Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет62/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

167


Бұл жайтқа анамыз қатты таңданды. Таңданыспен 

пайғамбарымыздың  не  дейтінін  тағатсыздана  күтті. 

сол кезде жары: 

–  сахабаларым қатты шаршады, демалу үшін ең 

болмаса бірнеше күн рұқсат болса, – деп өтінді. Бірақ, 

есік алдындағы періште:

–  Еш  күтпе,  дұшпанға  дереу  шабуыл  жаса. 

аллаға  ант  етемін,  мен  оларды  жерлерімен  қосып 

қиратамын! – деп көнбеді. 

Осыны айтты да, кері бұрылып, қасындағылармен 

бірге кетіп қалды. 

Осының  бәрін  есіктен  байқап  тұрған  айша 

анамыз үйге кірген жарынан:

–  Келген кісі кім? – деп сұрады. 

–  сен оны көрдің бе? 

Иә. 


–  Оны кімге ұқсаттың?

–  Дыйхия ибн Хәлифа әл-Кәлбиге. 

–  Келген кісі Жәбірейіл періште болатын, уақыт 

ұттырмай тез Бәни Құрайзаға шабуылдау керектігін 

ескертті, – деп түсіндірді пайғамбарымыз

293


Бірақ бұған анамыз аса таңғалмады, себебі, өзі куә 

болған  тылсым  жайттар  тек  мұнымен  шектелмейді. 

Өзіне тосын көрінген бір оқиғаны былай әңгімелегені 

бар. сол күні тұтқындар арасынан Бәни Құрайзалық 

нүбатә  деген  әйел  еріксіз  өзіне  назар  аудартады. 

Өйткені,  өзі  тұтқында  жүргеніне  қарамастан  тым 

көңілді еді. Бірақ бұл әйел өзін іздеп шақырған дауы-

сты естігенде:

293


 ахмад ибн Ханбал, мүснәд 3\350 (14815), 6\141 (25140); Хаким, 

мүстадрак 3\37 (4332)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

168

–  «мені шақырып жатыр», – деп селт ете қалды. 



сірә, бір қылмысы үшін ізделгені белгілі еді. Әлгі әйел 

«нүбатә! нүбатә!» деп атын атап тағы да шақырғанда:

–  мені  күйеуім  өлтірді,  –  дегенді  айтты. 

Таңданысы арта түскен айша анамыз одан:

–  сені  күйеуің  қалай  өлтірді?  –  деп  сұрады. 

сонда нүбатә:

–  Зәбир ибн Батаның қамалында болған кезімізде 

күйеуім  маған  мұхаммедтің  сахабаларының  үстіне 

диірмен  тасын  тастауды  бұйырды,  мен  солай  жаса-

дым,  ол  тас  барып  біреуінің  басына  түсіп,  өлтірді. 

Енді мен сол адамға қысас ретінде өлтірілемін, – деп 

түсіндірді.

мәселе енді түсінікті болған еді, қоршау барысын-

да қамалдан бір тас құлап Халлад ибн суәйдті шейіт 

еткен еді. нәтижеде Бәни Құрайза арасында сол күні 

жазаға тартылған жалғыз әйел сол болды. 

айша анамыз өлімге қуана барған сол әйелді еш 

ұмытпады, сол күндер есіне түскенде нүбатә туралы 

қасындағыларға айтып отыратын

294


меккенің жеңісі сүйіншіленген күні алла елшісі 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): 

–  айша, Хузааларда маңызды бір оқиға болды, – 

деді. 

Дереу  түсінгені,  сірә,  құрайыштар  Хұдайбия 



келсімін  бұзған  болар  деп  топшылады.  Бірақ 

меккеліктерде  мұны  жасайтындай  күш  қалмағанын 

білетін. сондықтан:

294


  Уақиди, мағази 1\517; Ибн Кәсир, әл-Бидая 4\144


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

169


–  сонда  сізбен  жасаған  келісімшартты  бұзуға 

құрайыштардың  батылы  жетеді  деп  ойлайсыз  ба?  – 

деді. 

Өкінішке қарай, болжамы рас шықты. меккеліктер 



тағы бір ессіздік жасапты. мұсылмандармен одақтас 

Хуза  тайпасына  шабуыл  жасап,  бір  түнде  бала-

шаға  деместен  жиырма  үш  адамды  өлтіріпті.  Бұл 

ашық  түрде  Хұдайбия  келісімін  бұзуды  білдіретін. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 

деді:


–  алланың  жазуымен  құрайыштықтар  келісім-

шартты бұзды!

Бір  істі  алла  қаласа,  соңы  қайырлы  болатынын 

білетін, бірақ сонда да:

–  Әйтеуір соңы жақсы бола ма? – деп сұрады. 

–  Иә, жақсы болады!

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  пайғамбарымыз 

айшаға қарап:

–  Жолға дайындық жаса, бірақ ешкімге тіс жарма, 

– деді. Бұл сапар тым өзгеше еді. Балалық шағы өткен 

өз еліне бармақ. 

Жолға дайындала бастады. Дәл осы кезде үйге бас 

сұққан әкесі Әбу Бәкір бір жаңалық барын дереу сезді. 

Қызынан  сыр  тартып,  бұл  дайындықтың  себебін 

сұрады. Бірақ қызы тіс жармады. 

анамыз  тек  соғысқа  қатысумен  ғана  шек-

телмей,  керек  кезінде  сарбаздарға  материалдық 

көмек  жинауға  да  атсалысатын.  мысалы,  Тәбүк 

жорығының  алдында  әскерге  көмек  ретінде  сахаба-

лар бар тапқанын ортаға салған. Тіпті әйел сахабалар 

да сырға, білезік сияқты алтындарын аянып қалмады. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

170

міне,  осы  кездерде  айша  анамыз  әйел  сахабалар-



ды  жомарттыққа  шақырды.  Үйіндегі  бір  төсенішті 

жайып,  барша  әйелдер  қолдағы  бағалы  заттарын 

соған әкеліп үйді

295


анамыз  өзі  қатыса  алмаған  жорықтарға  адам 

жіберетін. Ол мына оқиғадан анық көрінеді. Бір құлы 

бар еді. Басына азаттық алу үшін төлемін бөліп төлеп 

жүр еді. Жаңа жорыққа дайындық кезінде, бір төлемін 

алып келген екен. анамыз оған ойланбастан:

–  Енді маған қарыз төлеймін деп келме! Одан да 

дін жолындағы мына соғысқа барып қатыс! Өйткені, 

бірде 

«Хақ  тағала  дін  жолында  жиһад  деп  соққан 

жүректі  күйдіруді  тозаққа  харам  еткен»

  деген 


хадисті естідім, – деді

296


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет