Халықаралық құқық негіздері


Техникалық талаптарға мыналар жатады: а﴿ Ғимарат конструкциясы құрылысының беріктігіне



бет4/6
Дата22.04.2020
өлшемі154,94 Kb.
#64145
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№12 дарис

Техникалық талаптарға мыналар жатады:

а﴿ Ғимарат конструкциясы құрылысының беріктігіне қойылатын талаптар оған қолданылатын материалдар мен олардың құрылым түрлеріне,олардың күштік т.б. әсерлерге төзімділігіне,былайша айтқанда технологиялық жабдықтар әсерімен салмағына,ортаға түсетін жерге (температура,ылғалдылық,химялық қоспалар т.б) байланысты болады.

б﴿Өндірістік ғимараттың құрылыс конструкциясының тұрақтылығына қойылатын талаптың да азаматтық құрылыс нысандарымен салыстырғанда маңызы ерекше. Мұнда көп жағдайда, әсіресе көтергіш көліктермен жұмыс істегендегі динамикалық күш, сондай-ақ технологиялық жабдықтар (станоктар,ұста-пресс жабдықтары т.б). жүктемелері ескерілуі тиіс.Бұлар ғимаратқа және ондағы жұмыс істейтіндерге зиянын тигізерліктей вибрациялар дірілдер,туындауы мүмкін.

в﴿ материалдар мен ғимараттың негізгі конструкциясының ұзаққа төзімділігіне (мызғымастығына) қойылатын талаптар аязға төзімділік, ылғалға төзімділік,тотығуға төзімділік сияқты факторларға тәуелді болады.

Ұзаққа шыдамдылық ғимараттың қызмет мерзіміне қарай белгілейді. Бірақ бұл шартты нәрсе, өйткені қызмет мерзімі ғимараттың нашар пайдаланса қысқарады да, керісінше жақсы ұйымдастырылған дұрыс техникалық пайдаланған жағдайда ұзарады. Жобалау кезінде ғимараттың қандай да бір топқа жатқызылуы кәсіпорын маңыздылығына байланысты белгіленеді (электр станциясы –ұзақ мерзімге,уақытша қойма-қысқа мерзімге) ,сондай-ақ материалдық құндылықтар (жабдықтар) жинағы,шикізат қорының босалқысы т.бт ескеріледі.

г﴿жарылыс,жарылыс-өрт және өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар.Бұл белгілері бойынша өндірісті алты санатқа бөліп қарайды:А,Б,В,Г,Д,Е

А санатындағы өндірістер аса жарылыс өрт қауіптілері болып саналады,өйткені бұған жанармай газ қолданылып істейтін технологиялық іс-әрекеттерге жол беріледі,мұнда жарылыс қаупі бар қоспалар қолданылып,сумен және оттегімен ауада әрекетке көшіп,жаоылыс туындатып ,жанады.

Б санатындағы өндірістер жарылыс -өрт қаупі төменіректеріне жатады,бұған жану және жарылыс туғызу шегі жоғары болатын кәсіпорындар кіреді.

В санатында тек өрт қаупі бар өндірістер жатады,мұндағы жұмыстар қатты жанғыш заттармен байланыста жүргізіледі.

Г және Д санатындағы өндірістер жанбайтын заттарды өңдеумен байланысты,соған сәйкесті ыстық және суық күйдегі заттар алынады.

Е санатына тек жарылыстан кейін жанбайтын жарылыс қауіпті барлық өндірістер жатады.Өндіріс санатын өндірістің осы саласын технологиялық жобалау нормалары бойынша немесе арнайы зерттеу нәтижелері бойынша белгілейді.Өндіріс санатына сәйкес ғимараттың техникалық шешіміне белгілі бір шектеулер енгізеді,бұл шектеулер жұмысшылар қауіпсіздігін арттыруды,өрт не жарылыс туындау мүмкіндігін азайтуды,олардан түсетін зиян мен шығынды кемітуді қамтамасыз етеді.

Айталық А,Б,В санаттағы өндірістер ғимараты алты қабаттан жоғары болмай I және II дәрежелі от төзімді болуы тиіс.Г және Д санаттарында он қабаттан жоғары болмай, I және II дәрежелі от төзімді болуы тиіс,ал III, IV және V дәрежелі от төзімді болған жағдайда ғимараттар биіктігі тиісінше үш,екі және бір қабаттан биік болмауы тиіс.Отқа төзімділік талабына таңдалған материалдар және ғимарат құрылымының көтергіш қабілеті бар негіздері мен қоршаулары да әсер етеді. Мәселен I дәрежелі отқа төзімді ғимараттың барлық құрылымдары жанбайтындай болуы тиіс,ал V дәрежеліде жанатын,ағаштан жасауға болады.Бұдан басқа жарылыс қаупі бар өндірістерде сыртқы қоршауларды жарылыс болғанда оп-оңай алынатын ұшып түсетін етіп жасайды.

Мұндай әдістер жоғары қысымы бар ыдыстардағы сақтандырғыш қақпақша сияқты болады,ол тек жарылыс болғанда ғана бұзылады,ал негізгі көтергіш қабілетті конструкциялар бүлінбеген күйінде қалып қызметін жалғастыра береді.Мұндай конструкцияларға жәй шынылы терезелер,есіктер,айқара ашылатын қақпалар,фонарлық түптемелер,асбестцементтік қоршаулар,жеңіл жылытқышы бар алюминий және болат жұқалтылар т.б жатады.Жекелеген жағдайларда қабырғаларда немесе қоршалған жабындарда арнаулы саңылаулар көзделеді.

Ғимаратта өрт болған жағдайда от-жалын тарап кетпес үшін оны өртке қарсы қабырғалармен не аймақтармен бөліп тастайды.Өртке қарсы қабырғалар арасында қабаттардағы алаң көлемі өндіріс санатына,ғимараттың қабаты мен отқа төзімділігіне қатысты белгіленеді.Бұл жерде қабаттар жоғары болған сайын алаңы кішірейеді және ғимарат құрылымының отқа төзімділік дәрежесі төмендейді.

д﴿ Ғимараттың санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтарына қойылатын талаптар жылу,желдету не ауаны қайта тазарту,сумен қамту т.б. қарастырылатын технологиялық іс-әрекеттерге тәуелді болады.

Өндірістік ғимараттардың сәулет-көркемдік сапасына көбіне мән беріле бермейді ,бұл көзқарас дұрыс емес, өйткені адамның саналы қызметімен байланысты әлеуметтік іс-әрекеттер,олар істейтін өндірістік ғимараттар тек қана материалдық мүддені емес сонымен қатар рухани саланы да көздеуі тиіс. Сондықтан да ғимараттардың эстетикалық,сәулет-көркемдік сапасы сыртқы көріністен белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Бұл талаптар архитектуралық композициямен жүзеге асырылады,оған симметрия мен ассимметрия,ырғақ,пропорция т.б. кіреді.

Қандай композиция болса да ол өндірістік ғимараттың қызметтік және техникалық мақсатын бұзбауы тиіс. Өндірістік ғимараттардың архитектуралық-композициялық шешім мыналарды есепке алуы тиіс:

а﴿ егер қаладағы құрылыс жүйесінде өндірістік кәсіпорын не ғимарат салу қажет болса,онда қалалық құрылыс талаптары ескерілуі тиіс.Бұл жағдайда композицияда осы ауданға қатысты архитектуралық шарттар есепке алынуы тиіс,мәселен,тұтас архитектуралық ансамбль құру немесе жобаланатын өндірістік ғимарат белгілі бір ауданның композициялық орталығы болып қалыптасқан сәулеттіе келбетін бұзбауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет