Халықтар географиясы демография және этнография негіздері


Еңбек ресурстарының қолданылуы



бет3/5
Дата14.06.2017
өлшемі0,76 Mb.
#19091
1   2   3   4   5

Еңбек ресурстарының қолданылуы.

Еңбек ресурстары қоғамның басты өндіргіш күші. Сондықтан қоғамда өндірісітік еңбектің халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы маңызы өте зор. Еңбек ресурстарының өсуі біздің елдің халық шаруашылығының дамуының негізігі бір факторы болып есептеледі.

Еңбек ресурстары термині СССР – да ең бірінші практикаға енгізілді. Еңбек ресурсына еңбекке қабілетті халықтар жұмыс жасы ер адамдар – 16 – 59 және әйел адамдар – 16 – 54 – ке дейінгі қоғамдық өндірістік еңбекпен айналысады. Еңбек жастағылар шекарасы мынандай факторлар бойынша ажыратылады:



  1. Халықтардың физиологиялық ерекшеліктері және еңбекке қабілеттілігі;

  2. Төменгі шекара орта білімді жастар.

Халықтардың еңбекке қабілеттілігіне байланысын жас ерекшеліктерін 3 топқа бөледі:

  1. жұмысқа дейін

  2. жұмыспен

  3. жұмыстан кейінгі жас

Капиталистік елдерде кеңінен қолданылды. Еңбек жасы ер адамдар үшін 65 – 70 жас, әйел адамдар 60 – 65 жас болып табылады. Еңбек ресурстары термині бұнда жоқ. Бұнда 1975 жылғы санақ бойынша жұмыссыздар саны 18 млн. тең. БҰҰ есебі бойынша 1970 жылы 1,5 млрд. адам жұмыссыз, оынң 20% капиталистік елдерге 44% дамушы елдерге кіреді. СССР – да еңбек ресурстары барлық еңбекке қабілетті адамдар жатады. Социалистік қоғамда еңбек ресурстарын қолдану жоспарлы түрде өтеді:

  1. барлық халықты еңбек қабілет айналысуға;

  2. халық шаруашылығында еңбек қабілеттілігін саналы пайдалануға негізделеді.

Барлық халықты еңбекпен айналысуға байланысты 3 еңбек формасы бөлінеді:

  1. қоғамдық еңбек

  2. қоғамдық жеке еңбек

  3. жеке еңбек.

Қоғамдық еңбек халық шаруашылығы сферасында қоғамдық жеке еңбек подсоби шаруашылығы. Жеке еңбек үй жеке жұмысын істейді. Еңбек ресурстарын саналы пайдалану социалистік экономиканың дамытушы негізгі факторы болып табылады.

Еңбек ресурстарын саналы пайдалану әр территорияда әр түрлі факторлармен байланысты дамып отырады:



  1. кадр классификациясы

  2. техник толық.

  3. өндірістің дамуы.

Еңбек ресурстарының әр түрлі регион.

Еңбек ресурстарының немесе еңбекке қабілетті жас жыл санын өсіп келеді. Еңбекке барынша жарамдыларға 25 пен 49 жас аралығы жатады.

Республикадағы тууы жоғарғы елдерде еңбекке қабілетті адам орта одақтық көрсеткіштен төмен қайда туу аз онда жоғары. Мысалы:

жоғарғы орта ортаға жоқ ортадан төмен

56 – 57 %; 52 – 53 %; 43 – 49 %.

РСФСР Литва Өзбекстан

Украина Молдава Таджикистан

Эстония Белорусь Азербайжан

Латвия Грузия Туркия

Қазақстан

Қырғызстан

Армения


Еңбек ресурстарының өсу динамикасы өндірістік халық өсу темпіне ғана емес, миграцияға да байланысты. Көбіне жастар қоныс аударады. Сондықтан шығыс аудандарда еңбекке қабілетті жас кадрлардың үлесі жоғары. Елдің, ауданның, қаланың, колхоз – совхоздар саналы ресурстары жас білім кәсіпшілік даярлығымен бағаланып отырады. Еңбек ресуртарының жүзеге асырылып отыруы жас топтарға байланысты. Мысалы, 1970 жылы Б.Ц. Урланис мынандай жастық топқа бөлді:

  1. 30 – 39 жас аралығы. Активті стабильды тәжірибелі жоғарғы

  2. Жас.20 – 29 жас аралығы. Онша тәжірибелі емес белгілі дайындықтан өткен.

  3. Орташа жас – 40 – 49 жас. Үлкен жұмыс практикасы жас жұмыс орнында аздап тұрақсызданады.

  4. Жоғарғы – 50 – 59 жас. Ең жоғарғы тәжірибелі.

  5. Ең кіші – 16 – 19 жас. Көп миграциялық қозғалысқа ұшыраған жас. Еңбек ресурстарының саналы басты белгісі профиллактикалық әзірлік керек. Бұл барлық жерде бірдей емес.

Ер адамдарда еңбекке қабілеттілігі жоғары жас 30 – 49, әйел адамдарда 20 – 29 жас аралығы.

Еңбек ресурстарын қолданудың басты көрсеткіші.

  1. Еңбек активтілігі.

  2. Өндіріс салаларына халықтардың таралуы.

Еңбек активтілігі біздің елімізде өте жоғары 77,4% 1970 жылы 84,8% дейін өсті. Еңбек активтілігі жоғарғы аудан Донбас, Урал, Кузбас. Біздің елімізде халықтардың жартысынан астам бөлігі қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысады. Олар әйел адамдар. Халық шаруашылығында (денсаулық, ағарту, сауда). Соңғы кезде орта, кіші еңбек жасындағылар теңесіп келеді. Халықтардың 3/5 – і жер шарының ауыл шаруашылығымен айналысады. 1/5 – і өндірісте, 1/5 – і басқа салаларда. Капиталистік елдерде еңбек активтілігі өндірістің 48% ФРГ - 25%. Кейбір елдер ауыл шаруалығында еңбек активтілігі төмен. Англияда – 2,5%, Италияда - 16%, АҚШ - 54%, ФРГ - 38%. Дамушы елдерде халық өсіміне қарамастан халықтар ауыл шаруашылығында. Үндістан, Пакистан, Алжир - 70% ауыл шаруашылығында, өндірісте – 8 - 11%, Латын Америкасында өндісіте – 17 – 27%, ауыл шаруашылығында – 25 - 44%. Социалистік елдерде өндірісте 48 - 49%, Болгария, Венгрия, Румынияда – 49 - 50% - ке өсіп келеді. СССР – да еңбек ресурстарының активтілігі.

6-дәріс.

Халықтың таралуы.

Жоспар:

  1. Жер шарында халықтардың таралуы.

  2. Халықтар тығыздығы.

Адамзаттың ең ұзақ даму тарихында жер шарындағы халықтар әр түрлі территорияда қоныс тебе бастады. Соңғы уақытта өндіргіш күштер ғылыми техникалық революцияның дамуымен байланысты дамып таралып келеді. Халықтардың әртүрлі территорияда қоныс тебуі ең бірінші сол жердің географиялық ортасына байланысты. Жер шарында халықтардың таралуы әр түрлі. Жиі қоныстанған және кейбір жерлерде өте сирек.

Соңғы жер көлемі 15% құрлық территориясын қамтыған. Халықтардың көпшілігі жазықта 4/5 бөлігі халықтардың саны 27,8% құрайды. Европа Австралиялық мұхит халықтарының 9/10 бөлігін құрайды.



Халықтардың таралуы биіктік белдеулерде бірдей емес. Мысалы, Азияның биіктік көп Америкадан халықтар бірақ аз. Халықтың ¾ бөлігі Қытай, Үндістан, Үнді – Қытай таулы үстірттерінде тұрады. 1950 жылы дүние жүзі халқының жарты бөлігі теңіз жағалауынан 200 км қашықтықта үние жүзінің халықтар картасында құрлықтағы кейбір жерлерде 1 км2 жерге 34 адамнан, кейбір жерлерде 1 км2 – та 500 – 1000 адамға дейін. Бұндай халықтар территорияларда әртүрлі болып таралады. Мынадай факторларға байланысты:

  1. Табиғи

  2. Тарихи

  3. Экономикалық жағдайларына.

Халықтардың орташа тығыздық көрсеткіші елдің немесе ауданның халқының санына бөлгенге тең. К. Маркс: « қашан біз елдің саяси экономикалық қатынасын қарағанда оның халқынан оның кластарға бөлінуін аралығында орналасқанын бастаймыз деген болатын халықтардың орташа орналасу тығыздығы». Әр регионда әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, Индонезияда 1 км2 73 адам, Явада 1 км2 500 адамнан:

Регион




Регион




барлығы

ауылда

барлығы

ауылда

СССР

11,8

4,4

Америка

14

4,6

Шетелдік Азия

89

35

Австралия

2,6

0,8

Шетелдік Евразия

97

65

Мұхиттар

31

19

Африка

15

11










Ірі масштабты карталарда значковый нүктелі әдістермен көрсетеді. Дүние жүзі халқының картасын анықтай отырып, халықтардың тығыздығы жөнінен ең негізгі 4 ареалға бөледі:

  1. Оңтүстік Шетелдік шығыс Азия (Қытай, Корея, Жапония). Таулы аудандарын қоспағанда 1 км2 жерге 1000 адамнан. Бұдан 31 қала миллионер қала деп аталады.

  2. Үндістан Ганг Брахмапутра 1 км2 200 – 500 адамнан келеді. Бұнда 12 қала миллионер қала деп аталады.

  3. Батыс Европа, Англия, ФРГ, Солтүстік – шығыс Франция, ГДР 1 км2 жерге 100 адамнан келеді. Орташа ұсақ 15 қала миллионер қала деп аталады.

  4. Солтүстік – шығыс АҚШ және оңтүстік – шығыс Канада. Бұнда өнеркәсіптің жоғары дамуы әсер етеді. 14 миллионер қала және Ява төменгі км атырауларында 1 км2 500 – 800 адамнан келеді. Халықтарының орташа тығыздығы ең төмен жерлер солтүстік мұзды мұхит, Солтүстік Америка, Евразияның солтүстік бөліктері, халықтар тіпті қоныстанбаған Гренландия, Солтүстік жер, Франца Иосиф, Таймыр түбектері.

Ең аз қоныстанған ареалдарға Солтүстік Америка шөлі, орталық және батыс Австралия, Орталық Азия, Аравия түбектері жатады.

Халықтардың орташа орналасу тығыздығы картасын анықтағанда Н.И. Ляликов СССР – дың ең басты орналасу сызығы батыс шекарадан Тынық мұхитқа дейінгі.



Территория

1970

Басты полосада

67,3%

Батыстағы Оралға дейін

58%

Шығыс Оралға

9,3%

Оңтүстік басты полоса

28,5%

Солтүстік басты полоса

4,2%








7-дәріс.

Халықтардың миграциясы

Жоспар:

    1. Миграция масштабы

    2. Миграциялық үрдістері

    3. Миграция сальдосы

Халықтардың қозғалысы сиграция деп аталады немесе халықтардың бір елдің шеңберінде орын ауысуы. Миграция 2 түрге бөлінеді.

Ішкі миграция. Халықтың республика ішінде сыртқа

Ауысу. Халықтың бір елден бір елге ауысуы.

Сыртқы миграция. Эмиграцияға басқа елге қоныс аударуы. Біздің елде ішкі миграция 3 этапқа бөлінеді. Бірінші этап 16 ғасырдан бастап 19 ғасыр ортасында өтті. Екінші этап 19 ғасырдың ортасы мен 20 ғасыр басында. Үшінші этап Сибирь магистралінің дамуына байланысты Сибирьге 600 мың адам қоныс аударды.

1926 – 1939 жылдар Урал, Сибирь, Қиыр Шығысқа 4,7 млн адам келсе, 1989 жылдары шығысқа қарай 15 млн адам қоныс аударды. Соғыс жылдарынан кейін халықтардың вуылдан қалаға қоныс аударуы 6 млн – ға жетті. Соның ішінде қоныс аударған орыс халқы – 6,7%, грузиндар – 1,7%, өзбек, түркімен – 1,4%, азербайжандар – 1,3%.

Ең басты зоналық мигранттар орталық Ресей, Белоруссия. Аудан аралық миграция Ресейде 16 ғасыр мен 20 ғасыр басында 25 – 30 млн адам қатысты. Сибирь 1885 – 1914 жылдар аралығында 4,5 адам қоныс аударды. 1891 – 1900 жылдары Ресейден АҚШ – қа 600 мың адам қоныс аударса, 1909 жылы 4,4 млн адамға жетті. 1912 жылы 1911 – 1912 жылдары Греманияға 300 мың адам қоныс тепті.

Қазан революциясынан кейін СССР – дан кету тоқтады. Ел ішінде аудан аралық миграциялар қалыптаса бастады. Бұл ауыл мен қала арасындағы қоныс тебушілер. Соңғы он жылда қалада қоныс тебушілер 56% - ке жетті. Мысалы, әрбір республикалар бойынша:

ССР – 12,5 Украина – 11,7

Азербайжан – 4,1 Қазақстан – 11,8

Таджикистан – 6,9 Латвия – 12,5

Эстония – 75 РСФСР – 13,2

Грузия – 8,2 Армения – 14

Қырғызстан – 9,1 Литва – 18,3

Өзбекстан – 9,4 Белоруссия – 20,9

Түркіменстан – 9,7 Молдава – 21,1

Миграциялық қозғалыс ауыл халқы қаламен салыстырғанда төмен.






келгені

қаладан

ауылдан

қалада

97

5,3

4,4

ауылда

4,2

1,7

2,5

Аудан аралық миграция (республикалық, облысаралық болып бөлінеді) аудан іші аралық миграция. Бұндай миграцияда 1968 – 1970 жылдары 10 млн адам қозғалыста болды. Соның ішінде миграция халықтардың СССР – да – 15,6%, Сибирьде – 57,2%, Орта Азияда – 36,8%, Поволжье Украина – 5 - 6%, орталық қара топырақты аудандарда – 6,3% - азайды. 60 жылдары Батыс Сібір, Қазақстанда етек жая бастады.

8-9-10 дәріс. Халықтардың қоныстануы.

Жоспар:

  1. Қоныстану және олардың формалары.

  2. Қалалық және селолық халықтар.

  3. Урбанизация және оның формалары.

Қоныстану ең негізгі түсінік. Халықтардың белгілі бір жер территориясын қамтуы. Адам жер бетінде біреуден емес, топ болып қоныстанады. Бұндай халықтардың қоныстануына әр түрлі географиялық жағдай әсер етеді:

  1. Географиялық орта

  2. Экономикалық жағдай

  3. Тарихи жағдай

Қоныстану мынадай формаға бөлінеді:

Аграрлық халық қызметші халық Агломерациялық


Бытыраңқы халық Ауылдық, қалалық

Жартылай отырықшыланған Таптық
Көшпелі Қоныстану формасы отырықшы халық

Халықтар


Халықтың орналасуы көп ретте қалалар географиясымен анықталады. Аса ірі совет географы Н.Н. Баранский қалаларды елдің «командалық құрамы» деп бекер айтпаған. Қалалар өте ертеде пайда болған. Алайда олардың қаулап өсуі машина өндірісінің өркендеуіне байланысты 19 ғасырда басталды. «Қала капитализмінің бел баласы» деп жазды К. Маркс. 19 ғасырдың басында жердегі халықтың 3%, 20 ғасырдың басында 13%, ал 1985 жылы 41% қалаларда тұрды.

Қазіргі күнде қала халқы жер шарының барлық халқына қарағанда 2 – 3еседей жедел өсіп отыр. 2000 жылға қарай адамзаттың жартысынан астамы шоғырланатын болады. Дүние жүзінің елдің немесе ауданның халқы құрамында қала тұрғындары үлесінің өсуі урбандалу деп аталады.

Урбандалудың мәні – ол қалалардың рөлін арттыру қалалық тұрмыс салтын тарату процесі. Бірақ қалалардың барлығы бірдей тез өсіп отырмайды. Қалалар тұрғынының көптігіне қарай өсу қарқыны да жоғары болады. Кіші – гірім 20 мыңға дейін ауданы бар және орташа 20*100 мың адамы бар қалалар тым баяу өседі. Үлкен қалалар (100 мыңнан астам адамы бар) жедел өседі. 20 ғасырдың басында мұндай қалалар бүкіл жер шарында 300 еді, қазір 2 мыңнан асты. Үлкен қалалар өнеркәсіптік шоғырландырудың қазіргі формасына сәйкес келеді. Олар ғылым мен өндірісі арасындағы байланысын күшейтуге себебін тигізеді, адамдардың рухани тілегін жақсы қанағаттандырады. Бірақ өзгеріс адам санының көбеюімен ғана тынбайды. Урбандалу қазіргі кезеңі үшін қалалар орналасуының қарапайым формасын күрделі формасына бір қаладан қалалар тобы жүйесіне көшу ерекше тән. Мұндай топтасқан жүйенің жоғарғы формасы қала агломерациясы болып табылады. Демек қала халқының көбеюі оның үлкен қалаларда және қала агломерацияларында шоғырлануының күшеюімен бірге жүреді.

Батыс елдерде қалалардың өсуі олардың орналасуы, жоспарлануы мен салынуы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Капитализм тұсында стихиялы түрде жүреді. Урбандалудың дәрежесі мен қарқыны жөнінде де елдер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Америкада, Австралияда, Европада урбандалу неғұрлым жоғары деңгейге жеткен. Азия, Африкада өте төмен, бірақ өсу қарқыны жоғары. Урбандалу деңгейін салыстырғанда барлық елдер үшін, Мысалы, Данияда тұрғандардың саны 200 – ден асатын мекен қала саналса, ал Нидерландта 20 мыңнан асатын елді – мекендер қала деп аталады. Жер шарының қала халқының өсу көрсеткішін қарасақ, 15 - 22% Қытай, Үндістан, Индонезия, Бирма, Нигерия, Заир; 40 – 49 ЮАР, Иран, Турция, АРЕ, Румыния; 50 – 60 % Австрия, Италия, Швейцария, Норвегия, Болгария, Польша, Венгрия, Бразилия, Мексика; 60 – 70 СССР; 71 – 80 Англия, Дания, Нидерланды, ГДР, США, Канада, Аргентина; 80% Бельгия, ФРГ, Швеция, Австралия, Жаңа Зеландия, Уругвай. БҰҰ – ның анықтауы бойынша 2000 жылы қала халқы 3,2 млрд. адамға дейін өседі.



Селолық қоныстану.

Қалалардың тез өсуіне қарамастан, дүние жүзінің басым бөлігі әлі де селолық жерлерде тұрады. Бірақ Европа мен Солтүстік Америкада село тұрғындарының бәрі бірдей ауыл шаруашылығымен шұғылданбайды, керісінше Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде селолық тұрғындар арасында айырмашылық жоқ. Селолық қоныстану формалары бірдей емес. Олар ел шаруашылығының даму бағытына және әлеуметтік жағдайына байланысты. Селолық қоныстанудың топтық формасы басым. Бірақ кейбір елдер мен аудандарда жеке мекендер түріндегі бытыраңқы қоныстану таралған. Тұрақты елді – мекені жоқ жайылымды мал шаруашылықты аудандарда әлі де көшпелі тұрмыс салты сақталып келеді. Қалалар елді қоныстардың неғұрлым кешіректегі типі. Олар қолөнер мен сауданың шығуына байланысынан пайда болған.



11-дәріс.

Европаның халықтар географиясы

Жоспар:

    1. Европа халықтарының таралуы

    2. Европадағы жоғары қоныстанған аймақтар

2000 жылғы мәлімет бойынша Европада 728 млн адам тұрады. Европалықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 74 жас. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші 10 адам болса, өлім – жітім көросеткіші 11 адамға жетіп отыр. Соңғы уақытта халықтың өсуі баяулауда, өйткені табиғи өсу көрсеткіші өте төмен, кейбір елдерде бұл көрсеткіш теріс мәнге ие. Сондықтан халық саны кеміп, оның жас құрамы да өзгеріске түсуде. Мысалы, халықтың жалпы санында егде адамдар үлесі 20 - 23% - ға дейін артса, керісінше балалардың үлес салмағы азайып, бар болғаны 16 - 17% - ға жетіп отыр. Бұл жағдайлар халықтың сыртқы көші – қонының өзгеріске ұшырауына әсер етеді.

Ұлы географиялық ашылулар заманынан бері эмиграция ошағы болған Европа, қазіргі таңда еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ауданына айналды. Мәліметтерге сүйенсек, Европада еңбек ететін 14 млн – нан астам мейман жұмысшалыр. Олардың саны әсіресе экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде өте көп.

Ұлттық құрамы. Европа жерінде 80 – нен астам этнос өкілдері тұрады. Европа халықның басым көпшілігі үнді – европалық тіл семьясына жатады Шығыс және Оңтүстік – шығыс Европада славян тобының халықтары қоныстанған. Оларға орыстар, украиндар, беларустар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар, македондықтар, словендер және т.б. жатады.

Солтүстік және Орта Европада герман тіл тобына кіретін халықтар басым қоныстанған. Қазіргі кезде Британ аралдарын ғана қоныстанған кельт тіл тобына ирландықтар, шотландықтар және уэльстіктер жатқызылады. Батыс Европа мен оның оңтүстік – батысын роман тіл тобына жататын халықтар қоныстанған. Балтық бойындағы латыштар мен литвалықтар осы тіл семьясының балтық тіл тобына жатады. Гректер мен албандар өзіндік тілдік ерекшеліктерімен көзге түседі. Сол сияқты тілдік ерекшелігі нәтижесінде оқшауланған баск, валлон және т.б. халықтар да кездеседі.

Европада фин – угор тіл семьясының тобына жататын венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурт, коми – пермяк сияқты халықтар Скандинавиядан Балқан түбегіне дейінгі аралықта және шығысқа қарай кең таралған. Түркі тілдес тобына кіретін халықтар Еділ бойы мен Орал маңын және Европаның оңтүстік – шығысын қоныстанған. Семит тіл тобына кіретін мальталықтар және арабтар Жерорта теңізі жағалауында қоныстанған.

Әр халықтың тілдік ерекшеліктері сақталғанымен, Европа халқы ұзақ жылдар бойғы көші – қон нәтижесінде өте күшті өзгеріске ұшыраған. Әсіресе, көші – қонның қарқынды жүрген кезеңі 5 – 10 ғасырларға сәйкес келеді. 16 ғасырдың ортасына қарай Европа халқын құрайтын этностардың барлығының дерлік негізі қаланды. Содан бері Европа халқының этностық құрамында айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған көші – қон өзгерістері де оған онша әсерін тигізе алмады.

Діни құрамы. Европа христиан дінінің кең тараған діни орталығы болып саналады. Мұнда православие, католик және оның тармақтары болып табылатын протестант шіркеулері мен діни ағымдары да кең қанат жайған. Православие Шығыс және Оңтүстік – шығыс Европа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік – Батыс Европа елдерін қамтиды. Европаның түркі тілдес халықтарының көпшілігі ислам, кейбіреуі иудаизм және будда діндерін ұстанады.

Халықтың орналасуы және тығыздығы. Европа – дүние жүзіндегі халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – ге 100 адамнан келеді.

Бірақ халық аумақтарда біркелкі орналаспаған: бұл көрсеткіш 2 адамнан (Исландия) 350 – 380 адамға (Бельгия, Нидерландия) дейін өзгереді.

Европада халықтың орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мұнда урбандалу деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр. Бельгияда урбандалу деңгейі 97%, Исландияда 92%, Ұлыбританияда 89%, Дания мен Германияда 86%, Швецияда 84%, Францияда 74%. Қалалардың жалпы саны бірнеше мыңға жетеді және олар бір – біріне жиі орналасып, агломерациялар түзеді.

Қала агломерацияларының саны АҚШ пен Жапония агломерацияларын қосқандағыдан әлдеқайа көп. Яғни 40 – тан астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (халық саны 12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн – Рур, Лондон (әрқайсысында 10 млн адамнан астам). Соңғы жылдары субурбандалу үрдісі , яғни серік қалалар мен қала маңының қарқынды өсуі байқалуда.



12-дәріс

Азияның халықтар географиясы

Жоспар:

  1. Азия аумағындағы демографиялық жағдай

  2. Шетелдік Азия халқының ұлттық және діни құрамы

Азияның айрықша орны алдымен азиялықтардың адамзаттың материалдық және рухани мәдениетіндегі үлесімен анықталады. Азия аймағында дүниеге келіп, дамудың шырқау шегіне жеткен көне өркениеттер мұрасы күні бүгінге дейін осы дүние бөлігінде тұратындардың өмір салты мен шаруашылық сипатынан айқын көрінеді.

Халық саны. Қазіргі кезде Азия аймағында 3 млрд. 684 млн адам тұрады, яғни азиялықтар Жер шары халқының 60% - ын құрайды. 2000 жылғы мәліметтер бойынша, дүние жүзіндегі халық саны ең көп 10 елдің қатарына Шетелдік Азияның 6 елі енген.

Жеке аймақтардың халық саны айырмашылық жасайды. Мысалы, Азия құрлығының 24% - ын алып жатқан Оңтүстік – Батыс Азияда Азия халқының тек 8% - ы ғана тұрады.

Құрамы. Азия халқының ұлттық құрамы алуан түрлі. Жалпы алғанда азиялықтар 9 тіл семьясына жататын 600 – ге жуық тілде сөйлейді. Аймақта кең тарағандары – сино – тибет және үнді – европалық тіл семьялары. Сино – тибет тіл семьясына қытай және тибет – бирма тілдері жатады. Үнді – европалық тіл семьясына жататын тілдерде Бангладеш пен үндістанның көпшілік халқы, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак тұрғындары сөйлейді.

Дүние жүзіндегі кең тараған тілдер мен саны жағынан ірі халықтар тізімінде Азия елдері айрықша орынға ие. Әлемдегі саны жағынан аса ірі болып есептелетін он халықтың алтауы Азияда тұрады. Олар: қытайлар – 1 млрд. 170 млн, хиндустар – 245 млн, бенгалдықтар – 190 млн, жапондар – 130, пенжабдықтар және бихарлар – 105 млн адамнан. Қытайлар мен олардың тілі бұл тізімнің басында тұр. Қытайлар Оңтүстік – шығыс Азияның барлық бөлігінде кеңінен таралған.

Үндістанның мемлекеттік тілі – хинди таралуы жөнінен дүние жүзінде 5 – орынды алады. Халқының ұлттық құрамы бойынша Азия бір ұлтты (Жапония, Корея Республикасы мен КХДР, Арабия түбегі елдері) және көп ұлтты (Үндістан, Пәкістан, Ауғаныстан, Бангладеш, Непал, Бутан), сондай – ақ бір ұлт басым болатын көп ұлтты елдерден тұрады. Қоғамдағы әлеуметтік – саяси жағдай этностардың қалыптасу үрдісіне әсерін тигізеді. Мысалы, қазіргі Үндістан жерінде тұратын бенгалдықтар мен Бангладештің жергілікті халқы кезінде біртұтас ұлт болатын; екі ел бөлінген соң жаңа бангладеш ұлты қалыптаса бастады.

Азия халықының діни құрамы да өте күрделі. Әлемдік үш діннің және көптеген этностық діни ағымдарының ошағы болған Азияны шын мәнінде адамзаттың рухани бесігі деуге болады.

Азиядағы 17 елде ислам басым дін болып табылады; оның ағымдарының таралуы әркелкі.

Демографиялық жағдай. Кез – келген аймақтың, елдің демографиялық көрсеткіштері аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне байланысты болды. Көбінесе, халықтың табиғи өсіміне қатысты есептеулер туу мен өлім көрсеткіштерінің айырмасы негізінде жүргізіледі. Азияға халықтың ұдайы өсуініңі өтпелі типі тән; яғни туу жоғары (22‰), өлім дәрежесі төмен (8‰) Азияда халықтың табиғи өсуі орташа есеппен алғанда 14‰ болғанымен, жеке елдер бойынша бұл көрсеткіш үлкен алшақтық жасайды. Мысалы, араб елдерінде табиғи өсу 25 – тен 40‰ – ге дейін болса, Жапонияда бар болғаны 2‰ ғана.

Ұдайы өсудің өтпелі типінде жастар мен қарт адамдар саны тұрақты тепе – теңдікке ие болды. Халықтың жас құрылымына өмір сүру жасының ұзақтығы да әсер етеді. Азиялықтардың орташа есеппен алғанда өмір жасының ұзақтығы 66 жас, дегенмен жеке елдер мен аймақтар бойынша үлкен алшақтықты байқауға болады. Мысалы, Жапония бұл көрсеткіш (жалпы 77 жас, әйелдерде 83 жас) бойынша тек Азияда ғана емес, дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады. Керісінше, Азияның мешеу елдерінде адамның өмір сүру жасы өте қысқа (Ауғаныстанда 46 жас, Лаоста 51 жас). Азия халқының басқа дүние бөліктерінің халқынан басты айырмашылығының бірі – ер адамдардың санының әйелдерден басым болуы. Оңтүстік – батыс Азияның мұнай өндіретін елдерінде сырттан келетін жұмысшы күші есебінен ерелер саны әйелдерден 1,5 еседей артқан.

Азияда орташа есепппен алғанда, ер адамдар мен әйелдердің ара – қатынасы 105:100. Бұл жағдайды демограф ғалымдар әйелдердің іс жүзінде қоғамдағы теңсіздігімен, ерте некелесуімен, балалар санының көп болуымен және медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігімен түсіндіреді. Тек Жапония мен Вьетнамда әйелдер санының басым болуы байқалады.

Халық тығыздығы. Табиғат жағдайының алуан – түрлі болуына және әлеуметтік – экономикалық себептерге байланысты Азия аймағында халық өте әркелкі орналасқан. Азияда халық қоныстануының 3 типі таралған: қалалық, ауылдық және көшпенді қоныстану.

Азия бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 70 адамнан келеді. Халықтың ең тығыз орналасқан аудандарына Бангладеш, Үндістан, Жапония, Корея Республикасының аумақтары мен Шығыс Қытай, Ява және Мальдив аралдары жатады.

Мысалы, Бангладеш пен Мальдив Республикасында халық тығыздығы 1 км2 – ге 800 адамға жетеді. Кіші мемлекеттерде бұл көрсеткіш тіптен жоғары: Сингапурда халық тығыздығы 1 км2 – ге 4 мың адамнан келеді. Әдетте табиғат жағдайлары қолайсыз аудандарда халық сирек қоныстанған. Мысалы, Монғолияда әр шаршы км – ге 2 адамнан келеді, ал Арабия түбегінің ішкергі аудандарында тұрақты халық жоқ.

Урбандалу. Азияны әдетте «үлкен ауыл» деп атайды, өйткені мұндағы қала халқының үлесі 35% ғана. Азияда урбандалу деңгейі төмен болғанымен, оның ауқымы өте кең, қалада тұратын азиялықтардың жалпы саны 1 млрд. 289 млн адамды құрайды. Бұл көрсеткіш бүкіл Америка, Европа және Австралиядағы қала халқын қоса есептегеннен асып түседі. Азия аймағында урбандалу жөнінен ішкі айырмашылықтар айқын байқалады. Мәселен, Парсы шығанағы елдерінде мұнай экспортынан түскен пайда қазіргі заманғы қалаларды салуға мүмкіндік берген. Сондықтан Кувейт халықының 90% - дан астамы, БАӘ тұрғындарының 80% - ы қалада тұрады. Азияның жетекші елдерінің бірі Қытайда урбандалу 30% шамасында, ал Непал тұрғындарының 10% - ы ғана қалаларда тұрады. Осыған қарамастан, Азияның кейбір қала агломерациялары халық саны мен инфрақұрылымы жөнінен айрықша көзге түседі. Мәселен, дүние жүзіндегі аса ірі он қаланың бесеуі Азияда орналасқан. 20 қала агломерациясын біріктіретін Токайдо мегалополисінде 55 млн адам тұрады. Токайдо халқының саны мен тығыздығы (1 км2 – ге 800 адамнан) жөнінен әлем мегалополистері арасында 1 – орын алады. ХХ ғасырдың соңына қарай халқы миллионнан асатын агломерациялар саны Қытайда 50, ал Үндістанда 30 – ға жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет