан күн» т.б. Бұл – теңеулер көнелігінің, көркемдік дәстүр жалғастығының, Махамбет поэзиясының ата-бабалар ойлау-пайымдауы мен қаһармандық жырлардың әсері негізінде туындағандығының көрсеткіші.

Сонымен қатар, Махамбеттің өзіндік қолтаңбасын танытатын соны теңеу-суреттер де аз емес. Мысалы: «Қызғыштай болған есіл ер», «Еркек қойдай бөлініп, // Қырқарланып өткен ер», «Жау бір өрттей қайнайды», «Қайраңнан алған шабақтай // Қия бір соғып ас етсем», «Құландай ащы дауыстым!», «Қырмызыдай ажарлым!», «Хиуадай базарлым», «Теңіздей терең ақылдым!», «Мен келелі қара бұлтпын», «Шортаны қара бақандай», «Бақасы сары атандай», «Сонасы қоңыр үйректей» т.б.

Махамбет өлеңдерінің тақырыбына орай ақын тіліндегі «шамырқансам, шатынап сынар болатпын», «суаруы қанық көк сүңгі ем», «қылыштай қиғыр алмас ем» деп келетін метафоралы теңеулер іспеттес жануарға, өсімдікке, құсқа, табиғат құбылысына баланып жасалған теңеулердің негізінде де қас батыр, ел қамы үшін күрескен азамат бейнесі сомдалады: «Атадан туған аруақты ер, // Жауды көрсе, жапырар // Үдей соққан дауылдай», «Арыстандай ақырған // Айбатыма шыдамай, // Хан баласы жылады-ай», «Бұрала біткен емендей // Қисық туған сорлы ағаң», «Палуан жолбарыс секілді // Алысқанды алып ұрған білегім», «Атқанын қардай боратқан, // Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан» т.б..



2.2.3 Метафора. «Поэзия - әсемдік әлемі, ол – халықтың ақын, жырау қаламымен (көмейімен) танытылған эстетикалық, философиялық, психологиялық, танымдық дүниесі» [16]. Ал поэзия тілінде сол дүниені көрсетуші құралдардың бірі болып – метафора танылады.

Метафора – бұл екі затты немесе құбылысты ұқсатып салыстыру негізінде, олардың белгі-қасиеттерінің ассоциациялануы нәтижесінде сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы. Сонымен қатар ол сана мен тілдің тығыз байланысын, дүние туралы ойлаудың тілдік бейнеленуін көрсететін ерекше құбылыс болып танылады. Оның мәні екі затты немесе құбылысты ұқсатып салыстыруда ғана емес, соның негізінде дүниені, қоршаған ортаны танып-білуде. Метафора – ойлау мен танымның, шығармашылық процестің, ұзақ уақыттың нәтижесі болып табылады. Ол әрдайым ауыспалы мағынада келіп, ойды дәл жеткізу, көркем де әсерлі бейне тудыру, тың мазмұн үстеу ерекшелігіне орай поэзия тілінде кеңінен орын алады. Махамбет поэзиясында сомдалған көркем бейнелердің көбі де осы метафора тәсілі негізінде туындаған. Ақын белгілі бір құбылысты, аң-құс, қару-жарақ атауын суреттеліп отырған объектіге балап бейнелеуі арқылы жағымды немесе жағымсыз мағына таныту, айтпақ ойын экспрессивті, бейнелі түрде жеткізу, өз тыңдармандарына түсінікті, жақын болу мақсатын көздеген. Мысалы, Махамбет «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде» өз бейнесін: «Мен бір шарға ұстаған // Қара балта едім, // Шабуымды таппай кетілдім, // Қайрасаң, тағы жетілдім», - деген жолдар арқылы таныта келе, өзін шарға ұстаған қара балтаға балайды. Осы өлең контекстісіндегі шар сөзі қазіргі қолданысымызда «геометриялық дене; астықтықтың үгітілген, бірақ қауызынан ажырамаған басы; шұбырған көп із, шиыр», «кексе, тоқтасқан, кәрі» деген мағыналарда ұғынылады. Сонымен қатар Батыс өңірінің жергілікті тілінде ол «шарық, шарық қайрақ» мағынасында жұмсалады.

Бірқатар еңбектерде Махамбет өлеңіндегі шар сөзі осы «шарық қайрақ» мағынасында танылады. Мысалы, ғалым З.Ахметов жоғарыда келтірілген өлең жолындағы «балта» сөзінің метафоралық мән-мағынасы жөнінде: «Балтаның әртүрлі ерекшеліктерін сипаттайтын анықтама сөздер күрескер ақынның бейнесін де сипаттайды… Алдымен өзін «шарға ұстаған» – қайралған, өткір балта деуі ел бастауға, күреске, батыл қимылға тиісті дайындығы болғанын, соған бел байлаған қалпын танытады. Ал «шабуын таппай кетілдім» деп сол күрестің сәті түспегенін, өзінің мақсатына жете алмай, күші азайып, көңілі басылғандай боп қалғанын аңғарта келіп, керекті жағдай туса, әлде де күреске шығатын жігер-қуаты бар екенін «қайраса, тағы жетілдім» деумен айқын да әдемі етіп айтып береді» [17,54], - деп жазады.

Демек, ақын тілінде шарға ұстаған қара балтамықтылық, күштілік, беріктік, қайсарлық семаларын таныта келе, жағымды бейне сомдайды.

Енді бірінде Махамбет: «Қылыштай қиғыр алмас ем, // Шарға шауып мұқалдым», - деп жырлайды. Бұл өлең жолындағы «шарға шабу» тіркесінен де «шайқасу», «күресу», «жауға қарсы шығу», «жаугершілік» сияқты үстеме мағыналары аңғарылады. Шар сөзінің бұрынғы кездегі қолданысы туралы ғалым Р.Сыздықова: «Қазақ тілінде шар сөзі жеке тұрып та бұрын «жанжал, дау» мағынасында қолданылып келген: «Шарға салып басыңды, // Бола көрме сен құмар», - дегенді «Қобыланды» жырынан да табамыз. Тек жырларды тудырушылар емес, қазақтың тіпті бертіндегі ақындары да шар сөзін өз мағынасында жеке қолданған. Майлықожадан (XIX ғ.): «Әдепсіз өскен бозбала // Жүрген жері шар болар». Дулаттан (XIX ғ.): «Адаспайтын даңғыл жол, // Қасым салған қасқа жол // Шарға соғып із кетті», - деген өлең жолдарын оқимыз» [18,196], - деп жазады. Демек, шар сөзінің беретін мағыналарының бірі – жанжал, дау. Бұған қосарымыз, шар – араб тілінен енген сөз болса керек. Ол шарр-ун // шер тұлғасында қолдана келе: «1) ашу, кек, қаһар, ыза; 2) зиян, залал; жауыздық, жамандық, қастық; 3) ауыс. уайым, қайғы-қасірет» [19,223], - деген мағыналарды қамтиды.

Сонымен, Махамбет өзін жанжалға, жауыздыққа, жамандыққа қарсы шыққан қылыштай қиғыр алмасққа балай келе, жағымды бейне сомдайды.

Осыған сәйкес ақын өлеңдерінен мынадай метафоралы сөзқолданыстарды ұшыратуға болады: «Түбін қазған мен – бәйтерек, // Толқуменен құлаймын», «Мен – тауда ойнаған қарт марал, //Табаным тасқа таяр деп, // Сақсынып шыққан қиядан», «Ер қабыланын жөнелтіп, // Елсізде аңырап қалған шақ», «Мен келелі қара бұлтпын, // Келе жаумай ашылман. //Қарсыласқан дұшпанға // Найзағай менен жасылмын», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын // Бір сұңқарға жұбаймын», «Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, // Шамырқансам, шатынап сынар болатпын» және тағы басқалары.



Қорытынды:

Коннотация – күрделі де кешенді құбылыс. Бұл, біріншіден, коннотацияның әртүрлі ғылым саласының (лингвистика, логика, прагматика, психология, семиотика т.б.) объектісі ретінде танылуымен сипатталса, екіншіден, лингвистика тұрғысынан алғанда оның нақты анықтамасының қалыптаспауы, коннотация микрокомпоненттерінің құрамына қатысты ортақ пікірдің болмауы және коннотацияның зерттелуі лингвистика-стилистикалық шеңбермен шектелмей, әлеуметтік-саяси, тарихи, этнографиялық, мәдени сипаттағы ақпаратпен тығыз байланыста қарастырылуы осыны дәлелдейді.

Зерттеу барысында эмоционалдылық, экспрессивтілік және бағалауышты семалардың семантикалық ерекшеліктері екі түрлі тұрғыдан, яғни денотация және коннотация аспектілерінде қарастырылуы қажет (Трипольская Т., Шаховский В.И.) деген пікірді басшылыққа алып, шартты түрде олардың мынадай айырма-белгілерін көрсетуге тырыстық:

А) Денотация аспектісі деңгейінде экспрессивтілік, эмоционалдылық және бағалауышты сема бір-бірінен тәуелсіз компоненттер ретінде танылады. Аталмыш семаларды қамтыған сөздердің тағы бір ерекшелігі – бұл олардың өн бойына дарыған экспрессивті, эмоционалды және бағалауышты семалардың коммуникацияға түсу барысында (ситуацияда, мәнмәтінде) және коммуникацияға түспеген жағдайда да (тілдік жүйе тұрғысынан қарастырғанда) айқын аңғарылуы.

Ә) Коннотацияға ең алдымен бейнелілік тән. Бұл тұрғыда коннотаттық компонент мағынасына тең келетін бейнелілік, эмоционалдылық, экспрессивтілік және бағалауышты сема бір-бірінен бөлінбес, ұласып жатқан кешенді құбылыс болып танылады. Коннотативті сөздің ішкі формасында берілген бейне денотаттан алынады. Сондықтан да коннотативті компонент мағынасына тең келетін сөздің денотаты айқын аңғарылып, сол арқылы уәждену керек. Коннотаттық компонент мағынасы негізінен коммуникация (мәнмәтін, ситуация) барысында жүзеге асады.

Коннотация сипаттауыштық, бейнелеуіштік, эстетикалық, коммуникативті-прагматикалық т.б. қызметтерімен ерекшелене келе, сөйлеуші тарапынан берілген ойдың барынша нақты, ықшам, психологиялық жағынан әсерлі болуын қамтамасыз етеді. Осыған орай сөздің мәнерлілігін, көркемділігін күшейту, айтар ойдың ерекше әсерлігін, эстетикалық жағын арттыру, объективті шындық дүниедегі затқа не құбылысқа субъективті көзқарасын білдіру мақсатымен коннотативті үстеме мағына мазмұнын жамылған сөзқолданыстар, көркем бейнелер Махамбет поэзиясында кеңінен көрініс табатыны анықталды. Олар ақын тілінде біріншілік коннотативті сема (К1) (әртүрлі сөйленімдік бейнелер (речевые образы) негізіндегі сөзқолданыстар, қаламгер қолтаңбасына тән өзіндік сөз-символдар мен окказионалды бейнелер, жалпыхалықтық сипат алған сөз-символдар, метафоризацияланған атаулар т.б.), екіншілік коннотативті сема (К2) (тіл жүйесінде орын алған тарихи өзгерістерге орай денотаттық семамен логикалық байланысын жоғалтқан семалар мен денотаттық семаның дамуы нәтижесінде емес, белгілі бір кезеңдегі салт-дәстүрдің орын алуына байланысты пайда болған коннотаттық семалар) және үшіншілік коннотативті сема (К3) (тұрақты фразеологиялық бірліктер, идиомалар) мағыналарын танытатын тілдік бірліктер негізінде жүзеге асатыны нақты дәйектелді.

Махамбет тілінде әр түрлі семантикалық деривация процесінің нәтижесін көрсететін сөздер молынан кездеседі. Олардың бірқатары жекелеген семалардың мәнмәтін негізінде жүзеге асуын көрсетсе, енді бірі тілдік (интралингвистикалық) және тілдік емес (экстралингвистикалық) факторларға байланысты өзгеріске ұшыраған сөз мағынасының көрінісін танытады.

Астарлы мәтін (подтекст) кез келген көркем шығарма аясынан табылып, шығарма идеясымен, негізгі айтылмақ оймен ұштасып жататыны белгілі. Бұл тұрғыда Махамбет өлеңдеріндегі астарлы ойдың өрбіп, ұласуына көркем мәтін ішіндегі коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуы ұтымды да әсерлі болып келетіні айқын көрінеді.

Коммуниканттардың жете өзара түсінісуі, сөйлем мазмұнын дұрыс қабылдауы белгілі бір жағдайларға тәуелді болып келеді. Прагматикалық теория бойынша ондай шарттардың бірі – бұл сөйлеуші мен тыңдаушының сөйлем мазмұнын түсінуге қажетті белгілі бір ортақ білім қорының, аялық білімнің болуы. Әсіресе, белгілі бір дәрежедегі дайындықтың (пресуппозицияның) болуын өзге халық тілі мен ұлттық көркем сөз тілі қажет етеді. Махамбеттің тарихи көркем шығармаларын зерттеу соны толық дәлелдейді.

Махамбет поэзиясында қолданыс тапқан коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздер көркем мәтін ішінде белгілі бір эстетикалық, стилистикалық жүк арқалап қана қоймай, белгілі бір ұлттың дүниетанымы мен мәдениеті, тарихы мен қоғамдық өмірі, болмысы мен эстетикалық талғамы жөнінен мол мағлұмат бере алатын мәдени коннотациялар да болып табылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы – Алматы: Рауан, 1991 – 216 б.

2.Филиппов А.В. К проблеме лексической коннотации // Вопросы

языкознания, 1978, № 1 – С.57-63.

3.Чудинов А.П. Принцип дополнительности в лингвистических исследованиях // Исследование по семантике. Сб.ст. - Уфа, 1983 – С.108-114.

4.Перминов В.Я. Принцип причинности в философии и естествознании – Москва: МУ, 1979.

5.Шаховский В.И. К типологии коннотации // Аспекты лексического значения – Воронеж: ВУ, 1982 – 160 с.

6.Русско-казахский словарь – Алматы: Дайк-Пресс, 2005 – 1152 с.

7. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы – Алматы, 2005 – 513 б.

8.Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии – Воронеж: ВУ, 1989 – 190 с.

9.Жалмаханов Ш.Ш. Түркі лексикасының семантикалық деривациясы (түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары бойынша): ф.ғ.д. … дисс., 10.02.06. – Алматы, 2003 – 371 б.

10.Тіл білімі сөздігі – Алматы: Ғылым, 1998 – 544 б.

11.Торсуева И.Г. Подтекст и средства его выражения // Материалы V Всесоюзного симпозиума по психолингвистике и теории коммуникации – Москва, 1975, ч.І.

12.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы, 1993 – 320 б.

13.Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі – Алматы: Ғылым, 1976 – 270 б.

14.Махамбет энциклопедиясы – Алматы: Өлке, 2004 – 610 б.

15.Раушанов Е. Зымыран деген бір құс бар // Жас қазақ, 2005, 22 сәуір.

16.Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ // Қазақ әдебиеті, 1.08.2003.

17.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы – Алматы: Мектеп, 1973.

18.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді – Алматы: Арыс, 2004 – 232 б.

19.Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік – Алматы: Мектеп, 1984, І т. – 256 б.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

1.Махамбет өлеңдеріндегі тарихи лексиканың танымдық қызметі // «Махамбет поэзиясындағы ерлік пен елдік рухы және қазіргі дәуір» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 6 (68). – Алматы, 2003 – 70-71бб.

2.Махамбет қолданысындағы топонимдер мен антропонимдердің коннотациясы // Қазақ тілі мен әдебиеті – Алматы, 2003, № 12 – 79-81бб.

3. Махамбет қолданысындағы зоонимдердің коннотациясы // Тілтаным, 2003, № 4 (12) – 127-132 бб.

4. Р.Сыздық және махамбеттану // Академик Р.Ғ.Сыздықтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 5 (77). – Алматы, 2004 – 197-198 бб.

5.Коннотация микрокомпоненттерінің теориялық аспектісі // «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары – Алматы, 2004 – 106-110 бб.

6. Махамбет шығармаларының пресуппозициялық мәні // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. № 2 (150). – Алматы, 2005 – 73-79 бб.

7. Коннотация және «толықтыру қағидасы» // Тілтаным, 2005, № 4 (20) – 154-157 бб.



8. Махамбет қолданысындағы фразеологиялық коннотация // «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары – Алматы, 2007 – 159-162 бб.

РЕЗЮМЕ



Хабиева Алмагуль Алтаевна
Коннотативные компоненты содержательной структуры

исторической лексики (на материале произведений Махамбета)
Исследование посвящено изучению лингвистической основы коннотации лексических единиц в поэтике Махамбета Утемисова.

Актуальность исследования. Несмотря на обилие работ, посвященных вопросам коннотации в различных аспектах ее проявления, вопросы индивидуально-авторского развития семантического объема слова, богатства его ассоциативных рядов требуют специального изучения. В связи с этим представляется актуальным обращение к языковой личности Махамбета Утемисова, для поэтического творчества которого характерна экспрессивность и ассоциативная многоплановость в создании коннотативных значений. Актуальность исследования также продиктована отсутствием специальных работ, посвященных анализу произведений Махамбета, где рассматривались бы особенности актуализации коммуникативного потенциала слова, реализация его коннотативных значений.

Цель исследования – на материале поэтических текстов Махамбета Утемисова изучить особенности и лингвистическую сущность коннотации, определить уровень развития коннотативной семантики, ее стилистическую и прагматическую цель, способы образования и употребления.

Объект исследования. Лингвопоэтика Махамбета.

Предмет исследования. Трансформация семантики как средство создания коннотаций, а также языковые единицы с национально-культурной информацией.

Материал исследования. Лексика, содержащаяся в произведениях Махамбета, в поэтическом наследии жырау и произведениях устного народного творчества, в толковых, фразеологических, этимологических словарях казахского языка, а также материалы историко-лингвистических и историко-литературных исследований (К.Омиралиев, Р.Сыздыкова, К.Мухаметханов, А.Нурмагамбетов, Г.Анес, А.Харузин, Х.Досмухамедов, Б.Аманшин, И.Кенжалиев, М.Кулкенов, Р.Отарбаев, А.Сараев т.д.).

Методы и приемы исследования. В диссертации использованы описательный, сравнительный, контекстный, семантико-стилистический, компонентный, психолингвистический, этнолингвистический анализы текста.

Научная новизна исследования заключается в раскрытии уровней, целей и путей реализации коннотативной семантики в поэзии Махамбета Утемисова. При этом коннотативная семантика лексических единиц рассматривается в тесной связи таких аспектов, как язык и национальное познание, язык и культура, контекст и предметно-событийный фон, лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, этнолингвистика. Проанализированы средства создания образности как результат эстетических коннотаций. Изучены особенности культурной коннотации и своеобразие его отражения в лирике поэта. На материале поэзии Махамбета установлена значимость коннотаций в создании подтекста художественного произведения.

Основные положения диссертации, выносимые на защиту:

- коннотация – многогранное, комплексное явление, охватывающее

морфологический, стилистический, лексико-семантический уровни языковой системы. Коннотации, сопровождающие словесные значения, реализуются в определенном контексте и обладают большим коммуникативным потенциалом;

- глубоко национальная поэзия Махамбета характеризуется яркой экспрессивностью, эмоциональной напряженностью и ассоциативной многоплановостью. Доминантными знаками идиостиля Махамбета Утемисова можно считать образные определения, отображающие особенности мировидения автора, его поэтического мышления;



- языковые единицы, представляющие коннотативную художественную лексику поэтического текста Махамбета Утемисова, несут коннотативные семемы К1 (мотивированная коннотативная семема), К2 (немотивированная коннотативная семема) и К3 (изолированная коннотативная семема);

- коннотатирующие языковые единицы (топонимы, антропонимы, фразеологизмы, названия животных, птиц, растений, одежды, цвета и т.д.), наиболее активно участвующие в создании смысловой структуры текста, являются носителями культурной информации. Данные лексемы, выполняя текстообразующую, стилистическую, эстетическую, прагматическую и др. функции, передают традиционные и индивидуально-авторские представления;

- в основе появления коннотативных приращений в поэзии Махамбета Утемисова лежат различные средства языковой системы, основными из которых на уровне лексики являются метафора, эпитет, сравнения, метонимия, гипербола. Они, выражая языковую картину мира, способствуют пониманию авторских идей, основных концептов произведений и играют важную роль в создании эстетически целостного художественного образа.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Данное исследование вносит определенный вклад в теорию лингвостилистики, анализа текста и в изучение языка художественного произведения. Результаты исследования могут быть использованы при разработке спецкурсов и спецсеминаров по лингвистическому анализу художественного текста, стилистике, лингвокогнитологии, лингвокультурологии, при составлении толковых словарей казахского языка, а также могут послужить основой создания словаря Махамбета Утемисова.


SUMMARY

Khabiyeva Almagul Altayevna



Connotative components of semantic structure of historical vocabulary

(on the basis of Makhambet’s compositions)
The research is devoted to study linguistic efficacy of connotation of lexical units in poetry of Makhambet Utemisov.

Actuality of the research. In spite of great number of works, devoted to the issues of connotation in different aspects of its appearance, the issues of author's widening of the semantic capacity of the word, the richness of its associative lines demands special study. In this connection it is actual addressing to the poetical creations of Makhambet Utemisov, for whom expressiveness and associative multi-dimension in realization of the connotative meanings are typical. Actuality of the research is also motivated by absence of special works, dedicated to the analysis of the Makhambet’s works, where the features of actualization of communicative potential of the word, realization of its connotative meanings were considered.

The aim of the research. Determination of particularities and linguistic features of connotation in Makhambet’s vocabulary, the levels, objects and ways of the realization of the connotative semantics of the lexical units in Makhambet’s works.

The object of research. Language of Makambet’s poetical works.

The subject of research. Figurative definitions and transfers as the mean of creation of connotations, and also language units with national and cultural information.

Base of the research. The text of Makhambet’s works, poetical heritage of jurau and folk-lore, historical and literary investigations (K.Omiraliev, R.Syzdykova, K.Mukhametkhanov, A.Nurmagambetov, G.Anes, A.Haruzin, H.Dosmukhamedov, B.Amanshin, I.Kenjaliyev, M.Kulkenov, R.Otarbayev, A.Sarayev and etc.), explanatory, phraseological, etymological dictionaries of the Kazakh language.

Methods and ways of the research. In dissertation descriptive, comparative, contextual, semantic and stylistic, component, psycho-linguistic, ethno-linguistic analysis of the text were used.

The scientific novelty of the research lie in determining of levels, goals and ways of realization of connotative semantic in poetry of Makhambet Utemisov. At the same time connotative semantic of lexical units considered in close connection with such aspects as language and national cognition, language and culture, context and object-event background, linguistic and style, linguistic and poetry, psycho-linguistics, ethno-linguistic. Means of creation of figurativeness as a result of aesthetic connotations are analyzed. The features of cultural connotation and peculiarity of its reflection in the lyrics of the poet are studied. On the basis of Makhambet’s works defined the importance of connotations in creation of underlying theme of the work of art.

Main thesis of the dissertation submitted for defense:

- connotation – many-sided, complex phenomenon covering morphological, stylistic, lexical and semantic levels of language system. Connotations accompanying verbal meanings are realizing in definite context and have huge communicative potential;



  • deeply national poetry of Makhambet is characterized with bright expressiveness, emotional tension and associative multi-dimensioning. We may consider as prepotent signs of idiomatical style of Makhambet Utemisov – the figurative definitions, reflecting the features of author’s attitude, his poetical thought;

  • lexical units, representing connotative artistic vocabulary of the poetical text of Makhambet Utemisov, carry connotative sememes K1 (motivated connotative sememe), K2 (non-motivated connotative sememe) and K3 (isolated connotative sememe);

  • connotative lexical units (toponymy, antroponyms, settled phraseological units, names of animals, birds, clothes, color and etc), the most active participating in creation of the semantic structure of the text are the carriers of cultural information. Given lexical elements, performing text-creation, stylistic, aesthetic, pragmatic and other functions passing traditional and author’s individual views;

  • in the basis of appearance of connotative augmentations in Makhambet Utemisov’s poetry lay different means of language system, primary on the lexical levels are metaphor, epithet, comparison, metonymy, hyperbole. They reflecting the lexical world picture, assist understanding of ideas of the author, concept of the work and play important role in creation of the aesthetically completed artistic character.

Theoretical and practical importance of the research. The present research put definite contribution into the theory of linguistic and stylistic, text analysis and into the study of the language of the work of art. Results of the research can be used at working out of the special courses and seminars on linguistic and stylistic analysis of the text, stylistics, linguistic cognition, linguistic cultural studies, during compiling explanatory dictionaries of the Kazakh language, and also can be served as the basis of compiling the dictionary of Makhambet Utemisov.




Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет