Халықаралық құқық негіздері



бет3/10
Дата02.01.2022
өлшемі431,95 Kb.
#107818
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит

Шығармалары

Гераклит «Тұңғиық» (αἰνικτής ainiktēs)десе дегендей жазғандары күрделі, сырлы, астарлы мағынаға бай болып келеді. Ол «Табиғат туралы» деген үлкен кітап жазған екен. Кітап үш бөлімнен тұрған көрінеді: «Әлем туралы», «Саясат туралы» және «Рух туралы». Өкініштісі бұл кітап толық сақталмаған. Бізге жеткені Гераклиттің 130-дан артық нақыл сөзі. Олар оның кітабының ішінен үзіп алынған болуы да мүмкін, немесе дербес жазылған нәрсе болуы да мүмкін.

Философиясы

"«Осынау тәртіпке бағынатын жаһанда барша нәрсенің негізі бір, оны Құдай да, Адам да жаратпаған. Ол ежелден, қазір және болашаққа дейін белгілі өлшеммен бірде лаулай жанып, бірде сөнетін мәңгілік от.»"


Гераклиттің пікірінше от космосқа айналады, ол қайтадан отқа қайтады. От өлшемге сай жанады және Логосқа бағынады.

От әдетте төрт элемент арасындағы ең нәзігі, пішінсізге жақыны. От үздіксіз қозғалыста және оттың өзі қозғалыстарды пайда қылады.

Гераклит айтқан Мәңгілік от екі мағынада болуы мүмкін:

  • Энергия мағынасында. Қазіргі заман физикасы бойынша, әсіресе Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы бойынша зат пен энергия өзара ауыса алады (Е=mc2). Яғни, әрқандай заттың бойындағы энергия егер толық алып шығатын болсақ, онда ол оның салмағы мен жарық жылдамдығының екі есесіне көбейткендей шамаға тең болады. (Атом қаруы уранды ыдыратып энергияға айналдыру негізінде жасалғаны белгілі.) Демек, заттарға жасырынған энергия тұрғысынан, ғарыштағы күн секілді жану күйіндегі алып жұлдыздық денелер тұрғысынан айтқанда, дүние дегеніміз от дегеніміз белгілі мағынада негізсіз емес.
  • Ерік, Тіршілік күші мағынасында. «Жастықтың оты жалындап» (Абай) демекші, от ежелден тіршілік күшінің, адам бойында тулаған ішкі ерік әлеуетінің символ сөзі екені белгілі. Ежелгі заман дәстүрінде сөзді көбінесе бейнелеу мағынасында тұспалдап айту көп кездесетіндіктен, бұл сөзді осынау әдеби образды мағынада да түсінуге болады.

Гераклит әлемді Құдайы рухани күш жаратты дегенге келіспейді, ол әлем өз-өзін әрқаша, әрсәт, мәңгібақи табиғи бола беретін ағынды өзен секілді үрдіс, өзгерістен өткен Құдайы жоқ ағын, ол өзін өзі жаратты деп есептейді. Әрине, өз-өзін қалай жаратады, бұл енді күрделі мәселе. Дегенмен ол оттың дүниені жаратуында Логос шешуші рөл ойнаған деген қисынды көлденең тартады. Оның дүниесі басталуы да, ақыры да жоқ оттың шексіз жану барысы мен сөну барысының өзара ауысуы болды.

Гераклит бойынша өмір дегеніміз алаулаған от болып жалындап жану. Өлім дегеніміз оттың сөнуі, басқа отқа орын босату. Ал әлемнің Логосы адам үшін тағдыр сыйлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет