Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет3/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#17544
1   2   3   4

3-бөлім. Мамандардың лауазымдары
1. Райттерапия (иппотерапия) бойынша нұсқаушы-әдіскер
      Лауазымдық міндеттері: мүгедек-балалармен (бұдан әрі – науқастар) қауіпсіздік ережелерінде белгіленген шарттар толық сақталған үй-жайдың ішінде немесе далада емдік мақсатта салт жүру (бұдан әрі - ЕСЖ) бойынша жеке жаттығулар жүргізеді. Райттерапия өткізудің барлық кезеңдерінде науқастардың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Жаттығулар кезінде науқастардың өмірі мен денсаулығына толықтай жауапты болады, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды және оларды науқастың ата-анасы мен ат жетектеушінің да сақтауын талап етеді. Кәсіптік орындалатын сақтандырудың көмегімен өз науқастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Науқастардың әрқайсысына жеке таңдалған жаттығуларды, әдіс-тәсілдер мен емдік мақсатта салт жүру режимдерін пайдалана отырып, дене және психоәлеуметтік мәртебесінде оң өзгерістерге қол жеткізуге ықпал етеді. Аттың және ат жетектеушісінің жаттығуды бастауға даярлығын, жаттығуды бастауға қажетті жабдықтардың болуын тексереді. Емдік-медициналық мекемеде қабылданған арнайы сауалнаманы жүргізе отырып, өзінің қамқорлығындағы науқастардың психофизикалық параметрлерінің динамикасын бақылайды. Дәрігердің бақылауымен және оның көмегімен сауалнамалармен жұмыс жүргізеді, ол алынған нәтижелерді бағалауға және қажет болған жағдайда ЕСЖ режиміне түзету енгізеді. Әрбір науқаспен күнделікті жеке жаттығу жоспарларын жасайды, атқарылған жұмыс туралы (күнделікті) күнделік жүргізеді. Науқастың денсаулық жағдайын, оның ЕСЖ бойынша жүктемені көтеруге даярлығын бағалайды, науқастың жағдайында қандай да бір ауытқушылықтар болғанда медициналық қызметкермен бірлесе отырып, науқаспен ЕСЖ сабақтарын жүргізудің орындылығы туралы мәселені шешеді. Жаттығулар кезінде нақты және қысқа командалар беру арқылы ат жетектеушісінің қызметін басқарады. Науқастың мінез-құлқы мен жай-күйін, оның сабақ барысындағы көңіл-күйін бақылайды, қатты шаршағаны байқалған кезде жүктемені азайта отырып немесе мүлде тоқтата отырып, жоспарға өзгерістер енгізеді (медициналық қызметкердің кеңесі бойынша). Үнемі өзінің біліктілігін арттырады, салт жүру саласындағы өзінің білімі мен дағдысын жетілдіреді. Оңалту тәжірибесінде жаттығулар банкін құрған кезде және одан кейін де ЕСЖ әсер ету нәтижесін объективті бақылау бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарға белсенді қатысады. Науқастың киімінің оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ дұрыс киілген және дұрыс түймеленген сақтандыру дулығаның болуын тексереді. Ат жетектеушімен бірлесе отырып, науқасты атқа қауіпсіз отырғызу және одан сабақ аяқталған кезде түсіруді қамтамасыз етеді. Иппотерапия арқылы шетелдік және отандық оңалту тәжірибесін зерттейді және талдайды. Есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайда болуын және қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және медицина, педагогика, мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; анатомия, гигиена, физиология, биохимия негіздері, қалыпты және ауытқу жағдайындағы ағзаның функционалдық және физикалық жай-күйі; ағза функцияларының әртүрлі бұзылуы жағдайларында дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру тәсілдері; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен анатомия негіздері; иппотерапевтикалық теория негіздері; адам (науқас) ағзасына иппотерапияның әсер етуінің негізгі тетіктері; науқастарды кешенді оңалту (дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдістері; физикалық және психикалық қасиеттердің және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жиынтығы; дене жаттығуларының емдік-алдын алушылық әсері теориясының негіздері; ауру түрлері және иппотерапия әдісімен емдеу әдістері; науқасқа дене жүктемесінің әсер етуінің ерекшеліктері; жануардың мінез-құлық ерекшеліктері; қауіпсіз жаттығу жүргізу ережелері; алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесі; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді және талдайды; салт жүру әдістері; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (дене шынықтыру, медициналық, педагогикалық) білім немесе «Дене шынықтыру және спорт», «Ветеринария» мамандықтары бойынша арнайы орта білімі, дене шынықтыру мен иппотерапия бойынша арнайы дайындығы болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды. Мүгедек балаларды салт жүру арқылы емдеуді пайдалана отырып, оңалту жұмысына ЕСЖ кезінде науқастарды сақтандыру әдістемесі бойынша оқудан өткен және тиісті куәліктері бар адамдар ғана жіберіледі.
2. Жүзу жөніндегі нұсқаушы
      Лауазымдық міндеттері: қауіпсіздік ережелерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарттармен және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағы адамдар) бассейнде жүзу (гидрокинезотерапия) бойынша жеке жаттығулар өткізеді. Емдеуші дәрігердің бақылауымен қамқорлығындағы адамдарға арнайы таңдалған жаттығуларды, әдістемелік тәсілдер мен емдік жүзуді, жүзу техникасын және гидрокинезотерапия емдік әдісін қолдана отырып, олардың физикалық және психоәлеуметтік мәртебесінде оң жетістіктерге жетуге жәрдемдеседі. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Жаттығулар кезінде қарамағындағылардың өмірі мен денсаулығы үшін толық жауапты болады, бассейнде өзін-өзі ұстау ережесіне ақтайды және оларды қарамағындағылардың да сақтауын бақылайды. Бассейннің түбінің жұмыс бастауға дайын болуын, жаттығуды бастау үшін қажетті жабдықтардың болуын тексереді, жұмыс аяқталғаннан кейін күн сайын бассейнді тексереді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда дәрігерге дейін көмек көрсетеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жас ерекшелік физиологиясы мен анатомия негіздері, емдік гидрокинозеторепия әдістеме; адам ағзасына гидрокинозеторепияның әсер етуінің негізгі тетіктері; қамқорлықтағылардың кешенді оңалту (дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдістері; дене жаттығуларының емдік-алдын алушылық әсері теориясының негіздері; қауіпсіз жаттығуларды жүргізу ережесі; алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері; емдік мақсатта жүзу әдістері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
3. Еңбекпен емдеу жөніндегі нұсқаушы
      Лауазымдық міндеттері: бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектерді (қамқорлықтағыларды) шамасы жететін еңбекке тартады. Қамқорлықтағылардың физикалық және психикалық жағдайын оңалту мақсатында емдеуші дәрігердің басшылығымен қамқорлықтағыларды еңбекпен емдеуге тартуға мүмкіндік беретін шарттарды қамтамасыз етеді. Еңбекпен еңбек шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен, жабдықтауды ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына жауап береді. Жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, техникалық құралдар мен айлабұйымдарды жөндеу мен ретке келтіруді жүзеге асырады немесе ұйымдастырады, олардың жұмысын бақылайды. Қамқорлықтағылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, жұмыс процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жоспарлау, есепке алу және есеп жүргізу бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар; жабдықтарды пайдаланудың қолданыстағы стандарттары, ережелері мен техникалық шарттары; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек.
4. Әлеуметтік жұмыс бойынша консультант
      Лауазымдық міндеттері: үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде өз қызметін жүзеге асырады, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен жұмыс істеуге өкілеттілік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, қарттар мен мүгедектерге (бұдан әрі – контингент) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және төлемдердің басқа да түрлері; қорғаншылықты, қамқорлықты ресімдеу, арнайы түзету ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетеді. Контингентті протездік-ортопедиялық бұйымдармен, арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Контингентке денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, заң қызметтері мен басқа да мамандардың консультация көрсетуін қамтамасыз етеді. Мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде оқыту өткізеді. Отбасыға әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, паналарды, жастар, жасөспірімдер мен балалар орталықтарын, күндізгі бөлімшелерде және үйде күту бөлімшелерінде жұмыс істейтіндерге арналған клуб құру қызметіне қатысады. Қиын өмірлік жағдайда жүрген контингентке әр түрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Қиын өмірлік жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі және бірігуі үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдеседі, олардың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметтерді үйлестіреді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға қажетті мамандарды тартады. Үйде күту жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен жұмыс жүргізуінің жеке жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету. Үйде күту жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге үнемі мониторинг жүргізеді, дерекқорды жүргізеді және белгіленген тәртіппен есеп береді. Ұйымда әлеуметтік қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және халыққа әлеуметтік көмек ұйымдастыру, қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; психология, құқықтану, саясаттану, педагогика негіздері; қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; қылмыстық, азаматтық және зейнетақы құқығының негіздері, ана мен баланы қорғаудың құқықтық негізі; жасөспірімдер мен зейнеткерлердің құқықтары; қорғаншылық, қамқорлық белгілеу, асырап алу, ата-аналық құқығынан айыру тәртібі және оны ұйымдастыру; арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне жіберу ережелері; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтардың негіздері; әлеуметтік жұмыс бойынша озық және халықаралық тәжірибе; консультант қызметінің этикалық нормалары; психологиялық қолдау көрсету әдістері; үйде қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік материалдар; халықты әлеуметтік қорғау бойынша саясаттың негізгі бағыттары; әлеуметтік қызмет бойынша озық және халықаралық тәжірибе; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің
(ұйымдардың) әдіскері
      Лауазымдық міндеттері: Балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің (ұйымдарының) (бұдан әрі – ұйым) оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, топтық және жеке жаттығулардың кестесін әзірлейді, бірыңғай тақырыптық жоспарлау, күнтізбелік жұмыс жоспары, ашық сабақтардың жоспарлары, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-мәдени қызметтерді көрсететін персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша семинарлардың тақырыптарын дайындайды, практикалық және әдістемелік тәжірибесін, қажетті білімдерді, дағдылар мен тағылымдарды қызмет көрсететін персоналға үйретеді. Мүгедек балаларды оқу-түзету, абилитациялау, оңалту іс-шараларына (өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек бағдарын, сенсорлық, қимыл, танымдық функцияларын қалыптастыру), даму динамикасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, кешенді тексеру және мүгедек балалардың әлеуметтік, зияткерлік және моторлық даму деңгейін кешенді зерттеу және оларды түзету, әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалу дәрежесін айқындау жұмыс істейтін қызметкерлерден пәнаралық медициналық-педагогикалық комиссияны құрады, жеке жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, алдын ала жоспарланған тақырыпқа педагогикалық кеңес өткізеді. Әдістемелік база (кітапхана, лекотека) құрады және оны толтырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру (арнайы білім беру) органдары мен ұйымдарының мамандарымен тығыз қарым-қатынаста өз қызметін жүзеге асырады. Мүгедек балалардың ата-аналарына консультативтік қызмет көрсетеді. Баланың даму динамикасы бойынша құжаттаманы жасайды. Фронтальді және жеке сабақтардың журналдарын жүргізеді. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Шеберханалар мен өндірісте санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттаманы уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және стационар, жартылай стационар және үйде күту жағдайында әлеуметтік қызмет және көмек көрсету бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жеке тұлға психологиясы, педагогика, психокоррекция негіздері; қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына, көлемі мен түрлеріне қойылатын талаптар; дамыта-түзету, тәрбиелеу қызметі ұйымдарының әдіс-тәсілдері; арнайы педагогика, психология, әлеуметтік жұмыс негіздері; әлеуметтік және білім беру қызметтерін көрсету бойынша озық және халықаралық тәжірибе; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
6. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
      Лауазымдық міндеттері: өз қызметін медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі – ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттар мен мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) жұмыс жүргізуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен қарым-қатынасты жүзеге асырады. Жеке жұмыс жоспарын және журнал/электрондық картотека жасау жұмысын үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім қызметтерін қажет ететін науқастарды анықтауға ай сайын мониторинг жүргізеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен түрлерін талдайды, оларды дамыту перспективаларын, әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың динамикасын болжайды. Азаматтардың туысқандарымен қарым-қатынас жасап тұруына, хат жазуға, өтініш жасауға, баспа құралдарымен танысуға ықпал етеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметіне, олардың сапасына әдістемелік басшылық және бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарауға өз құзыреті шеңберінде жәрдемдеседі, туындаған қиындықтарды шешу және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жәрдемдесу шараларын қабылдайды. Қамқорлықтағыларына әлеуметтік көмек көрсету үшін бюджеттен тыс қаражатты тартуға жәрдемдеседі. Біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Жұмысты талдайды, белгіленген құжаттарды сапалы жүргізуді, уақтылы есеп беруді (ведомстволық және статистикалық) қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасыныңкодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы; жеке тұлғаның және азаматтардың жекелеген санатының психологиясы; педагогика, психология, геронтология, этика негіздері; әлеуметтік жұмыс жөніндегі бағдарламалық-әдістемелік әдебиет; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтар жүйесі; тәрбие және әлеуметтік жұмыстың нысандары мен әдістері; әр түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыстың ерекшелігі; әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру, зейнеткерлер мен мүгедектерге көрсетілетін көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша озық және халықаралық тәжірибе; тұрмыс пен отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет