46. Уақытша болу ұйымынан қызмет алушыларды шығару:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші;
2) қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;
3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;
4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
47. Қызмет алушыларды білім беру ұйымына оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызмет алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.
Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызмет алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.
48. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызмет алушылар медициналық ұйымның және ОЖБ-ға сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылады.
49. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсеткіштері болған кезде қызмет алушылар денсаулық сақтаудың тиісті мекемелеріне жіберілуге жатады.
50. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
51. Қызмет алушылар:
1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсеткіштер анықталған кезде;
3) қызмет алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда.
Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-бөліміне сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;
4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;
5) қызмет алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.
52. Қызмет алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
53. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.