Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған



бет124/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс
жастар саясаты бағдарламасы
184-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.


2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарда (мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға арналған психиатриялық стационарларда (мәжбүрлеп емдеу үшін жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда, жіті бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.


3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.


4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.


5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

184-2-бап. Үйлестіру кеңесі

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.


Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.


2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:


Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;


ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;


алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;


алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;


алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.


3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет