Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары



бет4/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
3. Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары

     11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.


      12. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
      13. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымдарға ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші (осы стандартқа 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдау хаты;
      2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
      3) уәкілетті органның жолдамасы;
      4) баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі ;
      5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
      7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
      8) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болған жағдайда);
      9) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігі;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлік.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет