Халықаралық құқық негіздері



бет1/6
Дата22.04.2020
өлшемі154,94 Kb.
#64145
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№12 дарис


CӘУЛЕТ-2

Тақырып 12. Технологиялық жұмыстар іс әрекеттер және өндірістік ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар

Суйменова Маржан Кузембаевна аға оқытушы


  • Өндірістік кәсіпорында жобалау
  • Технологиялық талаптарға
  • жарықтандыруға қатысты талаптар
  • Акустикалық талаптар
  • қалалық құрылыс талаптары

Өндірістегі жұмыстарға кәсіпорын аумағы бойынша цехтар арасында және ішінде материалдар мен өнімдерді тасымалдау,оларды қоймаларда сақтау т.б. былайша технологиялық іс-әрекеттер жатады,ал бұл жұмыс кезінде өңделетін материал біраз сапалық өзгеріске ұшырап отырады.Технологиялық жұмыстар сан алуан болып келеді.Мәселен мартен пештерінде болатты құйып алу бастапқы материалдың химиялық құрамын,физикалық және химялық қасиеттерін өзгертеді.Немесе бастапқы материалды механикалық өңдеу кезінде оның пішіні және ішінара физикалық күйі өзгереді.

Ал жинау-құрастыру цехтарында машинаны жинағанда оның тетіктері технологиялық іс-әрекеттер кезінде машина құрылымына қажетті өзгеріске ұшырап отырадыь, машина тетіктерін сырлап-әрлеу жұмыстары оның сыртқы түрін өзгертіп эстетикалық сапа мен өзге қасиетке ұшыратады, мәселен машинаның қоршаған орта әсеріне төзімділігі артады т.с.с. Технологиялық іс-әрекеттер технологияның жекелеген салаларын зерттегендегі заңдылықтар негізінде жасақталады, былайша айтқанда бастапқы өнімді өңдеу не қайта өңдеу әдістері туралы ғылым негізінде жасалады деуге болады.

Өндірістік кәсіпорында жобалау кезінде әуелі оны бөліп қарап,өндірістің әдісін,технологиялық жабдықтар түрін, өнімділігін таңдауға қажет мәселелерді шешу үшін жобаның технологиялық бөлігін жасайды.Бұл бөлікке алғашқы кезеңде ретімен қондырылатын технологиялық схема, атап айтқанда жабдықтарды қондырып өндірістік жайларды жинақтаудың реті кіреді . Жобаның технологиялық бөлігін өндіріс саласының инженер-технологтары құрастырады. Онымен бірге архитектор және құрылыс инженері, сондай-ақ өндірістік көлік маманы жабдықтары схема бойынша рет-ретімен орналастырады, сөйтіп технологиялық іс-әрекет шарттарына сәйкес белгілі бір материалды, ғимарат құрылысын, цехтардың орналасуына таңдап оны ретімен іске асырады.

Мұндай ғимаратты салуда тиімді де оңтайлы шешім алу үшін архитектор мен құрылыс инженерінің өндіріс технологиясы негіздерін,ал өз кезегінде инженер-технологтың құрылыс салу негіздерін білгендігі өте маңызды роль атқарады, өйткені осы мамандардың бірлескен творчестволық жұмысы ғимаратты онда істейтін адамдар үшін қолайлы етіп салуға сондай-ақ құрылыстың жақсы архитектуралық сапалық және экономикалық шешімін алуға септігін тигізеді.

Технологиялық іс-әрекет ғимараттың өлшемдерін,түрін, құрылымын, санитарлық-техникалық кескінін және жабдықтарын таңдап алуға әсер ететін ең негізгі фактор. Өндірістегі технологиялық іс-әрекеттер ғимаратты салушы құрылысшылар алдына белгілі бір талаптар қояды,ол талаптар мына негізгі ережелерден туындайды

—Өнім алудың жоғарғы сапасын және барынша қолайлы технологиялық жұмыстарды атқаруды қамтамасыз ете алатындай ортаның өлшемдерін қамту;

—адамдарға санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда барынша оңтайлы орта қалыптастыратындай өлшемдерді қамтамасыз ету, былайша айтқанда адам денсаулығын сақтай отырып, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу;

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес жалпы ғимаратқа және атап айтқанда өндірістік ғимараттарға қатысты мынадай төрт талап түрлерін бөліп қарастыруға болады: технологиялық, техникалық, көркем-сәулеттік және экономикалық

Технологиялық талаптарға мыналар жатады:

а﴿ кеңістікке қойылатын талаптар –оның өлшемдері көтергіш көліктерді және технологиялық жабдықтарды орналастыруға,материалдар мен өнімдерді тасымалдауға,сондай-ақ технологиялық жабдықтарды құрастырып-бөлшектеуге жеткілікті дәрежеде болуы тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет