Халықаралық құқық негіздері


Көп білу ешкімді парасатты етпейді, егер ол парасатты етер болса, онда Гесиод пен Пифагорді, Ксенофан мен Гекатейді тәрбиелер еді



бет5/10
Дата02.01.2022
өлшемі431,95 Kb.
#107818
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит

Көп білу ешкімді парасатты етпейді, егер ол парасатты етер болса, онда Гесиод пен Пифагорді, Ксенофан мен Гекатейді тәрбиелер еді.

Яғни, олар бәрін біледі, бірақ Логосты білмейді, демек олар шындығында ештеңе білмейді дейді, Гераклит.

Логос әдетте «сөз», «айту», «ақиқат үні» қатарлы көп мағыналы сөз. Гераклит те, кейінгі Парменид те өздерін пайғамбарлық сөз айтушымыз деп сезінгені байқалып тұр. Яғни, болмыс, ой, сөз қабаттарына бірдей ортақ арғы түпнегіздік шындықтың рухани айтылу қисыны логос сөзінде көрінс табады.

Гераклиттің ойынша, ғарыш мәңгілік қозғалып, өзгеру күйінде. Тіпті соны бірден айтуға болады, тек "Қозғалыс қана мәңгілік!" Қозғалыс пен өзгеріс белгілі өлшем мен заңға бағынып орындалады. Дүниенің қозғалысы бағынатын заң Логос деп аталады. "Мәңгілік оттың жануы логосқа бағынады." Логос бәрінен үстем. Тіпті "Логос Зевстің өзін әрі мойындайды, әрі мойындамайды". Оттың жанып-сөнуі болсын, қарама-қарсы жақтардың өзара бір-біріне айналуы болсын, бәрі түгелдей логосқа бағынған күйде орындалатын қозғалыс. Логос дегеніміз өлшем, шама, шек. Ол сондай-ақ санға ғана емес, сапаға дейін әсер ететін ішкі заң. Логос заң ретінде адами өлшем-пікірлерден биік тұрады. Адам осы заңды білгенде барып парасатты бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет