73
[3,124-125]. Этнос, этникалық бірегейлік проблемасы мен оның терминологиясы – эт-
нология ғылымының теориясы аясында шешілетін күрделі проблема.
Бұл жерде
этнос
терминін қазіргі қоғамдық ғылымдардағы кең мағынасынан
(ұлт) өзгеше тарихи ретроспективадағы (әлі ұлт дәрежесіне жетпеген) ру-тайпалық
ежелгі қауым, этникалық топтар деген тар аялы мағынада түркі этносы, түркі халқы
ұғымдарына қатысты қолданамыз. Яғни этнос болудың, жоғарыда айтқандай,
алғышарттары ортақ территория, ортақ тіл, ортақ дін, ортақ мәдениеттің болуы десек,
байырғы түркі қоғамында, мәселен, Түркі қағанаты гүлденген дәуірде осы шарттарға
сүйенуге болады. «Еще в середине VІІІ в. источники упоминают «двенадцатиплемен-
ной тюркский народ. Этим же словом было обозначено и государство, созданное соб-
ственно тюркским племенным союзом – Тюрк эль. В более широком смысле термин
стал обозначать принадлежность различных кочевых племен к державе, созданной
тюрками. Так его употребляли византийцы и иранцы, а также иногда и сами тюрки»
[4, 79 б.]. Бұл екі мағынаның, сондай-ақ, байырғы түркі эпиграфикалық жазу мен
қытай жылнамаларында да көрсетілгендігін жоғарыдағы авторлар ескереді. Олар араб
ғылыми әдебиетінде түркі тайпалары сөйлейтін тілдерінің генетикалық туыстығы мен
сол тайпалардың генеалогиялық тұрғыдан туыстас, қандас болып келетіндігі туралы
ортақ ұғымдардың туындағанын да сөз етеді.
Байырғы түркі жазба ескерткіштері тілі эпитафиялық стильмен жазылған, нақты
мақсатпен қаған аттарынан орындалып отыр, сондықтан біз оларды белгілі бір тарихи
мезгілдік үзікте тұрақтанған жоғары этникалық сана-сезімге ие, өздігін, қауымдастығын
толық сезінетін этникалық бірегейлігі бар түркі халқын, түркі мемлекетін басқарушы
Достарыңызбен бөлісу: