Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет58/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Жомарттығы

Дәл бір басқалар үшін өмір сүретіндей еді. Кедей-

кембағалдарды  көргенде,  өзін  ұмытып,  қолындағы 

барын  соларға  беретін.  Өйткені, 



«Жарты  құрмамен 

болса  да  өздеріңді  тозақ  отынан  құтқарыңдар»

266


 

деген хадисті ең жақсы білетіндердің бірі еді. Әрі өзі 

хазірет Әбу Бәкір секілді жомарттығымен танылған 

кісінің  қызы  емес  пе?!  сондықтан  көз  ашқалы 

жомарттықты көріп өсті. Жиені абдулла ибн Зубәйр 

(р.а.) анасы Әсма анамыз және нағашы әпкесі хазірет 

айшаның (р.а.) осы қасиеті туралы айтқанда олардың 

жомарттықта жарысатынын айтқан

267



Өзінде  беретін  ештеңе  болмаса  қарыз  алып 



беретін. Бұл әрекетін жақамай:

–  Қарыз алып беру қайдан шықты? – дегендерге, 



«Қарызын өтеймін деген ниеті мен әрекеті бар құлға 

Алла  міндетті  түрде  көмектеседі»

268


  деген  хадисті 

алға тартатын. 

Тағы бір жиені хазірет Уруә (р.а.) оның осы қасиеті 

жайында мынадай дерек береді:

–  мен оның жамау киім киіп жүріп жетпіс мың 

садақа бергенін көрдім!

269

Бірде жүз сексен мың немесе екі жүз мың дирхамға 



үйін хазірет мұғауияға сатып, сол жерде-ақ ақшаның 

барлығын мұқтаждарға таратып жіберді

270



266



  Бұхари, Зекет 8, 9 (1347, 1351); мүслим, Зекет 68 (1016) 

267


  Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\106 (280); Зәһәби, сиәр 2\292

268


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\99 (24723); 6\131 (25037), 6\234 (26019), 

Хаким,  мүстадрак  2\26  (2202);  Хәйсәми, мәжмауз  зәуәид  4\132; 

Байһақи, сүнән 5\354 (10739, 10740), Таялиси, мүснәд 1\214 (1524) 

269


  Ибн сағд, Табақат 8\67; Зәһәби, сиәр 2\187, Ханнад, Зүһд 1\337 (617) 

270


 Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 8\165; Әбу нуайм, Хилиятул әулия 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

157


Бір  күні  әлдебір  пақыр  жейтін  нәрсе  сұрады. 

Бұл  кезде  анамыздың  алдында  жүзім  бар  болатын, 

қасындағыға  жүзімді  келген  кісіге  беруді  сұрады. 

алайда,  жанындағы  кісі  беруге  тартынып,  өзіміз 

жемейміз бе дегендей ым жасады. сондай оған жаса-

латын жақсылықтың сауабын есіне түсіріп:

–  неге тартынасынң? Бұл жүзімнің әр түйірінде 

қанша жақсылық бар екенін білесің бе?

271

 – деді.


Тағы бір күні оған екі қызы бар жарлы бір әйел 

келіп жейтін нәрсе сұрады. Ештеңе жоқ болғандықтан, 

іздеп  жүріп  бір  құрма  тауып  әкеліп  берді.  Әйел 

құрманы екіге бөліп екі қызына берді. Бұдан бұрын 

да осындай оқиға болып, үш құрма алған әйел өзінің 

үлесін де екі қызына бөліп бергеніне куә болғаны бар. 

Демек, аналық мейірім деген осы болса керек. Бұдан 

қатты  әсерленді.  Әйел  кетсе  де  айша  анамыз  осы 

әсерден арыла алмады. сүйікті жары келген кезде осы 

оқиғаны  әңгімелеп  айтты.  сонда  мынандай  жауап 

естіді:

–  Бұндай қыздар өздеріне жақсы қараған ата-ана-

ларын тозақтан қалқалайтын перде болады!

272


Бір күні жанына тағы бір пақыр келді. Үйден бар 

тапқаны  азғантай  нан  болды.  ауыз  бекіткендіктен, 

кешкісін  сол  нанмен  ораза  ашпақ  еді.  Бірақ,  еш 

кідірместен  нанды  әйелге  ұстата  салды.  мұны 

байқаған қызметшісі:

2\47, 48. Бұл үй сәуда анамыздың өзіне сыйлаған үйі.

271

 мәлік,  муатта  2\997  (1811);  Ибн  Әби  шәйба,  мұсаннаф  2\352 



(9820), Бұл сөздермен анамыз «Кім кішкентай жақсылық жасаса, 

қайтарымын көреді» (Зілзала 99\7) деген мағынадағы аятты еcке 

түсірді.

272


  Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\59 (132); Ибн Хиббан, сахих 7\201 (2939)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

158

–  Өзіңізге ауыз ашарға ештеңе қалмады ғой, – де-



генде, бәрібір селт етпеді. 

Кешкісін  әлдекімнен  тағы  да  сыйлық  келді.  Бұл 

жолы  олардың  арасында  қойдың  еті  мен  нан  да  бар 

екен. сауап үшін берген адамға алла тағала да еселеп 

бермей ме?! ауыз ашатын уақыт келгенде қызметшіні 

жанына шақырған анамыз оған әзілдеп:

–  ал, мынадан же. не де болса бұл сенің кепкен 

наныңнан жақсырақ

273

, – деді.



Тағы  бір  осындай  оқиға  жиенімен  екеуінің  ара-

сында орын алды. Өзіне жүз мың дирхам бағасында 

зат әкелген Ибн Зубәйр анамыздың табақпен оларды 

бөлістіріп  жүргенін  көрді.  Өзі  сол  күні  де  ауыз 

бекіткен  екен.  Қолындағының  бәрін  таратып,  өзіне 

бір дирхам да қалдырмады. 

Кеш  түскен  соң  қасындағы  қызметшісі  Үммү 

Зәрраға:


–  Әй, күң. Қане, не бар әкел, ауыз ашайық, – деді. 

Осы кезде Үммү Зәрра азғантай зәйтүн майы мен 

нан әкелді. сосын анамызға қарап:

–  Әй, мүминдердің анасы! сол таратқандарыңнан 

кішкене  алып  қалғаныңда,  бір  дирхамға  өзімізге  ет 

алғанда болатын еді ғой, – деді.

Қызметшінің  сөздерінде  анамызға  ауызашар  да-

старханын  жасай  алмағандығына  өкіну,  қолында 

сонша мүмкіндігі бола тұра өз жайын ойға алмағанына 

таңданыс бар еді. айша анамыз мұны байқап:

273

 Қараңыз:  мәлік,  муатта  2\997  (1810),  Байһақи,  шуабул  Иман 



3\260 (3482)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

159


–  мені  енді  айыптай  берме,  сол  кезде  айтсаң 

бәлкім жасар едім

274

, – деді.



Хазірет  айша  (р.а.)  таратқан  нәрселерінің  өзіне 

сауап  әкелетінін  білетін,  сондықтан  ақырет  есебін 

артық  көретін.  мұны  сүйікті  жарынан  үйренді. 

Бір  күні  құрбан  шалып,  анамыз  бұл  құрбан  етінің 

барлығын  елге  таратып,  өзінде  тек  жауырын  сүйек 

қана  қалды.  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм) келген соң:

–  Құрбандыққа шалынған малдың етін тараттың 

ба? – деп сұрады.

–  Бәрін  тараттым,  өзімізге  тек  жауырын  ғана 

бұйырды, – деді анамыз. сонда алланың разылығын 

көздеп таратылған еттің кісіге сауап болып жазыла-

тынын ұқтырғысы келген пайғамбарымыз:

–  айша, қайта сол жауырыннан басқа еттері бізге 

сауап болып бұйырады, – деп ойлантты

275






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет