Хасенова Гульнар Жуматовна ШҚо көкпекті ауданы Көкпекті орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата04.07.2018
өлшемі107,16 Kb.

Хасенова Гульнар Жуматовна

ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пән аты, сынып, күні

Қазақ тілі, 7-сынып, 18 наурыз 2016 жыл



Мұғалімнің аты-жөні

Хасенова Гульнар Жуматовна

Тақырыбы

Жаттығу жұмыстарын орындау. Етістіктің райларын қайталау.

Жалпы мақсаты

Оқушылардың рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орындалатын тапсырмалар арқылы адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар, оқулық, тапсырмалар жазылған қимақағаздар, презентация.

Әдіс-тәсілдер

тірек білімді белсендіру, талдау, салыстыру, білімді тексеру.

Күтілетін нәтиже

* Ереже, қағидаларды еске түсіреді;

* Топтық жұмыс негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

* Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;

* Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;

* Өлеңге, поэзияға деген қызығушылығы артады.


Түйінді идея

Етістіктің райлары: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Жасалу жолдары, жіктелуі.

Модульдер

«Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»«АКТ»,«Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Диалогтік оқыту», «Топтық жұмыс».

Сабақтың түрі

Білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Кіріспе

Сәлемдесу

«Поэзия минуты»

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқып, сабақта белсенді болып, білім алуға шақырамын.


Сәлемдеседі

Оқушылар өзіне ұнайтын өлең жолдарын мәнеріне келтіріп оқиды.






Өткен материалды пысықтау

«Миға шабуыл» - «ашық» және «жабық» сұрақтар қоя отырып, оқушыларды диалогқа тартамын:

- Етістік деген не?

- Етістіктің қалай түрленеді?

- Етістіктің райы деген не?

- Етістіітің райларын ата

- Әр райдың жасалу жолын айтыңдар




Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, диалогқа түседі.

Формативті бағалау: Жарайсың! Бәрекелді!

Дұрыс айтасың!



Жаттығу жұмыстарын орындау.

Оқушыларды жетон арқылы топқа бөліп, топтарды рай атауымен атаймын.

1. «Біліміңді байқап көр»

(7 мин)

2. Шығармашылық жұмыс орындату. Ашық рай тобы мақалдардан етістіктерді тауып, қалау рай тұлғасына қояды; шартты рай тобы мақалдардағы шартты райда тұрған етістіктерді ашық райға айналдырады; бұйрық рай тобы сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, шартты райға айналдырады; қалау рай тобы өлеңнен қалау райлы етістіктерді тауып, бұйрық райға айналдырады



3. Сәйкестендіру. Берілген мысалдарды мәнімен сәйкестендіру.

4. Синквейн жазу.

Наурыз


Жетондар арқылы топқа бөлінеді.

1. Әр топ өзінің атына сәйкес постер дайындап, қорғайды.

2.Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

3. Етістіктерді сәйкестендіреді.

4. «Бес жол өлең» жазады


Өзін-өзі бағалау

Рефлексия

«Кезбе тілші» әдісі арқылы әр топтан бір адам шығып оқушылардан сұрау арқылы сабаққа қорытынды, ұсыныс тілек, пікірлерін тыңдайды.

Ойларын жүйелейді, қорытындылайды.

Сабақты қорытындылау дағдысы дамиды



Өзін-өзі бағалау

Бағалау







Жиынтық баға

Үйге тапсырма

Бақылау диктантына дайындалу. Өткен материалды пысықтау.







«Ашық рай» тобына:
Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.

Туған жердің қадірін

Алыста жүрсең білерсің.

Өнерлі өрге озар.

Берілген мәтіннен етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдырыңдар.

«Шартты рай» тобына:
Ер жігіт айтпайды

Айтса, қайтпайды.


Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдырыңдар.

«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!»
«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт-түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдырыңдар.

«Қалау рай» тобына:
Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шартты райға айналдырыңдар.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

______________________________________________________

Оқушының аты – жөні, тегі




Бағалау өлшемдері

Әр критерийге 1 балл

1

Мен өткен тақырыпты жақсы меңгердім




2

Мен өткен тақырып бойынша ой қостым




3

Мен бүгінгі сабаққа белсенді қатыстым




4

Шығармашылық жұмысты өзім орындадым




5

Мен басқаларға көмектестім




6

Мен басқа топ мүшелерінің жіберген қатесін түзеттім







Жалпы ұпайым:




Өзіме қоятын бағам:




Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу