Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы


Драматургия саласындағы ізденістер



Pdf көрінісі
бет44/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Драматургия саласындағы ізденістер.
"Бақыт жолында" (1917) 
атты үш перделі драма қазақ жастарының әйел теңсіздігіне, 
патшалық кұрылыстың сорақы тәртібіне қарсы күресін суреттейді. 
Автордың пікірінше, драма нысапсыз болыстардың, пысықсыған 
тілмаштардың, байлардың, молдалардың әрекетін көрсетуге 
арналған. Импералистік соғыстың қара жұмысынан кіші баласы 
Талжанды аман алып қалу үшін дүниеқоңыз, күйгелек Терлікбай 
шал жас қызы Мүслиманы Нөгербай болысқа тоқалдыққа бермек 
болады. Бірақ орысша оқыған, білімді, өжет үлкен ұлы Ермек әкесінің 
бұл ниетіне қарсы шығып, қарындасын Біржанға қосып, екі 
жасты бақыт жолына шығарып салады. Уақиға 1916 жылдың 
ақырында басталып, 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан құлау 
хабарының жетуімен аяқталады. Драмадағы сол өмірдің 
қайшылықтары тудырған әлеуметтік тартыс оқушысын сендіреді. 
Терлікбай мен Ермек арасындағы тартыс тек ескішіл әке мен 
жаңашыл баланың арасын ғана емес, жаңа тірліктің игілігіне 
ұмтылған жастардың азаттық жолындағы тартысы дәрежесіне 
көтерілген.
 
С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» атты төрт перделі 
драмасына Еркебұлан, Байділда, Ахметқали, Жағыпар, Нестеров, 
Лозовой, Тәңірберді және басқа бір топ революционерлердің Колчак 
басқыншылығына қарсы күресі арқау болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет