Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты



бет2/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.


      2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттарына және тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
      Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
      3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.
      4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
      5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      6. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
      1) мыналардың:
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
      жарыместігі болғанда айына төрт реттен жиі емес ұстамасы бар (оның ішінде симптоматикалық) эпилепсия;
      өнімді симптоматикасыз дефектісі айқын білінетін шизофрения;
      бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың.
      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      өнімді симптоматикасы бар шизофренияның;
      жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;
      кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
      балалар мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
      белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балалардың.
      ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      психикалық аурулардың;
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
      жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
      мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;
      қайтымсыз гидроцефалияның;
      жіті психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнің;
      мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектілік-мнестикалық бұзылушылықтарының;
      белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      3) мыналардың:
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін адамдар) болуы;
      барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
      жіті психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
      психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;
      жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары;
      жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және т.б.);
      айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
      айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері жоқ қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы адамдардың.
      Он сегіз жастан асқан адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткіштер:
      белсенді процесс стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың;
      жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулардың;
      созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
      айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
      түрлі генездегі айқын білінетін депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлердің;
      айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы болып табылады.
      4) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 131-бабы бойынша өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын туыстары бар мүгедектер мен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.
      Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:
      ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;
      психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
      карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
      7. Стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      8. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
      5) тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет