78
тікелей байланыста болған. Патронимдік модель
бір ата баласы
, әрі қарай
ауыл, ауыл-
аймақ
территориялық бірлікте дамуы кәсіби-шаруашылықпен көшпелі өмір салты
негізінде біртіндеп қалыптасқан. Жеке патронимияларға нақты жер,
ата бөлік
атты
жасанды шекарасы бар қысқы жайылымдар ХІХ ғ. екінші жартысында да орын алған.
Ататтық жүйе
бойынша екі-үш аталас-қандас туыстар, мысалы, 5-10 шаруашылық
корпоративтік сипаттағы ортақ қыстауға, шағын ауылға біріккен. Жазғытұрым ас беру,
той, басқа да әлеуметтік маңызы бар шаралар өткізгенде көптеген 50-70-100 ауыл жи-
налып уақытша бірігеді.
Қазақ қауымының өзінің төл этникалық территориясымен бірегейленуі туралы
Н.Әлімбаев әрі қарай былай ой өрбітеді: «Освященные традицией (Балхаш, Іле, Қаратал,
ұлы Сарыарқа т.б.), эти объекты –
киелі
– вкупе с соответствующим ритуально-обря-
довым комплексом мотивируют коллективную привязанность общинников к данной
территории, следовательно, являются весьма эффективным институциональным сред-
ством (механизмом) географической самоидентификации [9,13]. Осы мәселеге қатысты
А. Жартыбаев Орталық Қазақстандағы ХІХ ғ. қалыптасқан топонимдік жүйені сара-
лай келіп, мынадай ой айтады: «Қазан революциясына дейінгі ойконимдер негізінен ру
басы, ауыл иесі есімдеріне сәйкес аталып отырғанын М.Әуезовтің «Абай жолы» эпо-
пеясынан айқын байқаймыз. Мысалы, Құнанбай ауылы, Бөжей ауылы, Абай қыстауы,
тобықты жайлауы, қаракесек елі және т.б. атаулар» [10, 54]. Қазақ топонимиясында
Қазан төңкерісіне дейін орын алған дәстүрлі топонимдік номинацияның уәжділік си-
паты, құрылымдық, сөзжасамдық, лексика-семантикалық, грамматикалық модельдері
халқымыздың этногенезі, жүріп өткен жолы мен уақыты екі-үш мың жылдық кезеңмен
есептелсе, соңғы төрт жүз-үш жүз жыл көлемінде, яғни ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы аралығы
ұқсас, біртиптес болған деп есептейміз. Сол кезеңнің топонимдік жүйесі, әсіресе, жер-
жердегі микротопонимдік жүйе, патронимдік, генонимдік принципке сүйенгендігін
көруге болады. Сондай-ақ бұрынғы қазақ топонимдік жүйесінде де, қазіргі қазақ тілі
топонимдік жүйесінде де этнонимнен қойылған жер-су атауларын көптеп кездестіруге
болады, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: