Характеристики и признаки управленческой деятельности



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#98494
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
7 семинар ЛЕКЦИЯ

Білім беру жүйесінің дамуы, оны ізгілендіру (гуманизация), жеке адамға бағыттау үрдісі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелік дәріс, екеу аралық дәріс, визуалды дәріс, пресс-конференция дәрісі сияқты жаңа дәріс формаларының пайда болуына түрткі болды.


Мәселелік дәріс.
Мазмұндық және процессуалдық сипаттамасы:
Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте
жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті
– мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу
болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі.
Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім
алады.
Визуалды дәріс.
Көрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру
нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей,
көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай-
ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді.
Екеу ара дәріс.
Бұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды
мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және
практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей
артықшылықтары бар:
 студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;
 мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;
 екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға,
қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;
 педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.
Пресс-конференция дәрісі.
Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін
студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды.
Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын
құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың
мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше
біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып
жатады. Мұндай дәрісті тақырыптың басында, ортасында, соңында тиімді пайдалануға болады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет