Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу



бет6/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      21. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар және стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары) (осы стандартқа 3-қосымша) айқындайды.


      22. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы стандартқа 4-қосымша) әзірлейді.
      23. Жеке жоспарлар қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымдарға түскен немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде әзірлейді, кейінгі бес жұмыс күні ішінде толтырады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      24. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекітілген мерзімде жүргізеді.
      25. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістерді стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиіс.
      26. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға жеке жүргізілетін жеке жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) (осы стандартқа 5-қосымша) көрсетеді.
      27. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді.
      28. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      29. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган:
      1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;
      2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
      30. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
      31. Стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
      Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
      32. Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
      33. Стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет