46
мінезіндегі өжеттік бұған да сіңгендей. Анасының аялауынан өзіне
ерекше нәр алатын Күнікей, ерте бастан ақыл тоқтатып, әрі құдай
берген көркі, әрі алымды ақыл-парасатының арқасында өзін ешкімнен
төмен санамай өседі. Бай қызы, құрбысы Шәмшінің ұзату тойындағы
өзін-өзі ұстауы осының куәсі.
Күнікейдің өз сүйгеніне қосылу жолы оңай емес. Оған дейін
қаншама зорлықты көреді. Жеңіл жүріске салмақ болған жеңге мазағы,
зорлықшыл Қасым әрекеті, шешесінің етікті болуы, сол үшін Тұяққа
қоспақ болуы, міне, осының бәрі – Күнікей тағдырына кесе-көлденең
тұрған қиындықтар. Бірақ Күнікей соның бәрін өз қайсарлығы мен
өжеттілігі, табиғатындағы еркіндікке деген құштарлығы арқасында
жеңіп шығады. Осы жайлардан іштей ширығу нәтижесінде барып
Күнікей характері қалыптасады.
Күнікейдің айттырған күйеуі жаман Тұяққа жар болар түні өз
адалдығын сақтап, Байманға келуі, онымен тағдыр қосуы қыз
табиғатындағы күрескерліктің белгісі.
Повестегі өзге кейіпкерлер, негізінен Күнікейге қатысты көрініп
отырады. Мұндағы өзгелерден оқшау бір кейіпкер – Байман. Байман
образы Күнікеймен өрістес дамиды. Алғашқы танысудан бастап,
барлық оқиға ортақтаса өтеді. Байман – Күнікейге сай тұлға.
Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесі- қазақ тұрмысынан
алынып, ұлттық болмыстың бар қасиетін аша отырып, уақыт
шындығын танытқан шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: