БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№ 11 САБАҚ. ІСБ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
Тақырып: Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмдері. Гипоталамус гипофиз жүйесі. Балалардағы даму және қызмет ету ерекшеліктері.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
№1 тапсырма. «Гормондардың жалпы қасиеттері» атты кестені толтырыңыз
№
|
Гормондардың жалпы қасиеттері
|
1
|
Биологиялық белсенділігі өте жоғары
|
2
|
Қашықтан әсер ету
|
3
|
Әсері тез және қысқа.
|
4
|
Олар тез бұзылады және ағзада жинақталмайды
|
5
|
Олар қызметіне ғана емес, құрылымдарға да әсер етеді (акромегалия)
|
6
|
Арнайы түрлік ерекшелігі болады (табиғаты белоктық гормондар)
|
7
|
Ферментативті белсенділігі жоқ
|
8
|
Жасушадан тыс әрекет етпейді
|
9
|
Нысана жасушаларына ғана әсер етеді
|
10
|
Ағзаға рефлекторлық әсер ете алады
|
11
|
Жүйке орталықтарының қозғыштығын өзгерте отырып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді
|
12
|
Шартты рефлекстік маңызы болады
|
№2 тапсырма.
А. «Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз
Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі
|
Бездер
|
Гормондар
|
Стероидті
|
Бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары
|
Кортиностероидтар
Андрогендер
Эстрогендер
|
Ақуыз-пептидті
|
Гипофиз
Қалқанша маңы безі
Ұйқы безі
|
Инсулин
Глюкагон
соматотропин
|
Аминқышқылдар туындылары
|
Қалқанша безі
Бүйрек үсті безінің милық затының гормондары
|
Тироксин
Катехоламиндер
Адреналин
Норадреналин
|
Б. «Гормондардың қызметтері бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз
Гормондардың атқаратын қызметтері бойынша жіктелуі
|
Анықтамасы
|
Гормондар түзілу орны
|
Эффекторлық
|
Бұл нысана жасушаларға тікелей әсер ететін гормондар.
|
Қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрекүсті безі, ұйқы безі, жыныс безі.
|
Троптық
|
Эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуі (аденогипофиз гормондары)
|
Аденогипофиз гормондары.
|
Рилизинг-факторлар
|
Статиндер, либериндер) гипоталамустың жүйке жасушалары бөліп шығарады,аденогипофиздің троптық гормондарының түзілуі мен шығарылуын реттейді
|
Гипоталамуста.
|
№3 тапсырма. ІСБ-нің атауларын жазып шығыңыз:
10.Аталық без
3.Эпифиз
6. Айырша без
7.Бүйрекүсті безі
8.Ұйқы безі
1.Гипоталамустың нейросекреторлық ядролары
4,5. Қалқанша және қалқанша маңы безі
2.Гипофиз
9.Аналық без
№4 тапсырма. «Гормондардың әсер ету жолдары» атты кестені толтырыңыз.
Әсер ету жолдары
|
Әсер ету механизмі
|
Тікелей
|
Гормон ағзада арнайы рецепторлары бар мүшелер мен тіндерге әсер етеді. Рецепторлар – белгілі бір гормонмен байланысатын изоморфты құрылымды ақуыз.
|
Рефлекторлық
|
гормондардың қантамырлардың химорецепторларын тітіркендіру арқылы әсері (барлық ірі қантамырлар мен мүшелердің бифуркацияларында орналасқан тамырлы рефлексогендік аймақтар).
|
Орталық
|
гормондардың бір мүшенің қызметіне оның орталық жүйке жүйесіндегі орталығы арқылы әсер етуі
|
Шартты-рефлекстік
|
шартты рефлекстердің қалыптасуы кезінде гормондардың әсер етуі. Ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтары арасында шартты - рефлекторлық байланыс пайда болады.
|
№5 тапсырма. «Гипофиз және гипоталамус гормондары» атты кестені толтырыңыз.
Бездер
|
Гормондар
|
Физиологиялық әсерлері
|
Аденогипофиз
|
1)Соматотропин СТГ
2)Тиреотропин ТТГ
3)Адренокортикотропин АКТГ
4)Пролактин
|
1)Өсу гормоны
2)қалқанша тінін ұлғайтып,оның сөліністік қабілетін күшейтеді.
3)Бүйрекүсті бездің өнімі.Қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп,кортикострероид гормондардың сыртқа шығуын үдетеді.
4)Емшектен сүт көп шығады,сүт сапасы,майлылығы,дәмі артады.
|
Нейрогипофиз
|
1)Вазопрессин
2)Окситоцин
|
Бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін азайтады,сондықтан да оны антиурездік гормон дейді.Сондай-ақ қан тамырларын тарылтып,қысымын күшейтеді.
Жатыр еттерін жиырылтады,жатырдың жиырылуы,әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі.Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді,сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |