Хаттама №1 Т. Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде 6«А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс



бет1/3
Дата22.05.2022
өлшемі18,76 Kb.
#144655
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Ата-аналар жиналысының хаттамасы


Хаттама №1
Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде 6«А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс
07.09.2021 жыл
Қатысқандар саны: 15
Қатыспағаны:14
Күн тәртібінде:

  1. Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

  2. Ата-аналар жұмыс жоспарын бекіту.Мектеп ережелерімен танысу.

  3. Оқушыларға психологиялық көмек

  4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы.(баяндама)

  5. Әртүрлі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мүсілім Айнұр Ералықызы жаңадан қосылған ата-аналарға өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Оқу жылының басында кезек күттірмейтін мәселелер:



  • оқушыларды мектепке киетін киіммен қамтамасыз ету, және киімнің мектеп талабына сәйкес болуын қадағалау;

  • оқушыларды кітаппен және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

  • мектеппен ата-аналар арасындағы келісім шартпен танысып, ондағы жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау;

  • оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып, кешікпей, уақытылы келуін қамтамасыз ету;

  • оқу жылының басынан ата-аналар мен сынып жетекшісінің және мұғалімдердің тығыз байланыста болуы.

Ата –аналар толық келісіп, келісім шартқа өз қолдарын қойды. Қатыспаған ата-аналарға ақпарат беруге келісті. Сынып жетекшісі өз тарапынан ол ата-аналарды қосымша шақыртатынын айтты.


Екінші мәселе бойынша барлық ата-аналардың ортақ шешімімен:

  • ата-аналар комитетінің төрайымы болып Асылхан Гүлзира апай сайланды

  • төрайымның оқушылармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Батырбекова Мая апай тағайындалды.

  • төрайымның ата-аналармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Таутенбаева Жауқазын апай тағайындалды.

  • Жиналыс соңында ата-аналар өз тілек-талаптарын айтты. Атап айтқанда, үлгермейтін сабақтарға қосымша уақыт қосу, қыз және ұл – балалардың қарым-қатынасына аса назар аудару және т.б. өзекті мәселелер талқыланып ортақ шешімдер қабылданды.


Қаулы:

  1. Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.

  2. Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет