Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет43/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Ақынның поэмалары

«Аққудың айырылуы» поэмасында да 
бейнелі, романтикалық суреттеу әдісі де, реалистік әңгімелеу әдістері 
де орынды жарасым тапқан. Сөйтіп, бұл поэмада аңызға айналған 
достық пен махаббаттың ғажайып сыры, айдын көлдің сұлулығы, 
сол көлді жайлаған жұбай аққудың сылаңдап жүзген жарастықты 
көркі, сол сүйікті жұбай аққудың елді, даланы, ақынды тебіренткен 
аянышты ажалы — бәрі де шынайы ақындық шеберлікпен 
суреттеледі. Әрі сыртқы сұлулық, әрі ішкі нәзік жан сыры осы бір 
шағын поэманың бойында жинақталыл берілген. 
Жаңашылдықты ізденіс Сәкеннің лирикалары мен лиро-эпикалық 
дастандарына ғана тән сипат емес, осынау белгілер оның сюжетті 
поэмаларында да, прозалық шығармаларында да айқын 
байқалады. Ақын «Көкшетау», «Қызыл ат» сияқты күрделі 
шығармаларында тарихи дәуір бейнесін, адам тағдырын көркем 
суреттеуде реалистік, романтикалық амал-тәсілдерін қолданады. 
"Көкшетау" — күрделі композициялы, бірнеше сюжеті бар
образдар галереясына бай поэма. Оның "Замана ағымы" тарауында 
буындар жалғастығы, болашақ келбеті туралы пәлсафалық-
лирикалық ойлар тйінделеді. Өмірді көш керуенге, экспреске теңеу 
— 
Сәкен поэтикасындағы етене қасиеттер. 


56 
Сәкеннің аллегориямен жазған елеулі поэмасы — "Қызыл ат" (1934). 
Ақын мен аттың кеңесі түріндегі мысалдау әдісі арқылы Сәкен 1930 
жылдардың бас кезінде мал шаруашылығында жіберілген қате-
кемшіліктерді сынайды, оның орын алуы себептерін ашады. 
С. Сейфуллин поэзияның осынау кең тынысты эпикалық 
жанрыныда жаңашылдықпен еңбек етіп, қазақ поэзиясының дамуына 
үлкен үлес қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет