Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) әлеуметтік



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#17544
1   2   3   4

7. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) әлеуметтік
жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
      Лауазымдық міндеттемелері: өз міндеттемелерін медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) бірінші басшысының жетекшілігімен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-әрекетте орындайды. Ұйымның қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделген негізгі міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Туыстық қатынастарды қолдау үшін қамқорлықтағыларға жағдай жасау шараларын қабылдайды. Қамқорлықтарға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін персонал жұмысын бақылайды. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, қамқорлықтағыларды оңалту және күтуге қажетті заманауи техникалық құралдарды сатып алу жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қоғамдастықпен жұмысты ұйымдастырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру жөнінде басшылыққа ұсыныстар жасайды. Персонал мен қамқорлықтағылардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда моральдік-психологиялық атмосфера ұстап отыру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді. Еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау талаптары жөнінде жұмыс жүргізеді. Қажетті есептерді тапсыру, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін; ұйым бейіні мен ерекшеліктерін; әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, геронтология негіздерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздері; ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім, әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл немесе қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейінінде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.
8. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) медициналық
бөлімше меңгерушісі
      Лауазымдық міндеттемелері: медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) медициналық бөлімшесін басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрі – бөлімше). Қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады. Дәрігерлерге диагностикалау және медеу жөнінде консультациялық көмекті жүзеге асырады. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Бөлімшелерді емдік құралдармен және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Медициналық кадрлардың еңбегін оңтайлы орналастыру және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Ауруларды емдеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлімшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа инновациялық технологияларын енгізеді. Бөлімшенің медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі, кәсіби білім және тәжірибені, сондай-ақ еңбек жағдайларын, өмір сүру және денсаулық үшін қауіпті және қолайлы жағдайларды оңтайлы пайдалану және дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді. Есепке алу-есептеу құжаттамасын жүргізуді және ұсынуды, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидасының, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік гигиена негіздері; клиникалық, инструменталды және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістері; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмек, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесінің негіздері; халықтың денсаулығы статистикасын; денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері; емдеу және диагностикалау саласындағы отандық және шетелдік медицина ғылыми жетістіктерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) медициналық білім, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санаты.
9. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің
(бөлімшесінің) меңгеруші
      Лауазымдық міндеттемелері: үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек (бөлімшесін) бөлімін жалпы басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрі – бөлімше). Бөлімшенің жұмыс істейтін аумағында тұратын өмірлік қиын жағдайда қалған және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарларын ұйымдастырады. әлеуметтік көмек түрлері мен нысандарын айқындау, қажеттілікті белгілеу мақсатында жалғызілікті қарттар мен мүгедектердің, еңбекке қабілетсіз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмысын ұйымдастырады. Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың деректер базасын қалыптастырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлімше мамандарының жұмыс көлемі мен қызмет көрсетілетіндердің санын айқындайды. Көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі және сапасын және олардың қызмет көрсетілетін азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкестігін, бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігін ұдайы бақылауды жүргізеді. Бөлімше жұмысын талдау және болжауды жүргізеді, оның қызметін жақсарту шараларын қабылдайды. Стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға мұқтаж азаматтардың арнайы түзету, оңалту мекемелері немесе ұйымдарына қажеттіліктерін айқындауға жәрдемдесу. Бөлімше клиенттеріне әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, қайырымдылық және діни бірлестіктерімен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Халыққа консультациялық көмек көрсету, оның ішінде мұқтаж адамдарға құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Қамқорлық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады. Халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы ұйымдастыру жұмыс нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді. Бөлімше мамандарының белгіленген құжаттаманы (қатысуды есепке алу және жеке сабақтар журналы, сабақ жоспарлары немесе әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсететін мамандардың жұмыс циклограммалары, бала жағдайы мен даму қарқыны жөніндегі құжаттаманы) жүргізуін бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерінің оқуын, тәжірибе алмасуды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбек ынталылығын, бастамашылдығын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Бөлімше қызмет көрсететін адамдар арасында гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және бөлуді қамтамасыз етеді. Бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Табысы аз еңбекке қабілетсіз азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ақысыз көмек көрсетуге арналған бюджеттен тыс материалдық қаражат тарту іс-шараларын жүргізеді. Алдын еңбек ардагерлері жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс құрады және қолдап отырады. Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест ұйымдарымен және де басқа қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпкерлік құрылымдарымен қарым-қатынас жасайды. Жоғарыда көрсетілген ұйымдарға үйде қызмет көрсетудің нысандары мен әдістерін және түрлі табиғи көмек көрсету түрлерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қажетті есептерді, шынайы статистикалық мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидасының, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарды және әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттарын; ұйым бейінін, ерекшеліктері мен мамандануын; әлеуметтік қызмет түрлері; қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс негіздері; социология негіздерін, жеке тұлға психологиясын және зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін; үй жағдайында ауруды күту жөніндегі санитарлық-гигиеналық талаптар; соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтар; әлеуметтік түрлі ортада жұмыс істеу ерекшеліктері; педагогика, психопрофилактика, этика және деонтология, психопатология негіздері; қорғаншылық және қамқорлықты рәсімдеу мәселелері жөніндегі әдістеме; үйдегі әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибе; шарттар жасау және орындау тәртібін; салық және бюджеттік заңнаманы; қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды; экономика және құқық негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, экономикалық, заң) білім, экономикалық қызмет түрі бойынша тиісті бейінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл.
10. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның
құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың,
бөлімшенің, бөлімнің) директоры (бастығы)
      Лауазымдық міндеттемелері: құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқарады және оның жұмыс қорытындыларына жауапты болады. Бөлімшенің жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалуын бақылайды. Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді төлеуді ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Халықтан зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындауға және төлеуге құжаттар қабылдау жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнеткерлердің, жәрдемақы алушылардың және оларға жәрдемақы және зейнетақы төлеу туралы ақпаратты даярлау және жұмысты талдауды жүзеге асырады. Әлеуметтік төлемдерді талдау және болжамдауды жүргізеді. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыру, алушылар деректерінің орталықтандырылған базасын жаңарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жәрдемақы, зейнетақы және де өзге әлеуметтік төлем алушылардың макетін беруді, халықтың дербестендірілген есебі мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халыққа әлеуметтік жеке код беру және ӘЖК беру туралы куәлік беру жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың істерін жүргізу, есепке алу және сақталуын қамтамасыз етеді. Зейнетақы істерін түгендеуді жүргізеді. Республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге уақытылы трансферттер бөлу үшін қажетті ақпаратты және деректерді беруді, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, міндетті әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына уақытылы аударуды жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі банк операцияларын жүргізуді ұйымдастырады. Әлеуметтік төлемдер мен алушылар контингенті жөнінде талдау материалдарын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларымен, әлеуметтік сақтандыру қорымен, екінші деңгейлі банктермен, кәсіпорындардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды және жеке тұлғалармен тиімді өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Математикалық модельдерді және экономикалық және басқа да есептерді шешу алгоритмін талдау негізінде есептеу техникасы құралдарына қойылған міндеттерді және алгоритмді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлейді, оларды тестілеуден өткізеді. Ұйым бөлімшелерінің барлығы үшін бағдарламалық өнімдерді тестілеуді және есептердің жаңа нысандарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Қажетті техникалық құжаттама даярлайды. Енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сүйемелдеуде тұрған қосымшалармен жұмыс жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді. Арнайы техникалық және ақпаратты бағдарламалық-математикалық қорғау құралдарын жобалау және енгізу, ұйымның ақпараттық жүйелерін ұйымдық және техникалық қорғау шараларымен қамтамасыз ету жұмыстарын орындайды. Аумақтық бөлімшелерге техникалық мәселелер жөнінде қолдау көрсетеді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Барлық қажетті құжаттаманы, есептер мен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді. Зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін бақылауды жүзеге асырады. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталық деректер базасын жүргізу, өзгерістер енгізу, жаңарту жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қате есептелген зейнетақы жарналарының есептелу себебін анықтау және қайтару жөніндегі ұйымдар және кәсіпорындармен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. АХАЖ органдары, көші-қон полициясы, оқу орындары, қамқорлық және қорғаншы органдармен өзара іс-әрекет жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Ұйымның барлық өндірістік қызметіне қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және оларды оңтайлы пайдалануды ұйымдастыру. Белгіленген мерзімге есеп береді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтік қамсыздандыру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметі; кәсіпорынның бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ұйымдардың өзара іс-әрекет тәсімдері мен әдістері, алушылардың деректер базасын құру әдістемесі; зейнетақы және жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу әдістемесі; желілік әкімшілендіру ұйымы негіздері; бағдарламалау негіздері; ақпараттық-есептеу жүйелері мен деректер қорын құру және сүйемелдеу мәселелері жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу әдістемесі; есептеу жабдықтарының техникалық-пайдалану сипаттамасы; құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдар; шаруашылық-қаржы қызметі туралы есеп жүргізу және есеп жасау тәртібі, шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттар жасау және рәсімдеу тәртібі; есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары; салық заңнамасы; азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқығы; экономика, еңбекті ұйымдастыру, есеп және қаржылық талдау негіздері, кәсіпорынның техникалық, экономикалық даму перспективалары; ішкі тәртіп ережесі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.
11. Әлеуметтік қорғау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің
(бөлімнің, сектордың, топтың) бастығы
      Лауазымдық міндеттемелері: құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқаруды жүзеге асырады. Жұмыс жоспарларын даярлауды жүзеге асырады, бөлімше қызметкерлері қызметінің басты бағыттарын айқындайды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкін қалыптастырады және жүргізеді. Қызмет кешенін көрсету жөнінде қажетті құжаттаманы әзірлейді. Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы нәтижелерін және әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі - контингент) сұранысына сәйкестігін талдайды. Контингенттің жеке сұранысын ескере отырып, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі медициналық, педагогикалық және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Контингенттің өтініштері және ұсыныстарды қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бөлімше қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі жұмысқа талдауды жүргізеді және шаралар қабылдайды. Оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысады. Әлеуметтік жұмыс мәселелері жөнінде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және қабылдайды. Басқа да ұйымдармен және олармен тиімді ынтымақтастық өзара іс-әрекет жұмысын жүзеге асырады. Бөлімше жұмысында жаңаша технологияны қолданады. Қажетті есептілік беруді және статистикалық мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтік қамсыздандыру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; балаларға, мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету ұйымының бейіні, мамандануы мен ерекшеліктері; социология, психопатология негіздері; балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге көмектің психо-әлеуметтік аспектілері; әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибе; түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктері, тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістері, ақпарат жинау және талдау тәсілдері; экстремалды ахуалдарды анықтау әдістері; экономика, құқық негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заң, медициналық, педагогикалық) білім және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында лауазымдарда немесе экономикалық қызмет түрінде ұйымның тиісті бейінінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл.
12. Әлеуметтік қорғау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің
(бөлімнің, сектордың, топтың) бастығы
      Лауазымдық міндеттемелері: Жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесі (бөлім, сектор) (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқарады және оның жұмысының нәтижесіне жауапты болады. Бөлімшенің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді, түрлі топтар мен халықтың санаттарын ескере отырып жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шараларға ұсыныстарын даярлауды ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыспен қамту жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және жинақтайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген және жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде жұмыс берушілермен өзара әрекетті жүзеге асырады. Нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Ағымдағы бос орындар мен ауданда (қалада) болжанатын жұмыс орындары базасын, өтініш берген азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған адамдар арасынан мамандардың деректер қорын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Уәкілетті орган, басқа да халықты жұмыспен қамту проблемалары бойынша ұйымдар жүргізетін іс-шараларға қатысады. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері бойынша халық және жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шеңберінде азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарастырады. Өңірлік еңбек нарығын талдау және болжауды жүзеге асырады, өңірдің (аудан, қала) даму бағдарламаларына қарай жұмыспен қамту бағдарламаларды іске асыру іс-шараларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады. Қажетті шынайы есеп беруді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесінің, өртке қарсы қауіпсіздік техникасы және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; азаматтық заңнаманың негізгі ережелері; құрылымдық бөлімше бейіні, мамандануы және ерекшеліктері, ағымдағы бос жұмыс орындарының және болжанатын жұмыс орындарының жалпыұлттық базасын құру әдістемесі; жұмыспен қамту саласындағы автоматталған ақпарат жүйелерінің негізгі функциялары; өңірдің (аудан, қаланың) шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын, ерекшеліктерін; өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін; өңірлік еңбек нарығын дамытудың негізгі үрдістері мен даму бағыттарын; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу тәртібін; жұмыспен қамту бағдарламаларын іс-шараларының тиімділігін бағалау; ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды; экономика, құқық негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және экономика саласында практикалық жұмыс стажы кемінде 5 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет