42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер 1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек 1. Тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады. 2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).