3. Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
12. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына қызмет алушыларды қабылдау үйде қызмет көрсету ұйымына уәкілетті орган ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (осы стандартқа 1-қосымша);
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі;
3) уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде);
4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);
6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін – талап етілмейді);
7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
8) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2014 N 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
14. Жазбаша өтінішті және осы стандарттың 13-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (осы стандартқа 2-қосымша) жасайды.
Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.
15. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бірінші кезекті тәртіппен көрсетіледі.
16. Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тіркеу журналына (осы стандартқа 3-қосымша) тіркейді.
17. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектер мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.
18. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулығының жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |