курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қайшы тұжырымдар болған кезде;
студенттердің өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда дәрісті оқытудың басқа
формаларымен ауыстыра алмайсың. Дәрістің эмоционалдық бояуы терең ғылыми
мазмұны ойдың, сөздің және тыңдармандар қабылдауының үндестігін арттыра түседі.
Дәріс артықшылықтары: дәріс оқушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынасы; дәріс – білім негіздерін алудың ең үнемді жолы; егер дәріс жақсы түсінікті және мұқият тыңдалған болса ой қызметін белсендіреді. Дәріске қойылатын талаптар: дәріс пен оқытудың байланыста болуы, дәрістің ғылымилығы мен ақпараттылығы (қазіргі ғылыми деңгейге сәйкестігі), ұтымды, сенімді мысалдардың, дәйектердің, негіздемелердің, ғылыми дәлдемелер санының барынша көп болуы, баяндаудың эмоционалды формасы, тыңдармандардың ойын белсендіру, ой қызметін жетілдіретін сұрақтар қою, баяндалатын мәселелерді шешудің нақты құрылымы мен логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен ережелерді, шешімдерді іріктеу, түсінікті тілмен баяндау, жаңа енгізілген терминдер мен атауларды түсіндіру, мүмкіндігінше аудиовизуалды дидактикалық материалдарды қолдану. Кіріспе дәріс Аталмыш дәріс студенттерге курстың мақсаты мен міндетін, оқу пәндері жүйесіндегі
орны мен рөлін түсіндіреді.
Шолу-қайталау дәрісі.Аталмыш бөлімнің немесе курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық мәселелер қарастырылады.
Шолу дәрісі Барынша жоғары деңгейде білімдерді жүйелеу болып
табылады.
Дәріс сапасын бағалау
Дәрістің мазмұны
Дәрістің ғылымилығы, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанушылық жағы, әдістемелік мәселелердің болуы, олардың дұрыс баяндалуы.
Дәріс оқу әдістемесі
Дәрістің нақты құрылымы және мазмұндау логикасы.
Жоспардың болуы, оған сүйеніп отыру. Дәріске қатысты әдебиеттерді беру. Жаңа
терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Дәлелдік пен дәйектілік
Студенттер жұмысы
Студенттердің жұмысына жетекшілік студенттерден конспектілеуді талап ету және
оның орындалуын бақылау. Оларды жазу әдісіне үйрету.
Дәрістің нәтижелілігі
Дәрістің ақпараттық құндылығы, тәрбиелік аспектісі, ең
бастысы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу