Халықтар географиясы демография және этнография негіздері


-дәріс. Американың халықтар географиясы



бет4/5
Дата14.06.2017
өлшемі0,76 Mb.
#19091
1   2   3   4   5

13-дәріс.

Американың халықтар географиясы

Жоспар:

  1. Халқының саны, ұдайы өсуі

  2. Латын Америка халқының орналасуымен таралуы

АҚШ халқының жалпы саны жағынан дүние жүзінде Қытай, Үндістаннан кейін үшінші орын алады. АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі замаңғы типке жатады: туу өте төмен (15‰), өлу коэффициенті 9‰, яғни халықтың орташа жылдық өсуі 6‰ – ге тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы ересектерде 74 жас, әйелдерде 79 жас.

Нәсілдік, ұлттық құрамы. АҚШ – көп ұлтты ел. Ресми түрде ел азаматтары шыққан тегіне қарамастан, америкалықтар деп аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топқа ажыратылады: еуропалықтар (84%); африкалықтар (12%) және азиялықтар (4%). Нәсілдік топтардың ұзақ жылдар бойы араласуынан қалыптасқан жаңа этностық топтардың өкілдері де бар.

Қазіргі кезде АҚШ – тағы байырғы халық – үндістердің үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек қана ХІХ ғасырдың басынан бері Жер шарының 70 – ке тарта елінен 55 млн – ға жуық адам осында қоныс аударған. ХХ ғасырдың екінші жартысында иммигранттар арасында европалықтар үлесі азайып, Азиядан, Латын Америкасы мен бұрыңғы социалистік елдерден қоныс аударушылар көбейді.

Соңғы жылдары олардың арасында мамандану деңгейі және білім дәрежесі жоғары азаматтардың саны артқан. Қазіргі кездегі шектеулерге қарамастан. Иммигранттар есебінен ел халқы жылына млн адамға артты.

Халықтың діни құрамы да өте күрделі. Америкалықтардың діни бағдарының алуан түрлілігі олардың шығу тегімен түсіндіріледі. Ел халқының көпшілігін христиан дінінің әр түрлі бағыттарын ұстанған өкілдері құрайды: Ұлыбритания, Скандинавия елдерінен қоныс аударғандардың ұрпақтары протестанттар болса, ата – бабалары Италия, Испаниядан келгендер – католиктер. Юта штатындағы Үлкен Тұзды көл маңында мормондардыңайрықша діни сектасының орталығы қалыптасқан, мұнда діни қағидаларкүнделікті өмірдің бұлжымас заңдылығына айналған. Сондай – ақ елде ислам, буддизм дініндегі халықтар да біршама. Байырғы тұрғындарда дәстүрлі діни нанымдар сақталған. Жалпы алғанда, АҚШ – та 250 – ден астам әр түрлі бағыттағы шіркеулер жұмыс істейді.

Орналасуы. Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. АҚШ халықтың орташа тығыздығы жөнінен дүние жүзінде 18 – орын алады. Халық тығыз қоныстанған аудандар қатарына Атлант мұхитының жағалауы мен Ұлы көлдер маңы, батыстағы Калифорния штаты жатады.



14-дәріс

Африка халқының географиясы

Жоспар:

  1. Африка халқының құрамы, ұдайы өсуі

  2. Урбандалудың қарқыны солтүстік және тропиктік Африкалық бөліктерінің ұқсастықтарымен айырмашылықтары

Аймақтағы елдер тәулсіздігін алған соң да, қоныс аударушы еуропалықтардың легі толастамады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Американың кезінде ауыл шаруашылығына қолайсыз деп есептеліп, жеткілікті игерілмей келген субтропиктік және қоңыржай белдеуін қоныстана бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында испандақтар мен португалдықтар, немістер мен италияндықтар келсе, ХХ ғасырда олардың қатарын Шығыс Европадан және Жапония мен Қытайдан қоныс аударушылар көбейтті. Бұл онсыз да креолдар (испандықтардың «таза қанды» ұрпақтары) басым болып келген Аргентина мен Уругвайдың халқын одан әрі «еуропаландырды».

Сонымен, аймақтың қазіргі замаңғы ніслдік және ұлттық құрамы сан ғасырлық әлеуметтік – экономикалық даму барысының нәтижесінде қалыптасты.

Аймақ халқының тілдік құрамына еуропалық отарлау тікелей әсер етті. Қазіргі кезде аймақтағы 33 тәулсіз елдің 18 – інде мемлекеттік тіл ретінде испан тілі; Бразилияда португал; Кариб алабындағы 12 аралдық мемлекетте ағылшын; Гаитиде француз; Суринамда нидерланд тілі қабылданды. Перуде испан тілімен бірге кечуа мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған. Қазіргі кезде БҰҰ - ның топтастыруы бойынша Кариб алабындағы ағылшын тілінде сөйлейтін елдер дербес Кариб елдері тобын құрайды. Бірақ географиядағы дәстүрлі топтастыруға сай, біз оларды Латын Америкасы аймағының құрамында қарастырамыз.

Латын Америкасы діни құрамы салыстырмалы түрде біркелкі; мұндағы халықтың 90% - дан астамын католиктер құрайды. Католиктердің жалпы саны жөнінен Бразилия (133 млн адам) мен Мексика (76 млн адам) дүние жүзінде алдыңғы орындарды иемденеді.

Аймақ халқының саны жылдам өсуде. 1920 жылы Латын Америкасында 90 млн, 1970 жылы 279 млн, 2000 жылы 518 млн адам болды; болжау бойынша 2025 жылы аймақтағы халық саны 703 млн адамға жетуі мүмкін.

Адамның өмір жасының ұзақтығы аймақ бойынша 70 жылды құраса, Гаитиде бұл көрсеткіш 49 – ға, Гондурас пен Никарагуада 68 – ге, Доминикада 78 – ге тең. Табиғи өсімнің жоғарылығы, адамның өмір жасының салыстырмалы түрде аса ұзақ блмауы көптеген елдердің тұрғын халқының «жасаруына» себепші болған. Кейбір елдерде жасы 15 – ке жетпеген балалар жалпы халықтың 40% - дан астамын құраса, жасы 65 – тен асқан қарттар үлесі 3 – 6 % - дан аспайды.

Латын Америкасы дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған аймақтардың бірі; мұнда 1 км2 – ге 24 адамнан келеді. Аймақта халық біркелкі орналаспаған: мұхит жағалауларындағы қолайлы шығанақтар маңында, байырғы өркениет ошақтарында, таулы аудандарда, Кариб алабындағы аралдық елдерде халық тығыз қоныстанған. Кариб алабындағы Барбадоста әр км2 – ге 700 адамнан келеді, Сальвадорда бұл көрсеткіш 300 – ге тең. Амазонка мен Ориноко алаптарында Патагонияда халық өте сирек қоныстанған, мұнда 1 км2 – ге 1 адамнан да келмейді. Елдер бойынша халық тығыздығының ең төмен көрсеткіштері Суринамға (1 км2 – ге 3 адам), Гайана (4 адам) мен Боливияға (8 адам) тән.

Қазіргі Африка халқының жалпы саны 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Тек Нигерияның халқы ғана 120 млн – нан асады, тағы да бес елдің халқы 25 – 60 млн аралығында. Он алты елдің халқы аймақ халқының 56% - ын құрайды. Африка халқына тән басты белгілердің бірі – халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда.

Ұлттық құрамы. Бүгінгі таңда этнограф – ғалымдар Африка халқының құрамынан 1000 – нан аса этностар мен ұлыстарды ажыратады. Солтүстік Африкада олардың кейбіреулері ірі ұлттарға айналған, ал басқа бөліктерде көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған. Тіпті рулық – тайпалық құрылыстың қалдықтары да кездеседі. Яғни Африка халқының ұлт болып қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, әлем жұртшылығының көз алдында жүзеге асуда.

Біздің жыл санауымызға дейінгі І мыңжылдықта Африка материгінің басым бөлігін қара нәсілдік, ал солтүстігін европалық тайпалар қоныстана бастады. Климаттың құрғауы нәтижесінде Сахара шөлі аумағының ұлғаюы халықты Солтүстік Африкадан батысқа және орталыққа қоныс аударуға мәжбүр етті. Африка тарихындағы осындай жаппай қоныс аудару қозғалыстары біздің жыл санауымыздың бас кезінде деқарқынды жүрді. Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун мен Нигерия жерінен қазіргі банту халқының арғы аталары материктің шығысына, одан әрі оңтүстікке қоныс аудара бастады. Олар Заирдың оңтүстігіне жинақталып, өзіндік этностық орталық құрды. Кейіннен осы орталықтан жан – жаққа біртіндеп тарай бастады. Осы бағыттардың бірі арқылы бантулар қайтадан өз отанына оралды. І мыңжылдықтың соңында Мадагаскар аралының қоныстануы басталды. Олар шығыстан Оңтүстік – шығыс Азиядан қоныс аударған монғол тектес нәсілдер мен батыстан материктен келген қара нәсіл өкілдерінен тұрды. Осы нәсілдер араласуынан қазіргі малагасийлықтар қалыптасты.

ІІ мыңжылдықтың басы Солтүстік Африкадағы арабтардың жаугершілік жорықтарымен әйгілі. Олардың жаулап алған жерлеріне көшпенді араб тайпалары қоныстанды. Қазіргі кезде біртұтас мәдени аймақ түзетін араб әлемінің Солтүстік Африка жеріндегі бөлігі «Мағриб» (Батыс) деп аталады.

Ал материктің оңтүстік бөлігі бушмендер мен готтентоттар мекені болатын. ХІХ ғасырдан бастап, голландиялық қоныс аударушылар – бурлар немесе африканерлердің келуімен байланысты жергілікті халықтың қоныстану аумақтары мен саны күрт азайды. Олар табиғаты қатал Калахари шөліне қарай ығысты.

Африка халқы тілдік және этностық құрылымы жағынан өте күрделі болуына қарамастан, халықтың басым көпшілігі нигеркордофан және семит – хамит тілдерінде сөйлейді.

Африка халқының этностық жағынан өте күрделі құрылымды екені Нигерия мысалында көз жеткізуге болады.

15-дәріс

Қазақстанның халықтар географиясы

Жоспар:


  1. Қазақстанның қазіргі демографиялық жағдайы

  2. Халықтардың таралудың орналасуы

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет әрбір халықтың өмір салыт, әдет ғұрпының дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен өз ерекшелігі бар. Қазақстанның халқының саны 1999 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша 14 млн 953 мың 126 адам болған. Халқының саны жөнінен ТМД, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші. Ал дүние жүзінде 50-ші орында.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықтың ұлттық құрамына сипаттама беру?

  2. Еңбек ресурсын талдау?

  3. Қалалық елдің мекендердің қалыптасуына әсер ететін жағдайларды анықта?

  4. Қалалық агломерация дегеніміз не?



6. Практикалық сабақтың жоспары



Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1.

Халық саны және оның құрылымы..


1. Халықтың өсу қарқыны % есебімен

2. Жер шарындағы халықтың өсуінің сандық көрсеткіші



1

Ғ.А. Өтеева, С.Б. Абсалянова, А.А. Өтеева.

2.

Дүние жүзі халықтарының жастық жыныстық құрылымы

1 Халықтың саны ұдайы өсуі 37 б.40б 2 кесте

2. Халықтың ұдайы өсу заңдылықтары.



2.

В.П. Максаковский Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясы 40-41 б

Шувалов В.М. География населения 22-25 б.



3

Этногеографиялық картаға анализ.


1.ТМД-ның халықтар картасын түсіру

3

1.Е.Л. Шуванов практикум по географии население 39-41 беттер 2. Әбілмәжитова География 58 бет

4

Дүние жүзі халықтарының этнолингвистикалық топтасуы.

1. Этнолингвистика

2. Топтасуы



4.

В.П.Максаковский Географическая карта мира 123-124 бет


5

Әлемдік діндер


1.Діндік топтасуына байланысты дүние жүзі елдерінің айырмашылықтары

2. Атласқа анализ



5

В.П. Максаковский Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясы

Гладкий Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясы Атлас С. Әбілмәжінова География 61-62 бет



6

Дүние жүзінің еңбек ресурстары



Еңбек ресурстарының қалыптасуындағы ерекшеліктер

6

В.П.Максаковский География карта мира 111-112 бет

7

Халықтардың халықаралық миграциясы

1. Миграция топтасу себептері

7

Максаковский География карта мира 136-137 бет

8

Картаға анализ



1. Халықтардың таралуының бейнеленуі. 2. Тығыздыққа байланысты топтасуы картаға түсіру

8

Шуванов Е.Л. Практикум география населении 54 бет

Шуванов Е.Л. География населении



9

Қоныстану формалары

1. Схемаға талдау


9

Шувалов Е.Л. География население 111 бет

10

Урбандалудың экономикалық географиялық аспектілері


1. Оқулықтағы атластағы урбандалу картасын пайдаланып жоғарғы, орта және аз урбандалған елдердің таралуын қарап талдаңдар 16 том 16 бет Дидактикалық материал

2. Атластағы картаға қарап дүние жүзінің ең ірі қалаларын рет санымен жазып шығыңдар



10

Ғ.А. Өтеева С.Б.Абсалямова Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясы 16-18 бет

11

Азия халықтарын сызба нұсқа түрінде талдау


  1. 11 сызба нұсқа негізінде қандай қорытынды жасауға болады.

  2. 13 сызба нұсқаны негізге ала отырып бір Азия еліне халқының жастық жыныстық құрамына құрастыр.

3.Халықтың тығыздық картасын түсіру.

11

Ә. Бейсенова География 99-102 беттер

12

Американың халқы


1. Халқының өсуіне қандай факторлар әсер етеді. 2. Нәсілдік ерекшеліктер жағынан қандай топтарға бөлінеді.

3. Халықтар арасында қандай діни сенім басым болып келеді.

4. Халықтардың орналасуында қандай ерекшеліктер бар.


12

В.П.Максаковский География 10 сынып


13

Африка халқының тілдік этностық топтары


1. Атласты пайдалана отырып тілдік топтар.а бөлу.

2. Африкадағы діндердің таралу картасын түсіру



13

Ә. Бейсенова География 235-236 бет

14

Ауыл шаруашылығын зерттеу.


1.Шаруашылық салаларына сипаттама.

2.Ауыл шаруашылығын интеграциялау.



14

Исаченко А.Г. Полевые практики. 170-180 б.

Бағдарлама. Алыс кешенді комплексттік практика.



15

Экономикалық әлеуметтік система.


1.Экономикалық географиялық зерттеудің обьектісі.2.Экономикалық географияның құрылысы.

15

Саушкин Ю.Г. Экономикалық және әлеуметтік география. М.1973. 120-122 б.


7. Практикалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1 Халық саны және оның құрылымы.



Мақсаты: Халық саны және оның құрылымын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.

  1. Г.Түсіпбекова. Дүние жүзі халқы тақырыбы бойынша 1-3 кестені толтыру арқылы 100 млн-нан асатын елдерді реттеп жазу.

  2. Жер шарындағы халықтың өсуінің заңдылықтары бойынша таныстыру. Әдебиеттер. Ғ.А.Өтеева.

2. Дүние жүзі халықтың жастық жыныстық құрылымы.

Мақсаты: Дүние жүзі халықтың жастық жыныстық құрылымын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.

  1. Қазақстан халқының жас мөлшері жыныстық пирамидасын түсіру.

  2. А.Бейсенова №2 кестені пайдалану арқылы жастық жыныстық құрылымына сипатттама беру.

3. Этногеографиялық картаға анализ.

Мақсаты: Этногеографиялық картаға анализ жасау.

Әдістемелік нұсқау.
1. Дүние жүзінің этногеографиялық картасын пайдалана отырып берілген бір елдің этногеографиялық картасын түсіру.

2. Этногеография терминіне сипаттама. А.Бейсенова 143. бет. Дүние жүзіндегі аса ірі этностарға талдау.

4.Дүние жүзі халықтарының этнолингвистикалық топтасуы.

Мақсаты: Дүние жүзі халықтарының этнолингвистикалық топтасуын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.
А) Дүние жүзі халықтарының этнолингвистикалық топтасуы. Бейсенова 22 сызба нұсқа 145 бет.

Б) А.Бейсенова 23 сызба нұсқа ірі тілдің.146 бет. Таралу диаграммасына анализ.

В) Халықтардың этнолингвистикалық топтасуына сипаттама беру. Географ. Картина мира.

5.Әлемдік діндер.



Мақсаты: Әлемдік діндерін танып білу.

Әдістемелік нұсқау.
А) Дүние жүзінің діндерінің таралу диаграммасын түсіру. Ә.Бейсенова 24 сызба нұсқа.

Б) Діни нанымдар. Тотемизм, Фетинизм, таманизм, терминдеріне сипаттама.

В) Діндердің топтасуы. Геогр. Карт. Мира.125 бет.

6 Дүние жүзінің еңбек ресурстары.



Мақсаты: Дүние жүзінің еңбек ресурстарын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.
А) Қазақстан мен Ресейдің қазіргі еңбек қорының құрылымын талдау. 2 кесте. Е.Ахметов.56 бет.

Б) Жұмыспен қамтылған халықтың экономика саласында үлесі % есебімен 3 кесте Е.Ахметов.

7 . Халықтар миграциясы.

Мақсаты: Халықтар миграциясын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.
А) Дүниежүзі регион бойынша халықтың мигранттардың таралуына анализ . 61 таблица. Геогр.картина мира.

Б) Халықтық миграция картасын түсіру. 48 сурет. Геогр. Картина мира.

8. Тұрғын халықтардың таралып орналасуы тығыздығы.

Мақсаты: Тұрғын халықтардың таралып орналасуы тығыздығын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.
А) Дүние жүзінің халқтар тығыздығын алшақтарға бөлінуі.

Б) А.Бейсенова.151 бет. 25 сызбанұсқаға анализ.

В) Халықтардың биіктік белдеуі бойынша таралып орналасу кестесін түсіру 15 кесте.

9. Қоныстану формалары.



Мақсаты: Қоныстану формаларын анықтау.

Әдістемелік нұсқау.
А) Таблица 60 .Дүние жүзі халықтарының қоныстану диаграммасын түсіру. Геогр. Картина мира.

Б) Қоныстану Формаларына Сипаттама беру.

10. Урбандалу.

Мақсаты: Урбандалу формалары мен түрлерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау.

А) Оқулық атлас картасын пайдаланып жоғ. Орта аз урбандалған елдердің таралуын талдаңдар.

Б) Жоғарғы урбанизациялық елдерді ата. Г.Түсіпбекова.9 бет.

В) Жеке аймақтардағы урбандасу деңгейі. 29. сызбанұсқа А.Бейсенова 159 бет.



11.Қалалық урбандалу.

Мақсаты: Қалалық урбандалуды анықтау.

Әдістемелік нұсқау.

А) Урбандалу кезеңдеріне сипаттама. А.Бейсенова 30 сызбанұсқа.160 бет.

Б) Қалалық урбандалудың түрлері: сурбандалу, рурбандалу, контрурбандалу терминдеріне сипаттама.

В)Әлемнің аса ірі мегаполисі. З.Ахметов. Дүниежүзі эконом.геогр. 68 бет.



12. Азия халықтарының халқы.

Мақсаты: Азия халықтарының халқын зерттеу.

Әдістемелік нұсқау.

А) Азия халықтарын сызба түрінде талдау.

Б) Халықтың тығыздығын картаға түсіру.

Оқулықтар Е.Ахметов. 159 бет. География картина мира. 250 бет.



13. Американың халқы.

Мақсаты: Американың халқын зерттеу.

Әдістемелік нұсқау.

1. Халқының өсуіне әсер ететін фактор.

2. Нәсілдік ерекшеліктері.

3. Халықтар арасындағы діни сенімдер.

4. Халықтардың орналасуы.

Оқулықтар: З.Ахметов. 84 бет. А.Бейсенова.169 бет.



14. Африка халқы

Мақсаты: Африка халқын зерттеу.

Әдістемелік нұсқау.

А) Африка халқының тілдік этностық топтары.

Б) Атласты пайдаланып тілдік топтарға бөлу.

В) Африкадағы діндердің таралу картасы.

Оқулықтар : Географ. Картина мира. 158. А. Бейсенова 233 бет.

15. Ресей Федерациясының халқы.

Мақсаты: Ресей Федерациясының халқын зерттеп, білу.

Әдістемелік нұсқау.

А) Ресей халқына сипаттама.

Б) Халқының ұлттық құрамы.

В) Қоныстану ерекшеліктеріне байланысты топтасу.

Г) Ресей халқының тілдік семьясына байланысты топтасуы.

ӨСӨЖ -әдістемелік нұсқау
ОЖСӨЖ-1. Тақырыбы: 1. Демографиялық саясат

Мазмұны. Демографиялық саясаттың қалыптасуындағы жағдайлар.



Әдістемелік нұсқау.

Берілген елдердің жыныстық құрлымын анықтау.

Әдебиеттер: В.П. Максаковский География картина мира 1 том 105-106 б.

ОЖСӨЖ-2 Тақырыбы: Дүние жүзінің жастық құрылымы.

Әдістемелік нұсқау.

Дүние жүзінің елдері бойынша жастық жыныстық құрлымын анықтау.

В.П. Максаковский Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясы

10 сынып.



ОЖСӨЖ-3 Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының этникалық құрамы

Мазмұны: Этникалық құрамының топтасуы

Әдістемелік нұсқау.

  1. Дүние елдерінің халқының этногеографиясын контур картаға түсіру.

  2. Дүние жүзі халықтар этносына талдау.

  3. Әдебиеттер: В.П. Максаковский География картина мира 120-122бет

ОЖСӨЖ-4. Тақырыбы: Діннің топтасуы

Мазмұны: 1. Қазіргі география дінінің негізгі белгілері

Әдістемелік нұсқау.

1. Дүние жүзін діни топтарға бөлу.

2.Нәсілдердің таралу аймағының сұлбасы картасын түсіру.
Әдебиеттер: В.П.Максаковский Географическая карта мира 125-128 бет

ОЖСӨЖ-5. Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының этникалық құрамы

Мазмұны: Этникалық құрамының топтасуы

Әдістемелік нұсқау.

1)Шувалов. дүние жүзінің халықтарының таралу анализі.

2) Таралуына байланысты жағдайларға сипаттама.

Әдебиеттер: В.П. Максаковский География картина мира 120-122бет

ОЖСӨЖ-6. Тақырыбы: Халықтың сапасы денсаулық

Мазмұны: Халықтарды медециналық көмекпен қамту

Әдістемелік нұсқау.

1)Халық тарының тұрмыс жағдайының өзгерісі статистика медицина.

2) Халықты салауаттылыққа тәрбиелеу семинар.

Әдебиеттер: В.П. Максаковский География карта мира 113-114 бет

ОЖСӨЖ-7. Тақырыбы: Миграцияның негізгі белгілері

Мазмұны: 80-90 жылдардағы халықаралық миграцияның негізгі бағыттары

Әдістемелік нұсқау.


  1. 19-20 ғасыр аралығындағы дүние жүзілік миграцияның дамуы.

  2. Миграцияны топтастыру талдау.

Әдебиеттер: Максаковский География карта мира 138-139 бет


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет