Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет311/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
оларды ұмытқан да жоқ, айыптағанда 
жоқ болатын. Осындай талап-тілек 
«ұлтшыл-алашшыл» атанған ұлт зи-
ялыларын да ақтау мәселесін шұғыл 
көтерді. Ол бір жағынан 1920-1930 
жылдардағы қазақ әдебиетін тұтас 
бірлікте зерттеу ниетінен туса, екін-
шіден, Сәкендердің ақталуынан 
басталған жаңашыл бағыт туғызған 
мүмкіндікті пайдаланып қалуға де-
ген ұмтылыстан көрініс тапты. 
Олардың азаматтық тұрғыдан ғана 
ақталып, шығармаларын жариялау 
мен зерттеуге тиым салынуында көп 
сыр бар. «Расын айтайын, солардың 
шығармаларын жүзеге асыруға жо-
ғарғы жақтан үзілді-кесілді қарсы-
лық жоқ болған да емес. Ал ғылым 
иесі адамдарға ғалымдарымыз қарсы, 
әлгіндей ақын-жазушыларға ақын-
жазушыларымыз қарсы болды», – 
дейді Ғ. Мүсірепов Т. Кәкішевке бер-
ген сұхбатында [85, 293]. Бұл пікірде 
үлкен шындық жатыр. 1958 жылы 
Жазушылар одағы мен Ғылым ака-
демиясы арнайы комиссия құрып, 
қайта оралған арыстарымыздың 
шығармаларын жариялауға шешім 
де шығарылды. Бірақ, жүзеге аспа-
ды. Оның себебін түсіну үшін Ғ. Мү -
сіреповтің мына пікірін толық кел-
тірелік. «Бір кезде мен Одақта 
отырғанда М. Жұмабаевтың, Ж. Ай-
мауытовтың мәселелерін қойып, тіпті 
комиссия да құрғанбыз. Іріктеп алу-
ға жауапты бір редколлегия құрып, 
түсіндірмелермен, алғы сөздермен 
басқымыз келіп еді. Оған тиісті 
жоғарғы орындар ризашылық та 
берген. (астын сызған біз. – 
С. Ж
.). 
Соны жүзеге асыруға келгенде, баяғы 
өзіміздің тарапымыздан, жазушылар 
тарапынан көлденең тұрушылар көп 
болды, яғни жазушыларымыздың бір 
жағы басамыз десе, енді бір жағы 
құбыжық көріп қарсы шықты (оның 
шындығы ашылар күн алыс емес. 
– 
Ж.С
.). Сонымен бөгеліп қалған 
бір жағдай бар. Екінші жағдай, сон-
дай жаңалықтың хабарын естіп, 
абырой-атақ ала қояйық деп КазГУ-
дің жігіттері даурықтырып жіберді. 
Жоғарғы жақ бір қаулы алса, солардың 
дегенімен алғандай етіп көрсетпек-
ке тырысты. Сол бір қырсық бол -
ды», – дей келе, А. Байтұрсынов 
мұ расы туралы сұраққа: «Бұған ға-
лымда
ры мыз қарсы. Тілшілер қар-
сы. Өйткені, шындап алғанда тілші-
лердің пайдаланып отырған есімдік, 
етістіктері, негізгі терминдердің бар-
лығы Ахметтікі ғой. Ахметтің өзіне 
қайтарып берсең оларда не қалады? 
Сонсын, бұл оның соңғы жазған 
кітабы болатын. Оның қолжазбасын 
өзімнің қолымнан алып кеткен. 
Кітаптың аты – «Қазақ тілінің теория-
сы». Жарық көрмеген», – деп жауап 
береді. Ендеше «ұлтшыл» атанған 
арыс тарымыздың ақталмауын партия 
бас шылығынан, идеологиядан көру 
негізсіз. Әрі-беріден соң 1958 жылы 
ССРО Прокуратурасы Шәкәрімді, 
1960 жылы Түркістан әскери трибу-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет