74
art – арт, тау асуы – қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«арт»
;
tas (Тон) – тас – қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«тас, төбе»
;
täŋiz – теңіз (КТ) - қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«теңіз»
;
töpä – төбе, жоғарғы жақ – қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«төбе»
;
turuq – тұрақ, (стоянка) (Тон) – қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«тұрақ»
;
ulys (КТ) – ұлыс, халық, ел – қазіргі қазақ тіліндегі семантикасы
«ұлыс, халық»
негізінен көркем, публицисткалық дискурста қолданылады.
Біз тек Күлтегін (КТ), Тоныкөк (Тон), Мойынчор (Мч) және Енисей (Е) сияқты
байырғы түркі жазуларындағы жер-су атаулары мен географиялық апеллятивтерді
келтірдік. Сол кездегі топонимиялық кеңістіктегі жер-су атаулары байырғы түркі
әлемінің «дүниенің тілдік бейнесінің» ономастикалық, оның ішінде топонимдік үзігін
құрайды. Байқасақ, топоним жасауға негіз болған уәждер сипаты мен қазіргі ұлттық
топонимиялық жүйедегі типтес топонимдердің жасалу уәждерінен алшақтық жоқ де-
уге болады. Мысалы,
Jašyl ögüz, Argantu qajas, Jilun qol, Qara köl, Qara qum, Temir
Qapiq, Uduq baš
т.б. семантикасы айқын қос тұлғалы атаулар. Атау жасауға ұйытқы бо-
латын географиялық апеллятивтер де он бес ғасыр бойына түркі тілдері, оның ішінде
қазақ тілінде де өзінің алғашқы тілдік, лингвомәдени сипатынан арылмай сақталып
келді деуге болады. Мысалы:
köl, tag//taγ, Qargan, ordu, ot, suv, jär, tas, täŋiz, töpä,
turuq, ulus, qum, jol, art, jurt, käčig (кешу)
т.б. Мәселен, соңғы
käčig
(кешу) көнетүркі
лексемасының семантикасы қазіргі қазақ тіліндегі
өткел
сөзінің мағынасы екеуіне де
ортақ «суды кешу, судан өту» етістігі өрісінен орын алып, генетикалық (типологиялық)
тұрғыдан көне түркі тұлғасының қазақ тілінде дамыған синонимдес дериваты ретінде
қалыптасқан деуге болады.
Аталмыш топонимдер мен географиялық апеллятивтер орхон-енисей жазуларында
тасқа түскеннен бұрын пайда болып, сол кездегі тілдік ортаға, байырғы түркі қоғамына
қызмет еткені белгілі. Қазақ тілінен өзге де туыстас тілдердің тарихи табы мен іздері
жатқан ескерткіштердегі қазіргі тілдік жүйедегі жер-су атауларымен тұлғалас бұл
топонимдердің сабақтастығы, тұрақтылығы мен өміршеңдігі жалпытүркілік этникалық
бірегейлігін сақтауы - оларды тілдік-тарихи кумулятивтік әлеуеті жоғары мәдени феномен
ретінде бағалауға негіз болады. Осы ретте тілі ортақ, ділі ортақ, діні ортақ, жері ортақ
болған арғы ата-бабаларымыз өздерін ортақ мүдделі этникалық қауым ретінде сезініп,
этникалық санаға ие болғандығын эволюциялық тұрғыдан дәлелдейтін тарихи фактілердің
бірі ретінде жоғарыда келтірілген тілдік, ономастикалық деректерді атауға болады.
Ерте орта ғасырда байырғы түркілік бірегейлік пен этникалық сананың сол кез-
де жоғары дәрежеде болғанын
Достарыңызбен бөлісу: