Сынып жетекші: Мүсілім А.Е.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: М.Ерназарова
Хатшы: Макульбекова З.
Хаттама №3
«Балықтыкөл негізгі мектебі» 7-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс
04.04.2021 жыл
Қатысқандар саны: 5
Қатыспағаны: 5
Күн тәртібінде:
ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі
Сауалнама «Біз қандай ата-анамыз?»
«Сарып» және «Күйдіргі» ауруларының алдын алу
Әртүрлі хабарлама
Бірінші мәселе бойынша ата-аналарды сынып жетекшісі сыныптың оқу үлгерімін таныстырды. Бұл тоқсанда алдыңғы тоқсанға қарағанда әлгерілеу бар. Екіншіі тоқсанда сыныптың оқу үлгерімі 40% көрсетсе, бұл тоқсан бойынша 60% көрсетіп отырмыз. Сыныпта Амангелді Д. үздік, 2 оқушы екпінді болды. Атап айтсақ: Темірғазы А., Түсіпжан М. Бір сабақтан 3-ке шыққан оқушы жоқ. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмен.Нұрлан Ә.осы тоқсанды тағы 2 сабақтан «3» баға қосылды.
Екінші мәселе бойынша мектеп психологі Султанбекова Г.А. ата-аналармен «Біз қандай ата-анамыз?» тақарыбында сауалнама алды. Сауалнаманы алудағы мақсаты, ата -ананың бойындағы балаға деген көзқарасын саралау,кез келген жағдаяттан шығу. Баланың өміріне оқу үдерісіндегі кездесетін жағдаяттарды бірлесе талқылай отырып шешу. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Үшінші мәселе бойынша «Сарып» және «Күйдіргі» ауруларының алдын алу туралы презентация көрсетіліп, ата-аналарға қазіргі таңда бұл аурулардың көптеп таралып жатқандығы, мал мен адам арасындағы инфекцияның таралуы туралы, белгілері, емдеу жолдары туралы айтылып өтті.
Әртүрлі мәселе бойынша ата-аналарға қазіргі ауа-райы туралы, мектепке келу тазалықтары туралы, балалардың 15.00-17.00-ге дейінгі аралықты сабақтарын қадағалаулары туралы айтылды. Үлгерімі төмен Нұрлан Әли, Түсіпжан Мұхаммед, Темірғазы Ерасылдардың соткалары алынып, 15.00-17.00-ге дейін сабақтарын мектепке келіп қарайтындығы туралы ескертіліп айтылды.
Қаулы:
Оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.
Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.
Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.
Сынып жетекші: Акатаева А.М.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Жұмабаева Г.О.
Хатшы: Шайжанова М.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |