Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары



бет5/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
4. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары

      15. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.


      16. Құрылтайшы стационарлық үлгідегі ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
      17. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
      18. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін жеке орынжай бөлінеді.
      19. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру тәртібі стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі ережесінде айқындалады.
      20. Қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкілімен жасасатын келісімшартпен ресімделеді, онда уақытша болу мерзімі, қызметтердің көлемі мен түрлері айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет