Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 58, 832-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 3 сәуірдегі N 128-129 (27202), 2012 жылғы 21 сәуірдегі 172-177 (27251); "Казахстанская правда" от 03.04.2012 г., № 87-88 (26906-26907); от 04.04.2012 г., № 89 (26908); от 05.04.2012 г., № 90 (26909); от 07.04.2012 г., № 93-97 (26912-26913)
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 214 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілетін Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын, Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |