Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері мен функциялары



бет3/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
2. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері мен функциялары

      9. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі міндеттері:


      1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
      2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
      3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
      5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық  күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
      10. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі функциялары:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
      2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      3) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
      4) осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
      5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
      6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
      8) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
      9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымдардың әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен орындау;
      10) стационарлық үлгідегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      11) стационарлық үлгідегі ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет