Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек



бет38/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:


1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;


2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды;


3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;


4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;


5) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы жөніндегі түсіндіру жұмысын қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.


2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер көрсетеді.


3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, олардың тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.


4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.


5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.


Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет