Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет341/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
идеологиялық шақыруларға үн қосуды 
ғана мақсат тұтқан туындылардың 
көбірек болғаны да жалған емес. 
Сондықтан да болар төңкерісті, пар-
тия мен оның көсемдерін, халықтар 
достығын, т.б. жырлаған ұран-үгіт, 
насихат сипатындағы туындылар 
асыра бағаланып жатқан кезде, осы 
томға қайтсем де кіріп, әдебиет та-
рихынан орын алып қалсам деген 
пендешілік талпыныстар да бол-
май қалмады. Оған жол берілме уін 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің, 
әде биеттануға енді араласа бастаған 
жас күштердің ерлігі деп бағаласа да 
болады. 
Біздің ойымызша, бұл томның тың 
ізденістер сипатын танытатын екі 
түрлі жаңашылдығын атап айту керек. 
Біріншісі - әр кезеңге арналған шолу 
тарауларда сол жылдардағы проза, 
поэзия, драматургияның даму жолын 
ғылыми тұрғыда саралануы. Осыған 
сай әр жанр түрін дамытуға үлес 
қосқан, бірақ монографиялық пор-
трет беруге мүмкін болмаған ақын-
жазушылар туралы қысқаша ғана 
танымдық мәндегі түсініктемелердің 
берілуі құптарлық қадам еді. Ал 
екіншісі – әр шолу тарауларда сол 
кезеңге сай «Әдебиеттану және 
сын» атты тараушалардың берілуі. 
Ең бастысы, кеңестік дәуірдегі 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік және 
сыншылдық ой-пікірдің ізденістері 
мен іркілістері тарихи тұрғыда 
талқыға түсті. Рас, маркстік-лениндік 
теория тұрғысынан ұлттық мүдде-
ге сай көрініс тапқан қадамдары 
«бірыңғай теориясының» ықпалына 
ұрыну деп бұрмаланғанымен, қазақ 
әдебиеттануының өткен жолын заман 
талабына қарай болса да таразыға са-
луы алға басқандық деп тану керек. 
Ол бұл көп томдықтар арқылы қазақ 
әдебиеті тарихи курсы жасалғанын 
дәлелдеп қана қойған жоқ, соны 
тудырған ұлттық әдебиеттану ғы-
лымы кемелденуде екенін көрсетіп 
берді.
Көп томдықтың жарыққа шығуы 
ұлттық әдебиеттануға талай жылдан 
бері қордаланып келе жатқан, әлі 
де болса шешуді талап ететін жә не 
оны маркстік-лениндік әдіснама тұр-
ғысынан ғана қарастыруға мәж бүр 
болған көптеген мәселелердің бе тін 
ашып берді. Ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір қолда бар мүмкіндікті пай далана 
отырып, әр түрлі себептермен кеткен 
олқылықтардың орнын толтыруға 
ұмтылды. 1960 жылдардағы сын 
мен әдебиеттанудың өсу деңгейін, 
әр саладағы өзекті мәселелерге қол 
созғанын көрсететін біршама ғылыми 
еңбектер жазылды. Салыстырмалық 
тұрғыдан алғанда, зерттеу нысана-
сына ХХ ғасырдың басынан бер-
гі қазақ әдебиетінің мәселелері кө-
бірек алынғанын байқау қиын емес. 
Оның ішінде жеке дарындар шығар-
машылығын монографиялық тұр-
ғы да зерттеу жұмыстарының ерек-
ше қарқын алғанын атап айту керек.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


361


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет